Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 3811 0 пікір 7 Қараша, 2009 сағат 09:23

“ҚЫЗЫЛ” СӘКЕННІҢ ҰЛТШЫЛДЫҒЫ

Сәкен Сейфуллин атамекен болашағының нұрлы, жарқын болуын тіледі, барлық саналы ғұмырын, күш-жігерін осы ізгілікті іске арнады. Қазір біз дамыған елу елдің қатарына кірейік десек, Сәкен айналасы жиырма жылдың ішінде қазақ дәулеті шалқыған, өнер-білімі гүлденген халықтардың қатарына қосуды армандады. Ол үкімет басқарған аз уақыттың ішінде экономиканы, мәдениет пен әлеуметтік саланы дамытудың ұлан-ғайыр шаруаларымен қатар тікелей қазақ ұлтының рухани саласындағы бұрын шешімін таппай жүрген мәселелердің түйінін тарқатуға білек сыбана кірісті. Сол үшін “халық жауы” болып есептелді, большевиктердің қуғын-сүргініне түсті.

Амантай КӘКЕН, журналист.
Кеңес заманында репрессия нау¬қанына іліккен жергілікті ұлттардың зиялы қауымының басым көп¬ші¬лігіне ұлтшыл деген айып тағылатын. Сә¬кен¬ге де осындай пәле жабысты. Оны ай¬та¬сыз, ол қарапайым қатардағы емес, ұлт¬шыл¬дар тобын құрған ұйым жетекшісі бо¬лып есептелді. Ақиық ақынның іс-әрекетіне НКВД-нің саяси астар беріп, мұн¬дай қорытынды жасауы “негізсіз” емес еді.

Сәкен Сейфуллин атамекен болашағының нұрлы, жарқын болуын тіледі, барлық саналы ғұмырын, күш-жігерін осы ізгілікті іске арнады. Қазір біз дамыған елу елдің қатарына кірейік десек, Сәкен айналасы жиырма жылдың ішінде қазақ дәулеті шалқыған, өнер-білімі гүлденген халықтардың қатарына қосуды армандады. Ол үкімет басқарған аз уақыттың ішінде экономиканы, мәдениет пен әлеуметтік саланы дамытудың ұлан-ғайыр шаруаларымен қатар тікелей қазақ ұлтының рухани саласындағы бұрын шешімін таппай жүрген мәселелердің түйінін тарқатуға білек сыбана кірісті. Сол үшін “халық жауы” болып есептелді, большевиктердің қуғын-сүргініне түсті.

Амантай КӘКЕН, журналист.
Кеңес заманында репрессия нау¬қанына іліккен жергілікті ұлттардың зиялы қауымының басым көп¬ші¬лігіне ұлтшыл деген айып тағылатын. Сә¬кен¬ге де осындай пәле жабысты. Оны ай¬та¬сыз, ол қарапайым қатардағы емес, ұлт¬шыл¬дар тобын құрған ұйым жетекшісі бо¬лып есептелді. Ақиық ақынның іс-әрекетіне НКВД-нің саяси астар беріп, мұн¬дай қорытынды жасауы “негізсіз” емес еді.
Сәкен Сейфуллиннің үкімет билігіне қолы жетісімен-ақ қазақты қырғыз емес, қазақ дейік, іс қағазын қазақша жүргізейік, ұлыдержавалық шовинизмге тосқауыл қояйық, қазақ жастарын оқу-білімге көп¬теп тартайық деген сияқты ұлттық құн¬ды¬лықтарды бірінші орынға шығарып дәріп¬теуі, әсіре белсенділік көрсетуі боль¬шевик басшыларға ұнай қоймағаны белгілі.
Алашорда қозғалысы көсемдерінің бірі Әлімхан Ермеков “Біз Орда жағында болдық десек те нағыз ұлтшыл Сәкен Сейфуллин еді” деп мойындаған екен. Рас, Сәкен қазақ халқының еңсесін көтеріп, бөтен жұртпен терезесі тең болуын аңсады. Аққан жұлдыздай қысқа өмірін осы арман-мақсатты орындауға арнады. Нағыз ұлтшыл еді. Бірақ бұл сөздің төркінін әркім әртүрлі түсінеді десек, өкінішке қарай, большевиктер үшін ол “жау” деген мағынада қолданылатын. Мәселен, ғылыми тұрғыдан кеңес тұсында “национализм – буржуазная и мелкобуржуазная идеология, а также психология в национальном вопросе” (Философский энциклопедический словарь. М., 1983) деп анықталды. Демек, елді бай мен кедейге бөліп, қоғам дамуын таптық күрес тұрғысынан түсіндіретін большевиктердің түпкі мақсаты буржуазиялық идеология қалдықтарын құрту болып табылса, ал мұны қостады, қоштады дегендердің ісі қолма-қол қатталып, қылмыстық жауапқа тартылатындығы бесенеден белгілі. Сөйтіп, ресми түрде “ұлтшыл” деген сөз кеңес заманында пәлсапалық тұрғыдан ғана емес, саяси астары бар құқықтық термин қатарына қосылды да мұның өзі елді үлкен қайғы-қасіретке ұшыратты.
