Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3774 0 пікір 20 Қазан, 2009 сағат 07:25

Мемлекеттік тілді білу мемлекеттік қызметкердің міндетіне айналсын

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Нұртай Сабильянов Премьер-Министр Кәрім Мәсімовке сауал жолдады. Депутат алдымен Риддер қаласында өткен республикалық жастар форумына тоқталды.
«2009 жылғы 9 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында «Тілі бірдің - тілегі бір» атты мемлекеттік тілді меңгерген еліміздегі ұлт өкілдері арасында республикалық жастар Форумы болды. Оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігімен бірлесе отырып өткізді.

Форумға Парламент Мәжілісінің бір топ депутаттары да қатысты.
Осы форумда қазақ тілінде сөйлеп, ой-пікірлерін, ұсыныстарын айтқан жастар еліміздің басқа ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді білудің мәнісі мен маңызын көрсетті деп ойлаймын. Бұл қазақстандық патриотизмді, ұлтаралық келісім мен татулықты нығайтудың бірден бір жолы деп білемін.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Нұртай Сабильянов Премьер-Министр Кәрім Мәсімовке сауал жолдады. Депутат алдымен Риддер қаласында өткен республикалық жастар форумына тоқталды.
«2009 жылғы 9 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында «Тілі бірдің - тілегі бір» атты мемлекеттік тілді меңгерген еліміздегі ұлт өкілдері арасында республикалық жастар Форумы болды. Оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігімен бірлесе отырып өткізді.

Форумға Парламент Мәжілісінің бір топ депутаттары да қатысты.
Осы форумда қазақ тілінде сөйлеп, ой-пікірлерін, ұсыныстарын айтқан жастар еліміздің басқа ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді білудің мәнісі мен маңызын көрсетті деп ойлаймын. Бұл қазақстандық патриотизмді, ұлтаралық келісім мен татулықты нығайтудың бірден бір жолы деп білемін.

Форумда сөз сөйлеген Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры Светлана Мнацаканова: «Қолданыстағы Тіл заңының 23-бабында «Мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде және біліктілік талаптарына сәйкес білуі қажет кәсіптердің, мамандықтардың және лауазымдардың тізбесі Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленеді» делінген, бірақ 10 жыл өтсе де, әлі күнге дейін ондай заңнамалық актілерді көзіміз көрген жоқ. Бұған тағы да бір 10 жыл керек пе? Оқыту жүйесінің тілді меңгерудегі нәтижесі онша болмай тұрғаны да осы себептен. Тағы да бір айта кетер жай. Риддерге келер жолдарыңызда сіздер оқыста адасып, Ресейге кетіп барамыз ба деп те қобалжыған шығарсыздар. Қазақта жер су атауларын "жердің хаты" деп те атайды. Осы "хаттар" неліктен тек басқа тілде ғана сөйлеп тұр деп сіздер де ойға қалған шығарсыздар. Біздің Зырян ауданына қарай жүрсеңіздер де сол - Кировский, Крестовка, Феклистовка, Ермаковка, Пролетарка - тағы солай жалғаса беретін атаулар. Бірақ ертеден қалған "жердің хаты"- жер-су атауларын ұмытуға тиіс емеспіз. Мәдениеті мен рухы жоғары, өркениеті дамыған ел боламыз десек, осы іске жастар белсенділік көрсетіп, бастамашы болуға тиіс деп ойлаймын. Менің ойымша, мемлекеттік тіл келесі онжылдықта барлық орыс тілді мектептерде жаңашыл технологияда, тереңдете оқытылуға тиіс.

1997 жылғы қабылданған заң әрбір мемлекеттік органның штаттық кестесіне аудармашы лауазымын енгзуді талап еткен. Содан бері 10 жыл өтті. Аудармашыларды штатқа енгіздік. Олар күн -түн демей аударманы жасап жатыр. Мемлекеттік тіл өзінің төл мекенінде, өз отанында аударма тіл болуы қалай? Тыңдаушыларымның осындай оқыс сұрақтарына не дерімді білмей қаламын. Мұндай тығырықтан шығу үшін "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл туралы" Заң қабылдануға тиіс деген жиі айтылып жүрген ұсыныстарды орынды деп есептеймін. Ол заң бойынша мемлекеттік қызметке мемлекеттік тілді білмейтін азаматтар алынбауға тиіс. Қазақ айтады ғой: өзіңді өзің сыйласаң, жат жанынан түңіледі деп. Өзімізді өзіміз сыйлауды, отаршылдық пиғылдан құтылуды қашан үйренеміз? Көршілес Ресейде мемлекеттік, орыс тілін жетік білмейтіндер азаматтық алуға үміттері үзілетіндей заң қабылданып жатса, біз неге мемлекет тіліне соншалықты жәйбарақат қарауға тиіспіз?», - деді.

