Мектеп оқулықтарына өзгеріс енгізіледі...
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова алдағы шаралар жайында баяндады.
Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституция аясында мектеп оқулықтарына өзгеріс енгізуді тапсырды.
Үкіметтің отырысында заңнаманы жаңа Конституцияға сай келтіру мәселесі қаралды. Осы орайда Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова алдағы шаралар жайында баяндады.
Министрдің айтуынша, қазір мектептерде қолданылып жүрген оқулықтар 2018-2019 жылдары басылған және содан бері мазмұндық тұрғыдан жаңартылмаған. Осыған байланысты олар жаңа Конституциялық өзгерістер мен заманауи талаптарға сай қайта қаралады.
– 2026 жылы 3, 4, 7, 8, 9 сыныптарға арналған оқулықтар жаңартылады. 2027 жылы 1 және 5 сыныптар оқулықтары жаңадан басылады. 10-11 сынып оқулықтарының мазмұны қайта қаралады. 2028 жылы 2 және 6 сыныптарға арналған жаңа оқулықтар жарық көреді, – деді Оқу-ағарту министрі.
Ал Премьер-министр оқулықтарды жаңарту – өте маңызды екенін еске салды.
– Біз мүлдем жаңа кезеңге аяқ бастық. Сондықтан Әділетті Қазақстан, Заң мен Тәртіп, таза Қазақстан және басқа да қағидаттар оқулықтарға міндетті түрде енгізілуге тиіс. Бұны бақылауға алыңыз, - дейді Бектенов.
Abai.kz