Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2845 0 пікір 16 Қазан, 2009 сағат 06:07

Инернет-конференция (жалғасы)

Ермұрат аға, қалай "бас оқырман" "лауазымын" иеленгеніңіз туралы айтып беріңізші қысқаша. Жалпы "бас оқырман" дегенді қалай түсіндіресіз?
Сіз басқарған газеттерге жас журналистердің көп үйір болмауының себебі неде
?

Ерқанат.

Мені 2003-ші жылы салық тәртібін бұздың деген жалған айыппен екінші рет соттады. Бір қызығы мен ол кезде «СолДАТ» газетінің бас редакторы едім, серіктестіктің есеп-шаруашылық қызметіне, директорлық міндетке ешқандай қатысым болмаған. Тергеу барысында менің қолым қойылған ешқандай қаржылық, банкілік немесе салық құжатын таппады. Сөйте тұра мені серіктестіктің директоры деп тауып, салық тәртібін бұзды деген нақақ қиянатпен бір жылға шартты түрде бас бостандығымнан айырды, ұмытпасам 9 миллион теңгенің төңірегінде айып салды.

Ермұрат аға, қалай "бас оқырман" "лауазымын" иеленгеніңіз туралы айтып беріңізші қысқаша. Жалпы "бас оқырман" дегенді қалай түсіндіресіз?
Сіз басқарған газеттерге жас журналистердің көп үйір болмауының себебі неде
?

Ерқанат.

Мені 2003-ші жылы салық тәртібін бұздың деген жалған айыппен екінші рет соттады. Бір қызығы мен ол кезде «СолДАТ» газетінің бас редакторы едім, серіктестіктің есеп-шаруашылық қызметіне, директорлық міндетке ешқандай қатысым болмаған. Тергеу барысында менің қолым қойылған ешқандай қаржылық, банкілік немесе салық құжатын таппады. Сөйте тұра мені серіктестіктің директоры деп тауып, салық тәртібін бұзды деген нақақ қиянатпен бір жылға шартты түрде бас бостандығымнан айырды, ұмытпасам 9 миллион теңгенің төңірегінде айып салды.

Екінші бір қызық жәйт мен редакцияның есеп-салық тәртібін «бұзған» директор ретінде сотталдым, солай болса да бес жыл мерзімге баспасөз ісімен айналысуыма тиым салды. Журналистік кәсіптің директорлыққа қандай қатысы бар екенін күні бүгінге дейін түсінбеймін. «Баспасөз ісі» деген не деп, соттың түсінік беруін сұрағанымда, мені соттаған «данышпан» судья баспа ісіне корректорлықтан бастап, бас редакторлық қызмет жатады деп жауап берді.  Содан амалсыздан «бас оқырман» деген атақ алуыма тура келді. Айтпақшы, бұл атауды маған ҚР Жураналистер одағының төрағасы, өзімнің сыйлас ағайым Сейітқазы Матаев тауып беген еді.

Ал «мен басқаратын газеттерге жас журналистердің үйір болмауы» менің кінам емес. Жасқаншақ, бұқпантай,  өзінің көлеңкесінен қорыққан, есіл дерті «Егемен» мен «Хабар» болған, екі ауыз сөздің басын құрай алмайтын, карьера қуған жас журналист менің дүлей газетімнен не іздейді? Әйтпесе, жас журналистерді газетке тарту үшін КазГУ-дің журналистика факультетінде іріктеу (кастинг) өткізген кезім болды. Іліп алуға жараған үшеуін бірінші тапсырма берген күннен кейін көрген жоқпын: «аш құлақтан тыш құлақ» деген болулары керек

Осы Марат Қабанбаймен араларыңызда не болды? Оны Қажыгелдиннің адамдары "лақтырып" кетті деген рас па?

