Аида Балаева: Конституцияның өзегінде – адам, оның құқықтары, бостандықтары мен қауіпсіздігі
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Жезқазған қаласындағы Kazakhmys Smelting компаниясына қарасты «Kazkat» зауытының алаңында кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесу өтті. Өңірге келген коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасының негізгі қағидалары мен 15 наурызда өтетін алдағы республикалық референдумның маңызытуралы айтып берді. Делегацияны ҚР Премьер-министрініңорынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастапкелді. Кездесуге сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай, мемлекет және қоғамқайраткері, заңгер Серік Ақылбай, ғалым, қоғам қайраткері Нұрлан Дулатбеков, сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткері Әбілғазы Құсайынов қатысты.
Кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесуде Аида Балаева жаңа Конституция жобасының негізгі қағидаты – адам құқықтары мен бостандықтарының, сондай-ақ оның қауіпсіздігінің басымдығын қамтамасыз ету және еңбеккерлердің құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейту екенін атап өтті.
«Жаңа Конституцияның өзегінде адам, оның құқықтары, бостандықтары мен қауіпсіздігі тұр. Өнеркәсіп саласы үшін еңбекұжымдарына тікелей қатысты нормалардың маңызы ерекше. Ата Заң еңбек ету құқығын, қауіпсіз еңбек жағдайларын және кемсітусіз әділеңбекақы алуды бекітеді. Бұл нормалар өндірістік жарақаттан удеңгейін төмендетуге және жұмысшылардың денсаулығын сақтауға бағытталған. Яғни еңбек жағдайлары үшін жұмыс беруші мен мемлекеттің жауапкершілігі ең жоғары деңгейде – Конституция деңгейінде бекітіледі. Заң үстемдігі қағидаты орныққан елде болжамдылық жоғары болады, тәуекел азаяды, ертеңгі күнге дегенсенім күшейеді. Ал бұл өз кезегінде кәсіпорындардың дамуына және жұмысшылар отбасыларының әл-ауқатының артуына жаңа мүмкіндіктер ашады», – деді Аида Балаева.
Қатысушылар ірі өндірістік ұжымдар үшін конституциялық реформаның тек саяси оқиға ғана емес, сонымен біргежұмысшылардың күнделікті өмірімен, кәсіпорындардың тұрақтылығымен, еңбек құқықтарының қорғалуымен және ертеңгі күнгедеген сеніммен тікелей байланысты маңызды шешім екенін атап өтті.Сондықтан талқылау барысында қауіпсіз еңбек жағдайлары, әділ еңбекақы, заң үстемдігі, азаматтардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік шешімдердің болжамдылығы сияқты нормаларға ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында мемлекеттік-қоғамдық, сарапшылар жәнеғылыми қауымдастықтар өкілдері де сөз сөйледі. Олар өз баяндамаларында жаңа Конституция жобасының құқықтық маңызын, оның әділеттілік пен заңдылық қағидаттарын нығайтудағы рөлін, сондай-ақ референдумның халықтың тікелей өз пікірін білдіру тетігі ретіндегі мәнін атап өтіп, азаматтардың оған саналы түрде қатысуының маңыздылығына тоқталды.
«1995 жылғы Конституция ел қалыптасуының күрделі кезеңінде, бұрынғы экономикалық байланыстар үзіліп, мемлекет жаңа даму жолын айқындап жатқан жағдайда қабылданған еді. Ал бүгінгі Қазақстан – қалыптасқан мемлекет. Сондықтан Жаңа Конституция кездейсоқ қадам емес, жаңа жағдай мен ел дамуының жаңа міндеттеріне берілген жауап. Ең маңыздысы – құжат жобасы ашықтүрде, отандық ғалымдардың, заңгерлер мен сарапшылардың қатысуымен, сондай-ақ азаматтардан түскен мыңдаған ұсыныстар ескеріле отырып дайындалды. Бұл оның шын мәнінде халықтық сипатқа ие екенін және мазмұны қоғамның сұранысына, тарихи тәжірибеге әрі ел болашағына қатысты стратегиялық көзқарасқа негізделгенін көрсетеді», – деді Серік Ақылбай.
Сонымен қатар кездесуге қатысушылар жаңа Конституция жобасы қоғамның әділетті ережелерге деген сұранысын, әлеуметтік кепілдіктерді нығайтуды, еңбек адамының құқықтарын қорғауды, сондай-ақ мемлекет пен жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыруды көздейтінін атап өтті.
Кәсіпорын ұжымының ұстанымын «Kazkat» зауытының қызметкеріАлтынай Алпамысова білдіріп, еңбек адамы өндірістік тетіктің бір бөлшегі ретінде емес, мемлекеттің тірегі әрі оның басты құндылығы ретінде қабылдануы тиіс екенін атап өтті.
«Мен жас жұмысшы ретінде жаңа Конституция еңбек адамына тек сенімділік қана емес, сонымен бірге үлкен жауапкершілік жүктейді деп санаймын. Құжатта адамның өзі, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы екені айқын көрсетілген. Бұл біз үшін жұмысшы адам тек өндірістік процестің қатысушысы ғана емес, экономиканың негізі әрі ел болашағының маңызды тірегі екенін білдіреді. Біз адал еңбегімізбен Қазақстанды дамытып келеміз, ал мемлекет біздің құқықтарымызды, қадір-қасиетімізді және қауіпсіздігімізді қорғауы тиіс. Сондықтан баршаңызды референдумға қатысып, жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырамын», – деді Алтынай Алпамысова.
Кездесу қорытындысында кәсіпорын жұмысшыларыконституциялық реформаны қолдайтындарын білдіріп, алдағы республикалық референдумға қатысудың маңыздылығын атап өтті.
Abai.kz