Қазақстан Иранмен келісімдерді тоқтатты ма?!
Сенаттағы брифингте журналистер ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетовтен Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты отандық кәсіпкерлер қандай шығынға ұшырап жатқанын сұрады. Ол қазіргі таңда көптеген бизнес-жобалар тоқтап тұрғанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазақстандық кәсіпкерлер әзірге күту режимінде. Сонымен қатар вице-министр нақты қандай жобалар екенін нақты айтпады.
Бізде астық жеткізу болған. Азық-түлік өнімдерімен өзара алмасу жобалары да бар еді. Бәлкім, олардың барлығы қазір кідірісте тұрған шығар, – дейді Арман Исетов.
Соғыс салдарынан болған қаржылық және инвестициялық шығындар туралы сұраққа вице-министр ірі шығындардың жоқ екенін айтты. Оның сөзінше, инвестиция көлемі айтарлықтай көлемді болмаған.
Дегенмен, Иранмен арадағы әріптестік қарым-қатынасты ескерсек, белгілі бір әсері бар. Бірақ ол аса ауқымды емес, – деп түйіндеді Арман Исетов.
Abai.kz