Президент: Қазақстанды Еуразиядағы жетекші ғылыми ортаға айналдырарымызға сенімдімін!
Мемлекет басшысы ғылыми қоғамдастық өкілдерімен кездесіп, ғылым саласындағы жетістіктер мен мәселелер туралы айтты.
Мемлекет басшысы: «Біз адам капиталының сапасын арттыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз қажет. Еліміздің ғылыми және академиялық қауымдастығының барлық өкіліне қарата айтқым келеді. Қазақстанның ертеңі қандай болады, қаншалықты жаңашыл әрі озық елге айнала аламыз? Бұл сіздердің идеяларыңызға, зерттеулеріңізге, жұмыстарыңыздың нәтижесіне, ашқан жаңалықтарыңызға тікелей байланысты. Баршамыз күш жұмылдыра отырып, Қазақстанды Еуразиядағы жетекші ғылыми және технологиялық орталыққа айналдыра алатынымызға сенемін», - деді.
Abai.kz