Сейсенбі, 3 Ақпан 2026
Жаңалықтар 1021 0 пікір 3 Ақпан, 2026 сағат 17:30

Ресейде қанша қазақстандық білім алып жүр?

Сурет: ulysmedia.kz сайтынан алынды.

Қазақстан Ресейдің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттер саны бойынша көш бастап тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ресейдің Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы Ресей ЖОО-ларында оқитын шетелдік студенттер саны 400 мыңнан асқан. Бұл – барлық студенттердің 8,5 пайызы. Жалпы Ресейде 179 елден келген жастар білім алып жатыр.

Солардың ішінде ең көбі – Қазақстан азаматтары. Қазақстандық студенттер шетелдік студенттердің 15,1 пайызын құрайды немесе 60 мыңнан астам адам.

Көшбасшылар қатарында сондай-ақ Түрікменстан (14,2%), Қытай (14,1%), Өзбекстан (11,6%) және Үндістан (9,7%) бар. Бұдан бөлек, Тәжікстан (6,1%), Беларусь (4%), Қырғызстан (2,4%), Әзербайжан (2,4%), Иран (2,4%) және өзге елдер (18%) көрсетілген. Шетелдік студенттер арасында медицина мамандықтары ерекше сұранысқа ие.

Білім институтындағы «Университеттерді дамыту» зертханасының жетекшісі Нияз Габдрахмановтың айтуынша, абсолютті көрсеткіш бойынша Ресей әлемдегі жоғары білім экспорттаушы елдердің алдыңғы қатарында емес.

Мәселен, АҚШ-та шамамен 1,1 млн шетелдік студент оқиды. Канадада – 843 мың, Ұлыбританияда – 759 мың, ал Аустралияда – 619 мың студент бар.

Abai.kz

0 пікір