Жұма, 16 Қазан 2026
1423 0 пікір 21 Тамыз, 2026 сағат 18:24

ОСК Құрылтай сайлауы қарсаңында 70 мыңнан астам адамды оқытты

Сурет: ЖИ арқылы жасалды.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында сайлау комиссияларының мүшелері мен сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқыту бағытында жүргізген жұмысы туралы баяндалды.

ОСК хатшысы Шавхат Өтемісовтің айтуынша, Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық аясында Орталық сайлау комиссиясы сайлау процесіне қатысушыларды каскадтық оқытудың көп деңгейлі жүйесін қалыптастырған.

«Аймақтық және учаскелік сайлау комиссияларының 71 мыңнан астам мүшесінің қатысуымен 7 мыңнан астам оқытусеминары өткізілді. Бағдарлама теориялық және практикалық дайындықты, оның ішінде дауыс беру күні орын алуы мүмкін нақты жағдайларды талдауды қамтыды. Алынған білімді және комиссиялардың дайындығын бағалау ОСК мүшелерінің өңірлерге жұмыс сапарлары барысында жүргізілді» - деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы.

Оқыту «Тренер тренерді оқытады» қағидаты бойынша офлайн және онлайн форматтарда жүргізілді. Өңірлер үшін оқу-әдістемелік кешен мен анимациялық оқыту фильмі әзірленіп, жолданды. Аталған материалдар оқу процесінде пайдаланылуда.

Сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқыту маңызды бағыттардың бірі болды. Бұл оқытуға 23 мыңнан астам адамқамтылды. Олардың қатарында саяси партиялардың, аккредиттелген қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1021
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1374