Дүниенің барлық құбылысына саяси астар беретін коммунистік қоғамда “ұлтшылдық” дегенді ғалымдар осылай сипаттады. Дұрысында, қарапайым сөзбен айтсақ, ұлтшылдық дегеніміз ұлтын, халқын сүюшілік, оның ұлттық байлықтарын әспеттеп, ұлықтай білетін адамның сана-сезімі, қимыл-әрекеті емес пе? Сондықтан да біз ұлтшылдық “төл этностық құндылықтары мен мақсат-мұраттарын құрметтеуімен сипатталатын адам санасындағы әлеуметтік саяси-этникалық құбылыс” (Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. А., 9-т.) деген қазақ ғалымдарының тұжырымын басшылыққа алған дұрыс деп есептейміз.
Сәкен Совнарком төрағасы болып тура екі-ақ жыл істеді. Оның сол бір ауыр жылдарда аштықпен күрес тағы басқа толып жатқан халық шаруашылығын өркендету саласындағы іс-әрекетін былай қойғанда, халқымыздың ұлттық құндылықтарын кәдеге жаратып, ұлттық рухымызды асқақтату жолында тындырған жұмыстары қаншама десеңізші! Соның кейбіреуін ғана атап өтейік.
Компартия мүшесі үшін барып тұрған тәртіпсіздік болып табылатындығына қарамастан ақын бабамыз облыстық партия комитетінің рұқсатынсыз (!) Алашорда көсемінің бірі Ахмет Байтұрсыновтың 50 жылдық мерейтойын өткізді. Совнарком төрағасы мұнымен қоймай баяндама жасап, “ұлтын сүйетін шын ұлтшыл”, ешкімді бай мен кедейге бөлмей “қазақты ғана сүйетін адал ұлтшыл”, “сол ұлт қамы үшін коммунистік партияға да кірді” деп Ахаңның кім екендігін ескертіп, қазақ тарихының төріндегі орнын тұңғыш рет көрсетіп берді.
Ұлт көсемінің қадір-қасиетін осылай ба¬ғалаған Сәкен Сейфуллиннің өзі нағыз ұлтшыл еді. Егер ол ондай болмаса “қазақты қазақ дейік, тарихи қатені түзетейік” деп ресми түрде мәселе көтерер ме еді? Мұның өзі ұзақ айтыс-тартыстан соң Сәкен қызметтен кеткеннен кейін Советтердің V Бүкілқазақтық съезінің 1925 жылдың 18 сәуіріндегі қаулысына орай қазақ бұрынғыдай қырғыз емес, қазақ деп аталатын шешімге ұласты (оның орысшасында қазіргідей казах емес, казак деп жазылған болатын - А. К.).
Советтер тұсында Қазақ үкіметін басқарған азаматтардың ішінде орыс шовинизмінің қанжоса іздері туралы ашық пікір айтып, онымен күресу қажеттігін талап еткен бірінші қазақ кім десек, ол – Сейфуллин. Ақынның осыдан 86 жыл бұрын айтып-жазғандары күні бүгінге дейін мән-маңызын жойған жоқ.
Көп жағдайда сөз бен ісі қабыса бермейтін жаңа биліктің құрғақ уәдесіне иланып, боль¬шевиктердің отаршылық зардаптарын жойып, жергілікті халыққа бозторғай жұмыртқалаған заман орнатамыз деген құрғақ уәдесіне сенген оған 1923 жылдың 17 сәуірінде ашылған РКП(б) ХІІ съезінің ұлт мәселесі жөнінде айтқан ой-пікірі, қабылдаған шешімі Сәкеннің ойлаған жерінен шығып, жаңа күш-қуат бергендей еді. Соның желігі болар, ол ұлттық мүдделерімізді жүзеге асыруға қарсылық есебінде орын алып отырған метрополияның әлі де болса орыстандыру, шо¬винистік саясатты жалғастырып келе жатқандығын сынауға ашық кірісті. Мәселен, “Ұлт мәселесінің маңызы” деген мақаласын оқып көрейікші.
