Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3887 0 пікір 27 Қазан, 2009 сағат 08:06

Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ. ...Фокс көшесінде тұрамыз...

БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы «Заводская» көшесінің атауын «Роджер Фокс атындағы» көше деп өзгертілуіне наразылық білдіруші ақсайлық (бұрынғы Заводская көшесі) тұрғындардың қолы.

Ақсай қаласындағы ешкімге елеусіз Заводская көшесінің бір күнде Роджер Фокс атындағы көше боп өзгеріп шыға келуі ел құлағын елең еткізген оқиға болды. Жаңалықтың авторы - Бөрлі ауданының әкімі Болат Шәкімов Қарашығанақ кенішін игеріп жатқан ҚПО б.в. компаниясының бас директоры Р.Фокс мырзаны осылайша тарихта қалдыруды көздесе керек. Шәкімовтың атышулы шешімі ағымдағы жылдың 9 маусымы күні шықты. Аудандық мәслихат бас шұлғып, оны мақұлдап та жіберді.  ҚПО өз кезегінде басшысының есімін иеленген көшені күрделі жөндеуден өткізуге 48 млн. теңге қаржы бөліп, жарты дүниені жарылқап тастағандай боп отыр. Жергілікті қадағалаушы органдардың құзырына күмәнмен қарап, жұмыс сапасын өзіміз тексереміз дейтіндерін қайтерсің.

Бұған дейін де қазаққа шекеден қарап келген шетелдік инвестордың қойны - қонышымызды тонап болып, енді көшемізге көз салғаны жанымызға батады дейді ақсайлық ағайын. Ұлыбритания азаматы Фокс жалдамалы жұмысшы, мерзімі біткенде еліне қайтады. Жерасты байлығы оның жеке меншігі емес, қара қазақтың қазынасы. Олай болса өз байлығымызды өзімізге шөміштеп беріп, қалғанын шегара асырып жатқан ҚПО - ға осылайша "алғыс" айтуымызға жол болсын. Ел басқарған азамат ең алдымен ұлттық намысты, мүддені ойлауы керек еді, қазақтың жыртысын жыртуы тиіс еді. Одан қалса заңды сыйлауы міндетті еді. Өкінішке орай, оның бірі де орындалмады. Жалғыз адамның солақай саясатының салдарынан тұтас қаланың тағдырына нұқсан келді. Бүгін биліктегі әкім көше атауын қалауынша өзгертсе, күні ертең шаһар, облыс, одан асып, республика атауын өзгертейік демесіне кім кепіл. Ең сорақысы, халықпен ақылдасып, "осы сіздер қалай ойлайсыздар" деп жатқан жан баласы жоқ. Жабық есік жағдайында талқыланып, он - он бес депутаттың "батасын" алған бастама басқаларға жұғысты болмасын деп тілейік. Әйтпесе, көміріміз Митталдың, мысымыз Машкеевичтің уысында екендігі белгілі...

Талғат Қатауов, қала тұрғыны:

- "Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көрерсің" дегендей мына шешім бәріміздің жағамызды ұстатты. Ұлтымызға сіңірген зәредей еңбегі жоқ көлденең көк аттыға көше атын бере салу деген сұмдық оқиға емес пе?! Ресейдің бес губерниясымен шектесетін облысымызда орыс тілінің үстемдігін жоямыз деп жүргенде енді ағылшынмен алысатын болдық. Аудан әкімінің қолындағы билікті пайдаланып, халықтың ой-пікірімен санаспай өз ұлтымызда асыл азаматтар мен ұлы перзенттер жоқтай өзге мемлекеттің бір алпауытына бас ұрғанын елге жасалған зор қиянат деп бағалаймын. Жиырма жыл бойы шын мәнінде мемлекеттік деңгейге көтеріле алмаған ана тілімізге бұл үлкен соққы. Көзі тірісінде адамның есімі көшеге берілмейді деген заң талаптарын да айдалада қалдырдық. Осыны ескеріп, аудан әкімі көше атауын қайтадан қалпына келтіруі және халықтан кешірім сұрауы тиіс.

Батыс Қазақстан облысы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555