Сәрсенбі, 2 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 12062 0 пікір 17 Қаңтар, 2026 сағат 23:10

Алматыда түнгі уақытта қар тазалау жұмыстары қатаң бақылауға алынды

Сурет: Әлеуметтік желі скрині.

Алматыда түнгі уақытта қар тазалау жұмыстары қатаң бақылауға алынды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігі хабарлайды.

Қала аудандары араланып, негізгі магистральдар, аула ішілік жолдар мен қоғамдық көлік жүретін бағыттардың жағдайы тексерілді.

Әсіресе аулаларда жұмыс істеп жатқан техниканың тиімділігіне, әлеуметтік нысандарға кіреберістердің ашық болуына және жиналған қарды дер кезінде шығаруға басымдық берілді. Мердігер компаниялар мен аудан әкімдіктеріне түнгі ауысымдарды күшейту, арнайы техниканың кедергісіз қозғалуын қамтамасыз ету және тұрғындардың өтініштеріне жедел жауап беру нақты тапсырылды.

Қазіргі таңда коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Қаланы тазалау қардың салдары толық жойылғанға дейін тоқтамайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 365
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1117
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 336
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 312