Header Banner
Жұма, 20 Наурыз 2026
Жаңалықтар 99 0 пікір 20 Наурыз, 2026 сағат 13:41

Жаппай төбелес адам өлімімен аяқталды 

Сурет: Егемен Қазақстан сайтынан алынды

Ақтөбе облысы Шалқарда түнде болған жастар арасындағы қақтығыс кезінде 17 жастағы бозбала көз жұмды 

Оқиға Ақтөбе 20 наурызға қараған түні болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бір топ жастар арасында жаппай төбелес орын алған.

Әлеуметтік желілерде жанжал кезінде пышақ пен атыс қаруы қолданылуы мүмкін деген ақпарат тарап жатыр, бірақ бұл мәліметтер ресми түрде расталған жоқ.

Кәмелетке толмағандардың қатысуымен олардың бірінің қайтыс болуына әкелген жанжал фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жанжалға қатысқан барлық тұлғалар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Барлық қатысы бар тұлғалардың әрекеттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға берілетін болады. Тергеу барысы бақылауда. Кінәлі тұлғалар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.

Abai.kz

 

0 пікір