Сейсенбі, 27 Қаңтар 2026
Алашорда 207 0 пікір 27 Қаңтар, 2026 сағат 15:18

Алаш қаласының мешіттері

Сурет: Серікбек Болатбекұлының архивінен алынды.

және олардың қоғамдағы істері

Алаш қаласында 1820 жылдары салынған Жоламан, Тінібай мешіттерімен қатар 1917 жылдың 1 қыркүйегінде Семей облыстық басқармасы бекіткен жоба бойынша Алаш қаласындағы Базар көшесінің №57 үй мекен–жайы бойынша үшінші тас мешіті салынып, жұмыс істей бастаған.

Осы мешіттер 1921 жылы Семей Жұмысшылар мен Шаруалар Кеңесі шешімімен губерниялық атқару комитетінің əкімшілік бақылауына алынады. Мешіттер мен губ.ком арасында келісім шарт жасалады. Мешіт ғимараттары мен мүлкі халық меншігі болатыны жазылып, бағаланып, тізімделеді. Алаш қаласындағы №1 мешітпен Семей губерниялық комитеті арасындағы келісім шарт Абай облыстық мұрағатында 96 қор, 1 тізімдеме, 14 істе,  №2 мешітпен келісім шарт 96 қор, 1 тізімдеме, 15 істе, №3 мешітпен 96 қор, 1 тізімдеме, 7 істе сақталған. Кеңес өкіметі орнаған соң да мешіттер өз жұмысын жалғастыра береді. Әдетте біз мешітті тек намаз оқитын, діни рəсімдерді атқару үшін əрекет жасайтын орын ретінде ғана танимыз. Алаш мешіттерінің өз заманында қоғамда болып жатқан оқиғалардан сырт қалмағанын тарихи мұрағат құжаттарынан көруге болады. Халық мешітке жиналып ауылдың, ауыл тұрғындарының, əр шаңырақтың қым-қуат тірлігін ортаға салып талқылап отырған. Кей жағдайларда мешіті жоқ ауылдарды аралап елдің мұң–мұқтажын тыңдап, оны шешудің жолдарында қарастырып отырған. Салт–дəстүр жоралғыларын өткізумен қатар дүниеге келген сəбилерді тіркеп, оларға туу туралы құжатта (метрикалық жазба) беріп, есеп-қисап жұмыстарын жүргізген. Мұны Абай облыстық мұрағатындағы 96 қор, 1 тізімнің 14 ісінің 6 жəне 7 беттеріндегі құжаттардан көруге болады. Олардың бірінде Алаш қаласындағы №1 мешіттің молдасы Әшім (кейбір құжаттарда Хашим) Махмутовтың 1921 жылдың 21шілдесінде Сем.Губ. əкімшілік бөлімінің басшысы И.С.Ивановтың атына жазған жазбаларының бірінде, мешіт алдағы уақыттарда метрикалық анықтамалар мен (туу туралы куəлік), ресми құжаттар бермеу туралы қолхат есебінде жазылса екіншісінде енді мешіттің ешқандай есеп– қисап кітаптарын жүргізбейтіні жөнінде айтылады.

Бұл құжаттардан біз кеңес үкіметінің мешітті халықтан алыстатуға жасалған əрекетін жəне мешіт молдаларының əр істерін қатаң бақылауда ұстағандарын көреміз. Алаш қаласының бас имамы (мухтасибі) Семейден бөлек болған жəне оның қарауында тек Алаш қаласы ғана емес Семей уезіндегі барлық мұсылман жамағаты болған іспетті. 1926 жылдың наурыз айында Башқұрт ААСРі Үпі қаласындағы Мұсылмандардың Орталық Діни Басқармасынан келген қатынас хатта былай жазылыпты:

«Мухтасибу Семипалат. Района

Абдишакуру Джасибекову.

Настоящим предлагается Вам, надлежайщего разрешения

местных властей созвать собрание представителей мусулманских приходов В района для выбора делегатов на предстоящий Мусулманский сьезд, имеющий быть в г.Уфа /БАССР/е 30 – го мая по 6 – е июня включительно, согласно получанного Центральным Духовным Управлением Мусульман от НКВД РСФСР, датированного 1 – м марта за №2930/2.

