Header Banner
Бейсенбі, 19 Наурыз 2026
Жаңалықтар 106 0 пікір 19 Наурыз, 2026 сағат 13:20

Қостанайда күйеуі әйелін атып өлтірді

Сурет: Егемен Қазақстан сайтынан алынды.

Күдіктінің атына тіркелген аңшылық мылтық тәркіленді.

Қостанай қаласында 37 жастағы әйелдің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ретінде оның бұрынғы күйеуі танылып отыр. Ол оқиға болғаннан кейін өз еркімен полицияға келіп, кінәсін мойындаған.

Қайғылы оқиға облыс орталығының ықшамаудандарының бірінде болған. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, ер адам мемлекеттік құрылымдардың бірінде қауіпсіздік саласында жұмыс істеген болуы мүмкін.

Қылмысты жасағаннан кейін ол өзі полиция бөліміне барып, болған жағдай туралы хабарлаған.

Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Алдын ала деректер бойынша, әйел тұрмыстық жанжал барысында алған оқ жарақатынан көз жұмған", – деп нақтылады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу-оперативтік шаралар жүргізіліп жатыр.

Abai.kz

0 пікір