“Россияда жаңа шаруашылық саясат (НЭП) жүзеге асқаннан бері орыстың ұлтшылдығы күшейе бастады. Әм Деникиннің істей алмаған бұрынғы “ұлық Россияны бөлмей-жармай тұтас сақтау” пікірін қазіргі уақытта еппен, білдіртпей іске асырмақ тілек те бар.
Бұл идея – сменовехство (кеңес өкіметін мойындай отырып, НЭП саясаты түбінде КСРО-ны іштей ыдыратады деп үміттенген ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы орыстың эмигрант интелли¬генциясы ішіндегі қоғамдық-саяси ағым – А. К.) жаңа шаруашылық саясаты орнағалы ішкі тұрмысымызда бір жаңа күш туа бастады. Ол жаңа күш біздің кеңес мекемелеріне әм хатта партия мекемелеріне ұялай бастаған орыстың ұлтшыл¬дығы, өзімшілдігі. Национально-шовинисти¬ческое”, – деп Сәкен большевиктердің нақты атқарып отырған іс-әрекетінің патшалық жүйеден алысқа ұзай қоймағандығының бетін ашып береді. Жаңа өкіметтің осындай империялық, ұлыдержавалық пиғылын саралай отырып Сәкен жағдайды өзгерту үшін тиісті шараларды жүзеге асыру қажет деп есептейді.
“Егерде орыстың жарлы табы (пролетариаты) жалғыз орыстың крестьянствосымен емес, бұрынғы езілген ұлттардың крестьянствосымен (ауыл шаруасымен) дұрыс жалғасу әм дұрыс одақтастық жасай алса, әр ұлттың ауыл шаруаларына да сондай өзінікі болу керек. Ал әр ұлттың ауыл шаруаларына кеңес үкіметі өзінікі болу үшін ол кеңес үкіметі жергілікті ұлттар үшін түсінікті болуы керек. Жергілікті мекемелерде іс олардың ана тілінде жүру керек. Жергілікті мекемелерде ылғи сол жергілікті халықтардың тілін, тұрмысын, заңын, әдет-ғұрпын білетін өз адамдарынан отырғызу керек” – дейді автор.
Езілген ұлттардың еңбекшіл жұрты бұрынғы билеп-төстеген ұлттармен қағаз жүзінде, заң алдында құқықтары тең болғанымен іс жүзінде түрлі жағдайда бірдей болмай келген еді. Соның салдарынан екі жақтың арасында ұғыныспау¬шылық, түсінбеушілік болып келді дей келе Сәкен сұрақ қояды: “мемлекетке, коммунист партиясына бұрын кем болып қалған ұлттан шыққан “ұлтшылдық” қатерлі ме, жоқ, бұрын ұлық, қожа болып қалған зор ұлттан шыққан “өзімшілдік”, “отаршылық” қатерлі ме?.. партия¬ның әм кеңес үкіметінің жалпы істеріне, жалпы бағытына ең үлкен қатерлі, үлкен кеселді, зиянды нәрсе бұрынғы зор болып қалған елден шыққан “отаршылдық”, “өзімшілдік”, ал аянбай күресетін затымыз осы”, – дейді ол “12-партия жиналысы ұлт мәселесін дұрыс шешуге жаңа жоба көрсетті” деген мақаласында. – Партия съезінің қарарына сүйене отырып, Сәкен ең негізгі қауіп ұсақ ұлттардың (қазақтардың) ұлтшылдығы емес, ұлыдержавалық шовинизм екендігіне тағы да ерекше назар аударады.
Қағаз жүзінде бостандық тигенімен, өзінің қараңғылығынан, іс жүзінде кейбір реттерде теңдікке қолы жете қоймайтынын орталыққа тәуелді ұлттың өзінен шыққан коммунистері артығырақ біледі. Міне, осыған байланысты бұрынғы қожа болған ұлт пен жергілікті ұлт өкіл¬дері арасында келіспеушілік болып қалатындығын ескерте келе Сәкен ойын былай қорытады.
