Бейсенбі, 18 Маусым 2026
106 0 пікір 18 Маусым, 2026 сағат 19:59

Қоқыстан табыс тауып, игілікті іске жаратайық!

«Қоқыстан табыс тауып, оны игілікке жаратайықдеген бастаманы ЖСДП-ның Астана қалалық филиалы бірнеше жылдан бері көтеріп келеді. Қаншама ретмәселе көтеріліп, нақты есептер мен дәлелдер келтірілгенімен, жауапты мекемелер ұзақ уақыт бойыбұл ұсынысқа салғырт қарап, оның жүзеге асуына жеткілікті қолдау көрсете қойған жоқ. Алайда халық даналығында, «Ұра берсең, киіз қазық та жерге кіреді»демекші бүгінде сол табандылықтың нәтижесі көріне бастады.

Сурет: Видео скрині.

Біз дамыған мемлекеттердің тәжірибесін мысалғакелтіруден әсте жалыққан емеспіз. Әсіресе Корея мен Жапониядағы тазалық мәдениетіне тәнті болып, ол елдердің тұрғындарының қоршаған ортаға деген жауапкершілігін жиісөз етеміз. Алайда жақсы үлгіні тек тамашалап қана қоймай, оны өз өмірімізге енгізудің маңызы зор екені анық. Қуаныштысы сол, елімізде де экологиялық мәдениетке деген көзқарас біртіндеп өзгеріп келеді. Бұл өзгерістіңартында азаматтық қоғам өкілдерінің, оның ішінде ЖСДП белсенділерінің ұзақ жылғы еңбегі жатыр.

Сурет: Видео скрині.

Аталған жобаның бастауында Жалпыұлттық социал-демократиялық партия ЖСДП Астана қалалық филиалының басшысы Талғат Табысбайұлы тұрды. Оның айтуынша, тұрғындардың күн сайын қоқысқа тастап жатқан қағаз, картон және пластик қалдықтарының өзі үлкен экономикалық және экологиялық мүмкіндікке жол аша алады.

Бүгінде көпшілік макулатура жинап өткізу арқылы табыстабуға болатынын біледі. Дегенмен бұл жұмысты жүйелі түрде ұйымдастырып, тұрғын үй кешендерінің игілігіне жарату мәселесі бұрын-соңды кең көлемде қолға алынбаған еді. Осы мүмкіндікті тиімді пайдалануды көздеген жоба авторлары жұмысты елордадағы ірі тұрғын үй кешендерінен бастауды жөн көрген.

Шынында да, қаладағы көптеген қоқыс алаңдарында қағаз, картон және пластик бөтелкелердің көп мөлшерде жиналатынын байқауға болады. Талғат Табысбайұлы осы қалдықтарды бөлек жинау арқылы елеулі қаражат табуға болатынын есептеп шыққан. Алғашқы тәжірибелік жоба нәтижесінде бір ғана тұрғын үй кешенінен ай сайын кемінде100 мың теңге көлемінде табыс түсіруге мүмкіндік бар екені анықталған. Егер сұрыптау ісіне барлық тұрғын белсенді қатысса, бұл көрсеткіш бірнеше есе артуы мүмкін.

«Біздің негізгі мақсатымыз – тек қаржы табу емес. Еңалдымен тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруды көздедік. Бұған дейін де қоқысты бөліп жинау бастамалары болғаны белгілі. Аулаларда түрлі-түсті контейнерлер орнатылып, тұрғындар алғашында оған қызығушылық танытты. Алайда кейін олардың сеніміне селкеу түсе бастады. Себебі тұрғындар әлгі түрлі-түсті жәшіктерге бөлек жинаған қалдықтарды арнайы көліктермен емес бір ғана көлікке тиеліп араласып кетіп жатқанын көрді. Соның салдарынан адамдардың сұрыптауға деген ынтасы мүлде төмендеді. Тіпті сенімдері су сепкендей басылды десем болады», – дейді жоба бастамашысы Талғат Омаров.

Расында, бірнеше жыл бұрын Астанада қоқыстысұрыптау науқаны кең түрде қолға алынған болатын. Алайда оның нәтижесі күткендей болмады. Ең бастысы, тұрғындарға бұл істің экономикалық тиімділігі жөнінденақты ақпарат берілмеді. Ал бүгінгі жобаның ерекшелігісол, бұл жерде табыс пен түсім туралы ашық әрін нақты көрсетіліп отыр.

Талғат Табысбайұлының айтуынша, жоба алдымен қалаәкімдігіне, кейін «Жасыл даму» АҚ-на ұсынылған. Ұсыныстың маңызын түсінген «Жасыл даму» мамандарыбастаманы қолдап, бірлескен жұмысты бастаған.

Қазіргі уақытта Астанада оннан астам тұрғын үйкешенінде қағаз бен пластик қалдықтарын бөлек жинауғаарналған арнайы жәшіктер орнатылған. Жиналғанқалдықтар бірнеше күн ішінде арнайы техника арқылысұрыптап қайта өңдеу орталықтарына жеткізіледі. Ондақалдықтар өлшеніп, өткізілген шикізаттың құны тікелейменшік иелері бірлестіктерінің МИБ есепшотынааударылады.

«Бүгінде бұл жобаға қызығушылық артып келеді. Бізтұрғындармен және МИБ басшыларымен тұрақты түрдетүсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Кезекте тұрғантұрғын үй кешендері де аз емес. Тіпті еліміздің басқаөңірлерінен де ұсыныстар түсіп, тәжірибе алмасуғашақырып жатыр», – дейді жоба жетекшілері.

Әрине, табыс бар жерде қызығушылықтың болуызаңды құбылыс. Бірақ бұл жерде түскен қаржат жекеадамдардың қалтасына емес, тұрғын үйдің ортақ қажетінежұмсалатынын ерекше атап өткен жөн. Қаражат МИБ есепшотына түсіп, кейін тұрғындардың келісімімен ауланыабаттандыруға, балалар алаңдарын жөндеуге, жарықтандыру жүйесін жаңартуға немесе өзге де ортақмәселелерді шешуге бағытталады.

Жуырда біз Талғат Табысбайұлымен бірге осындайжоба жүзеге асырылып жатқан тұрғын үй кешендерініңбірінде болып қайттық. Кездесу барысында тұрғындарбастаманың тиімді екенін айтып, қолдау білдірді. Олардыңпікірінше, ендігі негізгі міндеттұрғындарды қоқыстытұрақты түрде сұрыптап тастауға дағдыландыру.

Сайып келгенде еліміздің Жаңа Конституция жобасында жоғары экологиялық мәдениеттіқалыптастыру мемлекет қызметінің негізгіқағидаттарының бірі ретінде белгіленгені айқын. Бұл қағидат Ата Заңымыздың 3-бабының 1-тармағындабекітілген. Міне Жалпыұлттық социал-демократиялықпартия Конституцияда көрсетілген аталмыш бапты тікелей жүзеге асыруды қолға алып отыр десек толық негіз бар.

Әрине, кез келген жаңа бастаманың қалыптасуыуақытты талап етеді. Дегенмен халық «Көш жүре түзеледі» дейді. Тұрғындар өз еңбегінің нақты нәтижесін көргенсайын, қоқысты сұрыптау мәдениеті де біртіндепқалыптасып, экологияға да, экономикаға да пайдасынтигізері сөзсіз.

Бердібек Қабай

Abai.kz

0 пікір