Пердседатель – Муфтий /Р.Фахреддинов/

Секретарь /Акчурин/»

[ Абай облыстық мұрағаты 96 қор, 1 тізім, 14 іс, 15 парақ.]

Бұл сол кеңес өкіметінің алғашқы жылдарының өзінде дін өкілдерінің ел басқару жұмыстарына да араласып, халықтың тұрмыс тіршілігінде қадағалап отырғанын білдіреді. Алаш қаласы мен Семей уезінің алғашқы бас имамы қызметін Қабдішүкір Жасыбеков 1929 жылдың қаңтар айында қайтыс болғанға дейін атқарған деген тұжырымды мұрағаттық құжаттарға сүйене отырып айтуға болады. Ол кісі дүниеден өткеннен кейін №2 мешіт жамағатымен Алаш қаласы тұрғындары 19 наурыз күні (қырқын өткізгеннен кейін деп ойлаймын) Семей округтік əкімшілік бөліміне имам сайлау жөнінде мəлімдеме жасайды. Тек қана Алаш қаласы мен Семей уезі көлемінде ғана емес, аймақ жұртшылығы арасында зор беделге ие болған Қабдішүкір Жасыбековтің өмір тарихы, діни қызметімен қатар ел ішіндегі атқарған игі істері алдағы уақыттарда зерттеліп, тарих тұғырында өз орнын табарына кəміл сенемін. Жалпы біз діни қызметкерлердің, əдебиет пен өнер қайраткерлерінің тұлғалық болмысын тануда большевиктер ұсынған бағыттың жетегінде кетпей ұлтымыздың ұлттық құндылықтарын сақтау жолындағы еңбектеріне əділ тарихи баға бере білуіміз керек. Жеке тұлғалар ғана емес тарихи оқиғаларда тиісінше бағалануы керек. 1926 жылы Үпі қаласындағы мұсылмандар сиезі мен сол жылы Баку қаласында өткен бүкілодақтық түркі тілдерінің алғашқы сиездері соның дəлелі.

Сол кездегі одақ көлемінде өткен бұл жиындардың маңыздылығы сол кезеңнен келіп жеткен тарихи құжаттарда дəлелдейді. Мұсылмандар сиезінде қаралған мəселелерді халық жиылып талқылаған екен.

«Представителю казакского населения

Семипалатинского уезда Мунасыпову Акраму.

Настоящим сообщается, что к созыву общего собрания верующих казаков в гор.Алаше в здании мечети №1 на 2 – е января 1927 года для разрешения вопросов по нижеследующей повестке дня:

1) Доклад об Уфимском сьезде и его работах, со стороны ГАО препятствий не имеется, при условии точного соблюдения Вами установленных на сей предмет правил и порядка.

Вр.Начгубадмотдела (Исупов).

Нач.Общего п/отдела (Малышев)

[ Абай облыстық мұрағаты 96 қор, 1 тізім, 14 іс, 19 парақ].

Сонымен қатар мешіттегі қандайда бір жиын, тіптен жұма намазының өзі губерниялық комитеттің əкімшілік бөлімі рұқсатымен өткізіліп отырыпты.

«Сем.губ.адмотдела

Мутавалия прихода №1 мечети гор.Алаша Бакиева Мака

Заявление

Прошу дать разрешение на устройство в пятницу 8 сего января в помещении мечета №1 гор.Алаша по Приречная ул.кв. №152, общее собрание мусульман прихода №1 мечети по повестки дня

1) о выборе уполномоченных

2) текущие дела

6 января 1926 г. к сему            қолы»

[ Абай облыстық мұрағаты 96 қор, 1 тізім, 14 іс, 13 парақ].

Жоғарыда жазылғандай мешіт имамдары мен молдалары қаланың ішінде ғана жиындар өткізіп қана қоймай, тиісті орындардың рұқсатымен жəне бақылауымен ел ішіне де барып отырған.

