Шахтинск қаласында тұрғын үйлердің бірінде газ жарылды
Қарағанды облысының Шахтинск қаласында тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, сегіз адам жапа шекті, - деп хабарлайды Азаттық радиосы.
Жараланғандардың бесеуі – тұрғындар шақыруымен оқиға орнына жеткен полиция қызметкері. Бұл жөнінде төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Ресми мәлімет бойынша өрт сөндірушілер келгенге дейін полиция қызметкерлері тұрғындарды эвакуациялаған. Тағы бірнеше адамды төтенше жағдай қызметі жоғарғы қабаттан түсірген.
Оқиға орнынан түсірілді деген видеода сөйлеген адам өрт бес қабатты ғимараттың төртінші қабатында газ жарылып, өрт бесінші қабатқа да тарағанын айтады.
Abai.kz