Марат аға қазақ журналистикасының Қабанбайы еді жарықтық. Оның мемлекеттік «Ана тілі» газетінде жүріп жазған «Пахандар республикасы»  мақаласының батыл мақамын  қайталаған журналист жоқ. Қазіргі билік бозөкпе етіп жіберген журналистерді көргенде, Мараттың биігіне шыға алатын журналист жуық арада тумай ма деп қорқамын. Мәкеңнің санасы таза, ойы азат азамат еді.

Марат марқұмды «СолДАТ» газетінің редакторлығына мен шақырған едім. Анығында «Қабанбаймен сөйлесіп көрші» деген көреген кеңесті Әкежан Қажыгелдин айтқан еді. Марат аға менің қолқа салуыма қарсы болмады, бір жылдан астам уақыт «СолДАТ» -тың редакторы болды. Елдегі газет тарату саласы мемлекеттік монополиялық кәсіпорындардың ғана қолында тұрған кезде, біздің газетті таратуға толық тиым салынған қысталаң уақыттың өзінде «СолДАТ»-тың таралымын 50 мың данаға жеткізді.

Кейіннен Марат аға бұл өмірден бұйырған уақыты түгесіліп бара жатқанын сезді ме: «Мен «Кентавр» романын жазуға отыруым керек, мен шығармашылыққа кетейін» деп, маған әлденеше рет өтініш білдірді. Мен ақыры келістім. Әкежан аға Қажыгелдин Мараттың айлығын сақтаңдар деп тапсырды. Бірақ қуғын-сүргінде жүріп, біз ол тапсырманы толық орындай алмадық: көп уақыт өтпей газеттің жұмысы тоқтап қалды. Жазушының қиялындағы қазақтың «Кентавры» тумай кетті - арада алты ай өтер-өтпесте Мәкең де кетіп қалды.

Ал Марат ағаны  «Қажыгелдиннің жігіттері лақтырып кетті» деген сөз іші күйген қазақтың былшылы. Оны айтып жүрген түбіттердің кім екенін ішім сезеді..

Ераға!
Бүгінгі қазақ журналистикасы
на көңіліңіз тола ма?
Бүгінгі таңда журфактардың мүлдем қжеті жоқ деген әңгіме көп. Соған қалай қарайсыз?
Өзің
і
зден кеінгі буыннан кімдерді мықты журналист деп атай аласыз?
Назым, студент

Толмайды! Оған журналист ағайындардың кінасы да, күнасы да жоқ. Себебі елдегі билік журналистиканы мүгедек етті. Бүгінгі журналистер саясат түгілі тарихи тақырыптың өзін тартыншақтап жазатын күйге түсті. Себебі ол тақырыптың кейіпкері бүгінгі дөкейден артық жазылмауы тиіс: қазақта одан артып туған қазақтың өлгені де, тірі пендесі де жоқ. Осы «установкадан» тайып кетсең, журналистиканың бағыт-бағдарын бағып отырған прокурорлар, Сауытбектер мен Роминдер желкеңді қиып жібереді.

Ал «журфактың қажеті жоқ» деген сөзге келіспеймін. Жастарға тым болмағанда жанр дегеннің не екенін үйрететін бір оқу орыны қажет.

Назымжан, сен журфакта оқитын болсаң, тележәшіктен көлбеңдеп шығуды арман етпе деп тілек айтар едім. Қазір журфактағы студенттердің тоқсан пайызы теледидарды тесіп шықсақ дегенде ішкен асын жерге қояды. Сөйте тұра есі дұрыс екі абзац   хабар жаза алмайды. Сөз саптауы бар журналист болам десең екі-үш жыл газеттің тәжірибесінен өтіп алғаның дұрыс болады. Содан соң теледидарға ұялмай барасың. Содан соң «Хабардың» сауатсыз журналисі сияқты «Ертеңгі күнге арналған ауа райын тыңдаңыздар» деп айтпайтын боласың. Сонда ғана «Қазақстан» телеарнасының кеудесіне нан піскен тілшісі секілді «Бір топ парламмент депутаттары» деп айтуға арланасың (Дұрысы -«парламенттің бір топ депутаттары» шығар).