«Губернский Административный Отдел

От Мухтосиба Семипалатинского

Уезда Джасибекова прожив. в г.Алаш

Пушкинская ул.кв№108

Заявление

Представляю при сем удостоверение за №3238 об

утверждений меня Мухтасибом прошу Губадминистративный Отдел разрешить мне выезда по Семипалатинскому Уезду совместно с 2мя мушавирома Мустафиным и Садакбаевым кокковые также при сем прилагаю свидетельство за №3241, 3240. С целью проведение нами собраний групп верующих мусульман для выбора на зановые муллов в районе волостей Ленинский, Мендешевский, Луначарской и других волостей с киргизским населением по Семипалатинскому Уезду.

Декабря 11 дня 1924г.

К сему подписуемся:       

қолы кирилицамен жəне екі қол араб жазуымен»

[ Абай облыстық мұрағаты 96 қор, 1 тізім, 14 іс, 9 парақ].

Өтініштің үстіңгі сол жақ үстіңгі бұрышында «Разрешить \қолы\ 7/I-25 г деп жазылған.

Қазақстандағы ашаршылықтың екінші кезеңінен əлі арыла қоймаған ел ішіне барып, жұрттың жағдайымен танысып, елді бірлесе əрекет жасауға шақырып, елдің бас көтерер азаматтарынан басшы тағайындау ниетіндегі дін өкілдерінің бұл өтініштеріне Семей Губерниялық Әкімшілік Бөлімі қарсылық таныта алмағандығын жəне олардың осы іс сапарларымен қатар өзге уақыттарда да үнемі өкімет тарапынан қатаң бақылауда болғандарын мұрағаттық құжаттардан білуге болады.

«Сов. Секретно

К.С.С.Р.

Н.К.В.Д.

Семипалатинский Губотдел ГПУ

Губернский Административный Препровождается при сем заявления ОТДЕЛ Алашского Мухтосиба Губадмотдел № 647/ просит сообщит не встречается ли с 6 декабря 1924 Вашей стороны препрятствия на выдачу разрешения на право поездки по губернии с целью проведения общих религиозных собраний и выбор на таковые служителей культа муллы и мувтавалиев.

ПРИЛОЖЕНИЕ: упомянутое.

Нач.ГАО /Дженыбеков/

Нач.Общ П/отд. /Дорошин/

Зав.ОС /Зиновьев/»

[Абай облыстық мұрағаты 96 қор, 1 тізім, 14 іс, 10 парақ].

Осы құжаттағы жазу машинкасымен басылған мəтіннің үстіне қаламмен жазылған сөздер бар, өше бастаған жазудың оқуға болатын жерлеріндегі сөздерді болжап Саяси Бас Басқарманың (ГПУ) өкілі молда мен оның екі көмекшісінің губерния болыстықтарына сапарына қарсы еместіктерін жазып Ішкі Істер Халық Комиссариатының (НКВД) олардың əрекеттерін бақылауда ұстау керектігіне тапсырмасы екендігі байқалады. Дін өкілдерінің осындай жұмыстары əсерінен Орталық Атқару Комитеті (ЦИК) мен Халық Комиссариаттары Кеңесінің (СНК) 1929 жылдың 8 сəуірінде «Діни бірлестіктер туралы», Ішкі Істер Халық Комссариаты (НКВД) 1929 жылдың 1 қазанында «Діни бірлестіктердің құқығы мен міндеттері туралы» қаулылары қабылданған деп айтуға толық негіз бар. Жоғарыдағы жазбадан соң Губерниялық Әкімшілік Бөлімі Ғабдішүкір Жасыбековқа жəне оның көмекшілері Садақбаев пен Мустафинге куəлік пен олардың Семей уезі аумағында мұсылмандармен жиналыс өткізу үшін сапар жасауларына рұқсат береді.

«Удостоверение

Настоящее удостоверение выдано Мухтасибу Сем.уезда

гр.Джасибекову Габдшакур и его мушеварам Садакбаеву и Мустафину, которым разрешается выехать в пределы Семуезда и

провести общее собрание групп верующих мусульман для выбора

/муллов/ имам в районе волостей Ленинск, Мендешевск, Луначарск, и др. волост. с киргизскими наименованием Семуезда, что подписью и приложением печати удостоверяется.

Нач.ГАО /Дженыбеков/

Нач.Общ П/О. /Дорошин/

Нач. Общ. Союз /Мерзакасимов/»

[ Абай облыстық мұрағаты 96 қор, 1 тізім, 14 іс, 11 парақ].