Өзін әрдайым қожа ретінде сезінетін орыстарға уақ ұлттардың сенімсіздік білдіруін жою үшін оларға шын мәнінде теңдік, ерік, билік берілуінің қажеттігін көрсетіп, жергілікті мекемелерде істі сол уақ ұлттардың ана тілінде жүргізу керек дейді ол. Сонымен бірге, автор мекеме басқармаларына жергілікті ұлттардың адамдарын көптеп алып, ұлт аймақтарында өнеркәсіп саласын өрістетіп, бұрын әскерге алынбай жүрген халықтарды әскерге шақырып, бөлек ұлт әскерін құрған жөн деп есептейді. Бұрынғы кемдік көріп, отарланған ұлттарға көбірек сенім артқан дұрыс деген пікірді ортаға салады.
Тәуелсіздік алған жиырма жылдай уақыт ішінде ана тіліміз конституциялық талапқа сай мемлекеттік тіл дәрежесіне ие болғанына қарамастан, күні бүгінге дейін босаға сығалап тұрғаны шындық. Олай болса, Совнарком төрағасы орынтағына отыра салып осыдан 87 жыл бұрын Сәкен қазақ тілін мемлекеттік тіл етейік, ал кеңсе істерін қазақшаға көшірейік деп ресми түрде талап қоюы ерлікпен пара-пар болатын іс деп атауымыз орынды болмақ. Айтыңызшы, үкімет басқарған қай қазақ Сәкен сияқты тіл мәселесіне білек сыбана кірісті? Совнаркомдағы ұлан-ғайыр жұмысын “Еңбекшіл қазақтағы” редакторлық қызметімен ұштастырған ол осы тақырыпқа бірінен соң бірі тоғыз мақала жазды.
Бірақ ақын бабамыз үгіт-насихатпен ғана шектелмегені белгілі. Нақтылы шараларды жүзеге асыруға мұрындық болды. Қолындағы билігін пайдаланып, тіліміздің өркен жаюы үшін тер төкті, шаршап-шалдықты. Сәкен: “Сылбыр қимылдайсың, комиссия жұмысы әлі де ойдағыдай болмай жатыр”, деп өзінің жан жолдасы КазЦИК секретары Жанайдар Сәдуақасовты сынады. Тіл мәселесін шешуде “орынсыз тартыншақтап, сақтық жасайсыз” деп Атқару Комитетінің төрағасы Сейтқали Меңдешевке де ренішін білдірді. Тап осындай себепке байланысты облыстық партия ком謬тетінің бірінші хатшысы Георгий Коростелевпен арасы алшақтай түсті. Одан басқа да жақсы-жайсаңдардың көпшілігі Сәкеннің қазақ тілі жөніндегі ширақ құлшынысын жаппай қолдай қойды деу қиын. Соған қарамастан айтқан сөзін өткізді. 1923 жылғы 22 қарашада КирЦИК қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі жөнінде арнайы декрет қабылдаған-ды.
Қазір адам капиталына назар аударылып, бұған тікелей қатысты деген оқу-білім, денсаулық сақтау салаларын сараптау әдетке айналды. Бұл тегіннен-тегін емес. Өйткені, қандай да болсын мемлекеттің болашағының нұрлы болуы үшін бұл екі саланың орны ерекше екендігіне ешкім күмәндана қоймас. Қоғам мүшелерінің сауатты, кәсіптік деңгейлерінің жоғары, денсаулық¬тарының мықты болуы елдің өсіп-өркендеуіне елеулі ықпал жасайтындығы сөзсіз. Сондықтан қандай ел болса да оның тиянақты шешімін табуға әрдайым мүдделі.
Мысалға білім беру саласын алайық. Қазақстан жоспар бойынша 2008 жылы бұған ішкі жалпы өнімнің 4,4 пайызы жұсалады деп жоспарласа, орындалғаны – 3,6 пайыз. Бұл көрсеткіш Украина мен Белоруссияда 6 пайыз шамасында көрінеді. Осыған орай мына бір мәселеге назар аударып көріңізші. 1 миллион адамға шаққанда жоғары оқу орнының саны жағынан біз Ұлыбританияны, Жапонияны, Германияны, Ресейді басып озыппыз. Қазір Қазақстанда 181 жоғары оқу орны бар екен. Демек, саны көп, ал сапасы ше? Ойланарлық жәйт.
