Бақылау-кассалық машина 2.0.3 нұсқасына қосылу талаптары
Бақылау-кассалық машина 2.0.3 нұсқасы бойынша қосылу талаптары және Ұлттық тауарлар каталогына (ҰТК) қосымша ақпарат...
Қазақстан Республикасында салықтық бақылауды жетілдіру және есептілікті цифрландыру мақсатында енгізілген Бақылау-кассалық машина (БКМ) 2.0.3 нұсқасы барлық бизнес субъектілері үшін міндетті болып табылады.
Бұл талаптар негізделген: ҚР Салық кодексінің 67-бабы, ҚР «Тауар саудасын реттеу туралы» Заңы №215-VIII (2025), Сауда және интеграция министрінің 232-НҚ және 284-НҚ бұйрықтары.
БКМ 2.0.3 нұсқасына көшу кәсіпорындарға кассалық операцияларды, электрондық шот-фактуралар мен есептілікті дұрыс жүргізуді қамтамасыз етеді.
ҚР Салық кодексі (67-бап) – БКМ қолдану және салық есептілігін жүргізу тәртібін бекітеді.
ҚР «Тауар саудасын реттеу туралы» Заңы №215-VIII (2025) – тауарларды тіркеу, сапасын бақылау, сауда қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Министрліктің 232-НҚ бұйрығы (2025) – ҰТК жүргізу қағидаларын бекіту.
Министрліктің 284-НҚ бұйрығы (2025) – модерация және түзету ережелері.
Қосылу кезеңдері
1) 1 наурыз 2026 – Импорттаушылар және отандық өндірушілер
2) 1 сәуір 2026 – Ірі сауда желілері
3) 1 шілде 2026 – Шағын және микробизнес
2026 жылғы 1 шілдеден бастап БКМ 2.0.3 нұсқасын қолдану міндетті.
Сынақ кезеңі: қаңтар–шілде 2026.
1. ҰТК қосымша ақпарат
- Ұлттық тауарлар каталогы – барлық тауарлар үшін орталық дерекқор, NTIN/GTIN кодтары бар.
- Тауар сипаттамалары мен бағалары енгізіледі.
- ҚР Заңы бойынша деректерді енгізу ұсынылады.
- ҰТК арқылы деректердің дұрыстығы тексеріледі, БКМ деректерімен сәйкестік қамтамасыз етіледі, электрондық есептілік үйлесімді жүргізіледі.
2. Ұсынылатын іс-шаралар
1) БКМ 2.0.3 нұсқасына уақытылы өту
2) Деректерді фискалдық операторға толық және дұрыс беру
3) NTIN/GTIN кодтары мен тауар ақпараттарын енгізу
4) Қызметкерлерді БКМ және деректерді енгізу тәртібімен таныстыру
5) Электрондық есеп беру жүйелерімен интеграция жасау
БКМ 2.0.3 нұсқасына көшу – салықтық бақылауды жетілдіру және цифрландыру саясатының маңызды бөлігі.
Бостандық ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, Салық төлеушілермен жұмыс бөлімі
Abai.kz