Имам Қабдішүкір Жасыбеков өзінің көмекшілері Мұстафин, Садақбаевтармен бірге ел аралап, жұрт пікірін білуге тағы да бір себеп болған жағдай сол кездегі Семей қаласындағы діни қызметкерлер арасындағы алауыздық еді. №3 мешіт имамы Мисбух Сеидовтың мешітті «татар мешіті» деп атап, бұл мешітке қазақтардың кіріп намаз оқуларына өз тарапынан шектеу қойғандығынан Алаш қаласында қазақтармен татарлар арасында ұлт аралық жанжал туындаған кездерде болыпты.

 «5.XI. 1925г. Губ.адм.отдел.

Настоящим Горсовет сообщить, что Вами предпринято по Заявлению гр – н г.Джана – Семей по вопросу о мечети №3, спор между казаками и татарами.

О принятых мерах срочно сообщите Горсовету.

Пред.горсовета \ Женко\

Ответ.секретарь \ Курпебаев\»

[ Абай облыстық мұрағаты 96 қор, 1 тізім, 7 іс, 41 парақ].

«Совет 3й татарской мечети в Алаше по распространившимся слухам выясняется, что вопрос о в\приходе и муллы среди населения углубляется и принимает нежелательные формы виде национальной вражды между татарами и казаками.

Об этом нам было сделано предостережение со стороны Админ.отдела. Даже будьто бы почему то имаму №7 Акрам Мунасипову по этому вопросу было сделано предложение об урегулировании. По этому Управление Мухтасиба Семипол.губ. предлагает Вам:

  1. Этот вопрос ни в коем случае не должен принять форму национального спора, а как частное дело среди Вас должен быть регулирован в ближайшее время.
  1. Необходимо решительным образом поставить предел всяким попыткам быв.муллы Мисбахутдина Сеидова, отстраненного Вашим постановлением, войти в мечеть и распространенного им от имени религи среди темного населения агитации, способствующие продолжению недоразумении.
  2. В случае, если к прогрессированию национальной вражды будет способствовать и присутствие в религиозном обществе муэззина Нематулла Адильбекова, то этот вопрос должен быть решен отстранением также и его, и путем избрания вновь как муллы, так муэззина из новых лиц.

Семипалатинский Губернский Мухтасиб Х.Махмуди».

[ Абай облыстық мұрағаты 96 қор, 1 тізім, 7 іс, 53 парақ қайырмасымен].

Алаш қаласы тұрғындарымен №3 мешіт арасындағы осы өзара келіспеушілік қалалық кеңестің бақылауында болсада Семей өңірлік діни басқарманың, губернияның бас имамы (мухтасибі) Х.Махмудидің тек бір адамды, Мисбахутдин (көп құжаттарда Мисбах) Сеидовты ғана кінəлі деп айтуы түсініксіз.

«Список мечети г.Сем – ск и Алаша коим выдана разрешения на право преподавания мусулманского вероучения» деген 1926 жылдың 30 наурызында жасалған құжатта «по городу Алашу Мечеть №3 по Базарной ул.№57. Препод. Сеидов Мисбах. Ответ.уполн. Гатауллин Бари, Гайнуллин Абдулла», – деп көрсетілгенімен Сеидовтан басқаларының бұл жанжалға қатыстары жоқтай болып шығады.  [Абай облыстық мұрағаты 96 қор, 1 тізім, 10 іс].

Қалай болғанда да кеңес үкіметінің мешіттер мен діни қызметкерлерді өздерінің мүдделерін іске асыруға пайдаланғандары ақиқат. Әсіресе елдегі саяси тұрақсыздық, зардабы жойылып болмаған елдегі ашаршылықпен күрес жолында мешіт қызметкерлерінің белсенділігі, олардың ел ішіндегі беделі кеңес өкіметінің дегбірін қашырып Бірлескен Мемлекеттік Бас Басқармасы (ОГПУ) дін қызметкерлерімен бірлесе жұмыс жасауға мəжбүр болады. Бірақ белгісіз себептен 1930 жылдың ақпан айында (шамамен 18 күні) Жоламан мешіті өртенеді. Өрттің шығу себептері анықталмаған. Мешіттегі өртті сөндіру кезінен «Прииртышская правда» газеті 1930 жылғы 20 ақпан күнгі шығарылымында мынандай ақпарат береді:

«...Часть пожарных на место пожара явилась пьяной. Имея слабую подготовку, многие пожарные растерялись. Тушение мечети соответствующим порядком не было организовано и она в присутствии пожарных сгорела до фундамента...».