Ал, К7 (ЭРА) телеарнасының журналисі Максим Рожин: «Қазақ тілін меңгермеген, жұмыста мемлекеттік тілді қолданбайтын мемлекеттік қызметкерлер әлі де баршылық. Мен тілшімін, қызмет бабыма сәйкес қазақ тілінде ақпарат алуым керек, бірақ көп жағдайда мен мемлекеттік тілде сұрағыма жауап беретін қызметкерлерді тиісті орындардан таппай кетемін. Сондықтан ол азаматтарға қазақ тілін тегін үйретіп жүрміз. Шынында да, мекемедегі маманды тіл үйренсін деп бір ай жұмыстан босатады, ол үш ай оқиды, келгесін қайтадан бұрынғы таз қалпына түсіп, орысша құжат толтыратын әдет біздің қоғамның бас ауруына айналып тұр. Желге ұшқан ақша. Мынандай сұрақ туындайды! Қазақ тілін білмейтін азаматтар неге мемлекеттік қызметқе қабылданады? Осы жағдайды қадағалайтын органдар неге қауқарсыз? Бұл бағыттағы қадағалауды күшейту керек сияқты. Бастысы, қазақ тіліне деген қажеттілікті туғызу. Ол әркімнің қолынан келетін іс. Ол үшін барлық жерде тек қазақ тілінде сөйлесең болды. Ұлт тілін ұлықтауда ең алдымен қазақ азаматтарының намысына қозғау салып, насихат жұмыстарын күшейту керек. Насихат жүргізетін мына отырған сіздер мен біздер.», - деп сөйледі.

Қостанай облысының Ұзынкөл ауданы К. Маркс ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Екатерина Резникова өз сөзінде: «Мемлекеттік тіліміз барлық ұлт өкілдерін бір шаңырақ астына біріктіретін, ынтымақ дарытатын тіл. Қазақ тілінің тағдырына отанын сүйетін әрбір қазақстандық жауапты. Мемлекетіміз бен қоғамымыздың сенім артатын өкілдері - ең алдымен мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді игеру деңгейі мен сапасын арттыру үшін мемлекеттік қызметке қабылдау алдындағы тестілеу бағдарламасындағы қазақ тілінің тапсырмалары баллдық жүйемен бағаланса.», - деді.

Оңтүстік Қазақстан облысынан келген Рихсибай Мамедов: «Отансүйгіштік сезімнің бастауы - мемлекеттік тіл, сондықтан елімізді мекен еткен әрбір азамат қазақ тілін білуі тиіс. Әлемде біз секілді көпұлтты мемлекеттер жетіп артылады. Бірақ ол елдерде мемлекеттік тілді білмесең, жұмыс істемек түгілі азаматтық та ала алмайсың. Мемлекеттік тілді білмейтіндер мемлекеттік қызметке және халыққа қызмет көрсету саласына алынбауы тиіс. Сонда ғана мемлекеттік тілді үйренуге деген қажеттілік туады. Жұмыс істеймін деген кез келген азамат мемлекеттік тілді үйренуге мүдделі болады.», - дейді.

Алматы қаласы Қазақ Бас сәулет құрылыс академиясының 3-курс студенті Александр Брянцев: «Қазақ тілі біздің тәуелсіз мемлекетіміздің тілі болғандықтан біз оны міндетті түрде білуге тиіспіз. Тілді үйренуге ең басты қажет дүние - тілдік орта. Ол тілдік ортаны алдымен балабақша мен мектепте жасау керек. Сондықтан да ең алдымен Қазақстандағы балабақшаларды тіліне бөлмей барлығында мемлекеттік тілде тәрбие беруге қолайлы жағдай туғызу керек. Бақшаға барған сәбидің тәрбиесінен бастап қазақша сөйлеп, ойнайтын ойыны, айтатын әні, көретін мультфильмдері қазақша болатын болса ол қазақша үйренбей қайда барады? Шынын айтқанда, бұл жағы бізде әлі жетіспейді. Менің ойымша, тәуелсіздік жылдары дүниеге келіп, тәрбие алған жастардың мемлекеттік тілді білуі міндетті деп білемін. Елбасы айтқандай оларға тілді үйренуге қолайлы жағдай туғызылып, жеткілікті уақыт беріліп отыр. Сондықтан да 2010-шы жылдан бастап мемлекеттік қызметке келетін жастарға мемлекеттік тілді білу міндетті деген талап қоюға әбден болатын сияқты», - деді.

Мемлекеттік тіл - қазақ тілінің мәртебесін көтеруге қатысты Қазақстанда тұратын басқа ұлт жастарының осындай ой-пікір, ұсыныстарынан кейін Үкіметіміз тиісті түйін жасайды деп ойлаймын.
Осыған орай, Сізге:
1. «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» 1997 жылғы 11 шiлдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес, мемлекеттiк тiлдi белгiлi бiр көлемде және бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бiлуi қажет кәсiптердiң, мамандықтардың және лауазымдардың тiзбесiн жасауды;
2. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді білу және мемлекеттік тілде іс-қағазын жүргізу талабын күшейтуді;
3. Барлық орта мектептерде қазақ тілін оқыту сабағын көбейтуді сұраймын»,- деген сауал жолдаймын.

(Сәуле Досжанова, т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратып отыр).

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572