Сенбі, 10 Қаңтар 2026
Анық-қанығы 294 0 пікір 9 Қаңтар, 2026 сағат 14:06

Министрлік: Театр құрылысы тоқтаған жоқ!

Сурет: kaztag.kz сайтынан алынды.

Әлеуметтік желіде М.Әуезов атындағы театрдың жөндеу жұмысы тоқтап қалғаны жайлы ақпарат тараған еді. Осыған қатысты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі терістеп мәлімдеме жасады.

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында М. Әуезов атындағы театрды қайта жаңғырту жұмыстарының баяу жүріп жатқаны немесе тоқтатылып тұрғаны туралы жарияланған ақпараттарға байланысты төмендегіні хабарлаймыз.

Нысанды қайта жаңғырту жұмыстары тоқтатылған жоқ. Қазіргі уақытта жоба жаңа қаржы жылының басталуын күтуде, содан кейін белгіленген тәртіпке сәйкес жұмыстарды жалғастыру үшін қажетті қаражат бөлінеді.

Нысандағы жөндеу жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында. М. Әуезов атындағы театрды қайта жаңғырту оның тарихи және мәдени құндылығын сақтауға қойылатын барлық талаптарды сақтай отырып, толық аяқталатын болады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір