Сейсенбі, 27 Қазан 2026
Жаңалықтар 1953 0 пікір 4 Ақпан, 2026 сағат 16:57

Референдум мен сайлауға қанша қаржы кетеді?

Сурет: qaz365.kz сайтынан алынды.

Референдум мен Құрылтай сайлауын өткізуге жұмсалатын шығындар бюджетке қайта қарау аясында айқындалады және алдын ала бағалаулар бойынша бұған дейінгі науқандардан асып кетпеуі мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Айдос Сарым журналистердің сұрағына жауап бере отырып мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Депутаттың айтуынша, аталған шараларға бюджетте бастапқыда жеке бап қарастырылмаған, себебі референдум өткізу жоспарда болмаған.

«Бюджетті қайта қарау қажет, өйткені референдум алдын ала жоспарланбады», – деді ол.

Айдос Сарым шығын көлемін айқындау кезінде бұрын өткен сайлау науқандарының деректеріне сүйену керектігін, алайда инфляция деңгейі ескерілетінін атап өтті.

«Өткен жылдардағы мәліметтерге қарау керек. Шамамен сол деңгейде, инфляцияны есепке ала отырып», – деп нақтылады депутат.

Журналистердің болжамды сома жөніндегі сауалына жауап берген ол, шығын көлемі ондаған миллиард теңге шамасында болуы мүмкін екенін айтты.

«Иә, солай деп ойлаймын», – деп, шамамен 12 млрд теңге көлеміндегі бағалауды растады.

Депутаттың сөзінше, түпкілікті сома бюджетке енгізілетін өзгерістерге және референдум мен сайлаудың өткізу форматына тікелей байланысты болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1229
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1728