Бейсенбі, 15 Қаңтар 2026
Жаңалықтар 126 0 пікір 15 Қаңтар, 2026 сағат 15:44

Атырауда FlyArystan ұшағы арнайы жолақтан шығып кеткен

Сурет: Информ сайтынан алынды.

14 қаңтарда Атырау әуежайында FlyArystan әуекомпаниясына тиесілі әуе кемесі Алматы — Атырау бағыты бойынша орындалған FS7202 рейсі қонғаннан кейін тұраққа қарай қозғалу барысында төмен жылдамдықпен әуе кемелерінің жолағы шегінен шығып кеткен.

— Әуе кемесінің бортындағы 166 жолаушы мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ.Әуе компаниясы әуежай қызметтерімен және авиациялық уәкілетті мекемелермен белгіленген тәртіпке сәйкес тергеу жүргізу үшін оқиғаны зертеуде — деп мәлімдеді Fly Arystan.

Air Astana Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір тұрақты және чартерлік рейстерінің маршруттарын өзгерткенін хабарлайды.

Abai.kz

0 пікір