Семей губерниялық комитетінің қарамағындағы халық мүлкі саналатын Жоламан мешітіндегі өрт жөнінде қалалық кеңестің төрағасы Румянцев, өртті сөндіруге басшылық жасаған Мешков қатысқан жиналыс қорытындысы жарияланған «Прииртышская правда» газетінің 1930 жылғы 16 наурыздағы №60 санын іздестіруім оң нəтиже бермеді. Абай облыстық мұрағатындағы газет тігіндісінде №59; №61 сандары болғанымен №60 жоқ болып шықты. Сонымен қатар Абай облыстық өлке тану мұражайының сирек қорында сақталған «Прииртышская правда» газетінің 1930 жылғы шығарылымдарының тігіндісінде де осы №60 санының болмай шығуы сəйкестік пе, болмаса басқа себептері бар ма деген ойда келеді...

Мешіт ғимараты өртенгенімен мешіт жамағаты əрекетсіз отырмаған екен. Наурызда бас қосқан халық билікке өз қалауларын жеткізеді.

«Адмотдел

Семипалатинск

Заявления

Для совместного удовлетворения религиозных потребности мы граждане прихода мечети №1 по береговое ул. г.Жана Семей в числе   человек принадлежащих к магометанскому вероисповедению решили образовать религиозное общество Магометан, деятельность объединение будет распространятся на район мечети №1. В соответствии с постановлением ЦИК и СНК РСФСР от 8го апреля 1929г. «О религиозных объединениях» (С.У. 1929г. №35 ст.353 и инстр. НКВД от 1 октября 1929г. «О правах и обязанностях религиозных объединениях» (бюллетень НКВД 1929г. №37) просим зарегистрировать религиозное общество под названием «Религиозное общество мусульман при мечети №1 г.Жана Семей ул. №43 Кенесаринской».

Приложения, Список учредителей и подпись учредителей

23 марта 1930г.».

[Абай облыстық мұрағаты, 96 қор, 1тізімдеме,14 іс, 24парақ қайырмасымен, 25 парақ].

Хат соңында 200 ден астам адамның аты-жөндері жазылып, қолдары қойылған. Өте сауатты түрде өз талаптары мен шешімдерін билікке жеткізген халыққа қандай жауап берілгені белгісіз, тек осы хат жазылған уақыттан 2 күннен соң Семей қалалық кеңесі отырыс өткізіп, шешім қабылдайды.

« Постановление Президиума Горсовета

25.03.30г.

Слушали: об использование средств отпускаемых Госстрахом за сгоревшую мечеть №1 в Жана Семей в сумму 7050 руб.50 коп.

Постановили: Сумму, получаемую за мечеть, стратить на оборудование клуба им.К.Маркса и Турксиба, а также на создание рабочего парка. / Все в Жана Семей/ ».

[Абай облыстық мұрағаты, 96 қор, 1тізімдеме,55 іс, 19 парақ].

Осылайша Жоламан мешітінің ғимараты өртеніп кетседе мешіттің соңғы қаражаты халық игілігіне қызмет қылуға жұмсалады. Түрксіб жұмысшыларының Карл Маркс атындағы мәдени шаралар өткізетін орыны бұрынғы №3 мешіт ғимаратына орналасқан болатын. «Жаңа Семей киносы» кейіннен «Заря» кинотеатры болды.

Алаш қаласындағы үш мешіттің тарихы осымен аяқталмақ емес,     XIX ғасырдың басында салынып күні бүгінге дейін  сыртқы қалпы ғана сақталып қалмай, негізгі мақсаты–жұртты имандылыққа тәрбиелеу бағытындағы жұмысын жалғастырып отырған Тінібай мешітін келер ұрпаққа бүгінгі қалпын бұзбай жеткізу әр адамның азаматтық борышы.

Серікбек Болатбекұлы

Abai.kz

0 пікір