Мәжіліс Орталық Азия мен Ауғанстанға қатысты құжатты қарайды
Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ арасындағы Қазақстан Республикасында БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттар жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы енгізілді.
– Аталған келісімге 2025 жылғы 3 тамызда Алматы қаласында қол қойылды. Бұл құжат Қазақстан Республикасында Біріккен Ұлттан Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттар жөніндегі өңірлік орталығын құруға, сондай-ақ оның жұмысына құқықтық негізді қамтамасыз етуге бағытталған. Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті осы заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын, - деді депутаты Айгүл Құспан Мәжілістің жалпы отырысында.
Еске салсақ, былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен БҰҰ Бас хатшысы Қазақстан Үкіметі мен Ұйым арасында БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы келісімге қол қою рәсіміне қатысты.
Abai.kz