Назым, мен «мықты журналистерді» жіпке тізіп бере алмаймын. Бірақ Еренғайып Қуатайұлының практикалық журналистикадан кетіп қалғанына, Сәкен Сыбанбайдың қоғамдық-әлеуметтік тақырыпты тастап кеткеніне өкінемін.

Ереке! Тасжарған жабылды. Жақын арада оның ізбасары шығады, әне-міне деген сөздердің тарағанына төрт айдай болды. Жағдай не болып жатыр осы? Жаңа басылым қашан шығады? Әлде біздер білмейтін қиыншылықтар бар ма?
Майдан

 

Сол «әлдеңіз» дұрыс, Майдан. Біздің мемлекеттік тіркеуден өткізіп қойған запастағы газеттеріміз жарық көрмей жатып қудалауға түсуде. «Бапи қандай газеттер шығаруы мүмкін?» деген оймен Мәми мырзаның мырқымбайлары біздің газеттерді тумай жатып жазықты етіп қойған сияқты.  Сонымен бірге «әлденің» орынын «кризис» деген атаумен алмастыруға да болады.

 

Сіздің өмірбаяныңыздан "сүңгуір қайық старшинасы болып әскери борышын өтеген" деген сөздерді шалып қалдым. Сүңгуір қайықтан кейін ешқандай оппозицияда жүру қорқынышты емес шығар. Жалпы сол теңіздегі қызметтен қандай әсер алдыңыз? Айлап су астында жүру қорқынышты ма? Сол қызмет адамның психологиясына қалай әсер етеді деп ойлайсыз?

 

Орыстарда «Армия - жақсы мектеп, бірақ оны сырттай оқыған дұрыс» деген сөз бар. Мен осы сөзге келіспеймін. Менің Теңіз флотында өткен үш жылым, үш жылда жиған өмірлік тәжірибем, көрген жерлерім мен жүзген теңіздерімді қайталап өтуге ендігі қалған өмірім жетпейтін шығар.

.

Ереке!
Әкежан Қажыгелдин, Рахат Әлиев, Мұқтар Әбіләзов сияқты "эмигранттарға" көзқарасыңыз қалай?
Әрқайсысы туралы таратып айтып беріңізші.
Номад

Бұл үшеуінің ортасындағысын онша айтқым келмейді. Екі банкир жігіттің өлігін қайда көмгенін айтып берсе, сөз басқа: «қорқау қасқыр» деген сөзімді қайтарып аламын.

Ал Әкежан - голова! Бүгінгі үкіметте оның алғырлығына жететін біреуі жоқ. Әкежанның ой-қисыны мен  логикалық танымының зеректігі сондай - ол  сайтанның өзін сандалтып жібереді. Оған мен Қажыгелдиннің қасында жүргенде көзім жеткен. Қазақстанның болашағын коммунистік-нұротандық доғал догмадан ада азаматтар - Қажыгелдин сияқты әлемдік саяси-экономикалық өркениеттің даму диалектикасын езіп ішкен жігіттер ғана жасай алады.

Мұхтар да жетіскенінен «эмигрант» болған жоқ. Өкінішке орай біздің саптама киген саяси билігіміз оның кәсіпкерлік дарынын мемлекеттің мүддесіне пайдалана алмады. Әрине, Ақмоладағы біреулер көрін қазып жатса, ол мемлекетті қайтсін, әлбетте шыбын жаны үшін шыр-пыр болады. Жалпы мен Мұхтардың бишікешті «вокруг пальца обводит» етіп кеткеніне риза боламын. Молоток, Муха!

 

Сіздің ең бақытты, кемелденген шағыңыз қай кез?

 

Әрине алаңсыз балалық шағым. Әжем мен анам бар кезді сағынамын...