Сәкен Сейфуллин қазақ халқының іргелі мемлекет орнатуы үшін елдің сауатты болып, ғылым-білімге деген қажеттілігін арттырудың ерекше маңызы бар екендігін ерте сезген. Бұған шәкірт болып жүрген кезінің өзінде “Айқап” журналында жарияланған “Омбының орталық-фельдшерлік мектебі” (№ 21, 1913) деген мақаласы дәлел.
Оқу-білім мәселесіне арналған тырнақалды еңбегінде ол патша үкіметінің қазақ балалары үшін арнайы бөлінген 16 стипендияға үш-ақ шәкірт түскендіктен, қалған бос орындар орыс балаларына үлестірілгенін қынжыла жазады. Сондықтан, дейді Сәкен, “келесі жылы Ақмола қазағына ма, Семейге ме стипендия босайды орыс балаларынан. Тағы да қазақ балалары құр қалмай ұмтылуы керек”, – деп ескертеді. Демек, балауса жігіт өкімет қаржысы есебінен бөлінген орынға қазақтар тағы да бейқамдық жасамасын, далада қалмасын деп шырылдайды.
Семинарияда оқып жүрген кездің өзінде осындай ой толғаған Сәкен үкімет басына келісімен-ақ төрағалық қызметін “Еңбекшіл қазақтың” редакторлығымен қоса атқарып, осы тақырыпты газет бетінде тұрақты түрде көтеріп жатты: “Зор міндет”, “Әр қазақтың жадында оқу болсын”, “Барлық күш оқуға” т.б. Ол: “Оқусыз қазақтың болашақтағы күні қараң”, дей келіп, алдағы “жиырма жылдың ішінде қазақ өнерлі халықтардың қатарына кіру керек” дейді. Бұдан соң “қазақ халқына оқу керек, оқу керек, оқу керек” деп ұрандатып алады да, бұрын “қазаққа оқу бір мәртебе керек болса, енді, мың мәртебе керек” екендігін жұрттың есіне салады.
Міне, осы міндеттің ойдағыдай жүзеге асуы үшін Сәкен “...жер-жердегі мекемелер және Қазақстанның бас мекемелері барлық қорындағы қаражаттың жартысын (50 процентін) оқу ісіне жұмсау керек”, дейді. “Тек сонда ғана оқу ісі көркейеді, сонда ғана мұғалімдер табылады, сонда ғана оқу үйлері жөнделеді, оқу кітаптары да табылады, оқушылар да ынталы оқып, оқу жемісті болады”, дейді.
Сәкен осылай деп жазып қана қоймайды, келесі мақаласында елдің жұқалаң бюджетіне қарамай-ақ оқу-білім саласына қыруар қаржы бөлдік, енді соны ел игілігіне пайдаланайық дей келіп, “... надандықты жоймай қатарға кіре алмайсың, қазақ еңбекшілерінің баласы, оқы, оқы! Жатпа, тұрма оқы, үйрен, әйтпесе, қатарға кіре алмайсың!”, деп қорытады ойын.
Совнарком төрағасы болып жүрген кезде ол Қазақстаннан тыс жерлерге Мәскеуге, Петербургке, Томскіге, Қазанға, Саратовқа, т.б. ірі қалаларға балаларды оқыту жөнінде үкімет қаулысын қабылдатады. Қазақ үкіметі белгілеген шәкіртақымен Петербургте Мұхтар Әуезов пен Әлкей Марғұлан, Томскіде Қаныш Сәтбаев білімін толықтырды. Сол кезде осы бағдар¬ламамен көптеген қазақ жастары білім алып, олардың қатарынан ондаған мемлекет қайрат¬керлері, ұйымдастырушы іскер басшылар, оқу-білім, мәдениет саласының үлкен мамандары шықты. Сәкеннің осындай ұлтшылдығы еліміздің шаруашылығының өркендеп, рухани әлемінің көркейе түсуіне елеулі ықпал жасағанын мойындауымыз керек.
Сәкеннің атажұртын, қазақ халқын дәулеті шалқып, рухани дүниесі көркейіп гүлденген бай-қуатты елдер қатарына қосылсын деп жанталасқан бұл әрекет-қимылын большевиктер ұлтшылдық деп таныды. Сол үшін биік лауа¬зымды қызметінен шеттетілді. Кейін жазықсыз атылып кетуіне негіз болған бірден-бер себептің өзі де осы болатын.

Астана. «Егемен Қазақстан» №368 (25765) 07 ҚАРАША СЕНБІ 2009 ЖЫЛ

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2051