Жұма, 23 Қазан 2026
1644 0 пікір 23 Шілде, 2026 сағат 22:10

Орталық сайлау комиссиясында жеребе тарту өтті: саяси партиялар сайлау бюллетенінде қандай ретпен орналасады?

Сурет: ҚР Орталық сайлау комиссиясынан алынды.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында саяси партиялардың атауларын сайлау бюллетеніне енгізу реті айқындалды. Жеребе тарту рәсімін Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман өткізді.

Алдымен мемлекеттік тілдегі атауларының әліпби тәртібімен саяси партиялардың өкілдері кезекпен үстелге шақырылды. Олар өз қолдарымен ішінде нөмірі бар жабық конвертті суырып алды. Сол нөмірмен олардың партиясы сайлау бюллетенінде көрсетілетін болады.

«Орталық сайлау комиссиясының отырысында өткізілген жеребе тартудың қорытындысы бойынша, 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беру кезінде саяси партиялардың атаулары сайлау бюллетенінде мынадай ретпен орналасатын болады: 1. «Әділет» партиясы», 2. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы», 3. Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы, 4. «Қазақстан Халық партиясы», 5. «Ауыл» партиясы»,6. «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы», 7. «Respublica» партиясы». Жеребе тарту қорытындылары Орталық сайлау комиссиясы мүшелерінің тиісті хаттамасымен бекітіледі»,- деп атап өтті ОСК Төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1150
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1605