Сейсенбі, 19 Мамыр 2026
Жаңалықтар 109 0 пікір 19 Мамыр, 2026 сағат 14:03

АҚШ мешітіндегі атыстан 5 адам қаза тапты

Сурет: inbusines.kz сайтынан алынды.

Оқиға штаттағы ең ірі мешіт саналатын Сан-Диего ислам орталығы аумағында болған.

Полицияға жергілікті уақытпен шамамен таңғы 11:40-та хабар түскен. Құқық қорғау органдары оқиға орнына жедел жетіп, жағдай толық бақылауға алынғанын мәлімдеді.

Қалалық полиция басшысы Скотт Уол шабуыл салдарынан 3 ер адамның көз жұмғанын айтты. Қаза тапқандардың арасында ислам орталығының күзет қызметкері де бар. Ал шабуыл жасады деген күдікке ілінген екі адамның денесі кейінірек табылған.

Полицияның мәліметінше, күдіктілер – екі жас жігіт. Қазіргі уақытта олардың жеке басы мен әрекетінің себебі анықталып жатыр. Тергеушілер бұл оқиғаны діни өшпенділік негізінде жасалған қылмыс болуы мүмкін деген нұсқаны де қарастыруда. Себебі, шабуыл діни нысан аумағында жасалған.

Атыс Сан-Диего орталығынан шамамен 14 шақырым солтүстікте орналасқан кешенде болған. Мұнда мешітпен қатар мектеп те бар. Шабуыл кезінде ғимаратта балалар отырған. Абырой болғанда, барлығы дер кезінде эвакуацияланып, зардап шекпеген. Мектепте араб тілі, исламтану және Құран сабақтары өтіп жатқан.

Құқық қорғау органдары оқиғаның өте жылдам өрбігенін айтады. Атыс мешіт маңында да, оған жақын аудандарда да тіркелді. Полиция оқиға орнына келген сәтте бірнеше құрбанды анықтаған. Кейінірек көліктен 17 және 19 жастағы екі жігіттің мәйіті табылды. Олардың денесінде оқ жарақаты болған. Тергеудің алдын ала болжамынша, екеуі өздеріне қол салған.

Қазір іске АҚШ Федералдық тергеу бюросы да араласып, тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Осы оқиғадан кейін Нью-Йорк, Вашингтон және Лос-Анджелес полициясы мешіттер мен өзге де діни нысандар маңындағы қауіпсіздік шараларын күшейтетінін хабарлады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2898
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1999