Сейсенбі, 26 Мамыр 2026
Жаңалықтар 122 0 пікір 26 Мамыр, 2026 сағат 14:38

Биыл білім гранттары қалай бөлінеді?

Сурет: egemen.kz сайтынан алынды.

Қазақстанда 2026-2027 оқу жылына жалпы саны 89 457 мемлекеттік білім гранты бөлінбек. Мұны 26 мамырда үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады.

Соның ішінде:

бакалавриатқа - 75 371 грант;

магистратураға - 11 007 грант;

докторантураға - 3 079 грант бөлінеді.

Билік грант бөлуде елдің 2030 жылға дейінгі еңбек нарығы болжамына сүйенгенін айтады.

Ресми дерекке сәйкес, аталған кезеңде Қазақстанға 883 мыңнан астам маман, оның ішінде шамамен 530 мыңы инженерлік салада қажет болмақ. Сондай-ақ 185 мың педагог және 168 мыңға жуық басқа бағыттағы кадрларға сұраныс бар.

Гранттардың 60 пайызы инженерлік-техникалық және аграрлық мамандықтарға, 21 пайызы педагогика саласына бөлінген. Министрлік бұл саясат еңбек нарығы сұранысын жабуды көздейді деді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 3176
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 2266