 

"Тасжарғанның" қалың оқырманға арналған белсенді беттерінің бәрі орыс тілінде болды. Неге орыс тілінде болды? Осыны түсіндіріңізші. Әлде, сздің ойыңызша қазақтардың саяси тақырыптар бойынша жазған мақалаларды оқуға сауаты жетпейді деп ойладыңыз ба?

Ерсұлтан


Ерсұлтан мырза, соған өзім де налимын. Бірақ құдіреті күшті «нарық» - «рынок» деген  ұсқынсыз ұғым бар. Базарда бағасы бар дүние ғана саудаға татиды. Ал таза қазақ тіліндегі газеттің таралымы шектеулі екеніне әлдеқашан көзім жеткен. Оған қазақтың қайран тілі емес, кезіндегі орыстың оспадыр саясаты кіналы болса керек. Әйтпесе кезінде мен шығарған газеттердің таза қазақ тіліндегісі болды. Таралымы 25 мыңнан аспады. Орыс тілін қосып едік 50 мыңға жеттік. Орысын көбейтіп едік алпыс мыңнан астық.

Ерсұлтан, қоғамдағы қазіргі қиянатты қақыратып жазатын сексен жылдық тарихы бар «Жас Алаш» газетінің таралымы 40 мыңнан неге аспайды деп ойланып көрдің бе? Мен де ойландым. Ойланып жүрмін. Бірақ басым жетпейді. Неге біздің билік өзінің тіліне тіксіне қарайды? Қазақ тілінің бораздасына суды көбірек салу үшін орыс бораздасын буындырыңқырап қою керек емес пе?!

 

Өзіңіз білесіз елімізде оппозициялық бағытта жарық көретін басылым аз. Барының өзін түртпектеп жабуға әкеліп соқтырады. Бірін жапқанда, екіншісін ашып жандәрмен боласыз. Бірақ осыдан сізге пайдадан гөрі зияны көп сияқты. Айтыңызшы, шаршаған жоқсыз ба? Біздегі жалтақтықтан, жайбасарлықтан...

 

Жайбасарлықты қайдам, жалтақтық түбімізге жете ме деп қорқам. Оған жарамсақтықты қосыңыз - капут!

Мен жақсы көретін бір ақын ағам бар. Ойы ұшқыр. Қазақтың бір шетіне шығар шамасы көп. Бірақ соңғы жылдары мен оның құс-құмырсқа туралы жазғандарын ғана көріп жүрмін. Шамасы бұл да жалтақтықтың дарынды түрі болса керек...

.

Елімізде оппозициялық басылымдарға жасап жатқан "шабуылдың" нақты себебін айта аласыз ба?
Динара


Динара, есімде жоқ, бір оқымысты айтқан екен: «Саясат туралы жазуға тиым салынған елде саясат ойына келгенін істейді» деп. Сол ойына келген есуастығының бірі - ақиқатты айтқызбау. Бары-жоғы осы-ақ!

Ермұрат аға, ҚР Атазаңына енген соңғы өзгерістер туралы қандай пікірдесіз?


Жансая Сыдықбай, Астана каласы

Пәлі, Жансая! Бізде Атазаңды ұрмайтын Атақаз бар. Оған «до лампочки» сенің Атазаңыңдағы қағидалар!  Әйтпесе біздің Конституцияны АҚШ-та қолдануға боларлықтай тамаша. Бірақ Атақаздың айтқаны Атазаңнан күшті болып тұрған заманда қайбір өзгерістерді айтайын, қарындасым-ау!

 

Ермұрат аға, қазақ тілді басылымдардан қайсыларын оқисыз? Бізге қай газетті оқуға ақыл бересіз?

Сұлтан


Қазақ тіліндегі газеттердің тәуірлеуі «Жас қазақ» еді. Аптаның соңындағы екі күн демалыста оқитыным осы болатын. Ол да соңғы бір жылда мәнтірап барады. Сондықтан саған ақылшы бола алмағаныма ұялып отырман, Сұлтан.

 

(Жалғасы бар)

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572