Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Жаңалықтар 3763 0 пікір 1 Ақпан, 2010 сағат 08:37

Қазақ баспасөзі көтеріп жүрген мәселеге Елбасы ерекше мән берді

Қазақ баспасөзі көптен бері жазып, айтып жүрген  мәселеге Президент Назарбаев «Нұр Отан» партиясының 29- қаңтарда болған бюро мәжілісінде тұғыш рет мән бере сөйледі. Партияның саяси кеңесіне мүше топтың төрінде отырып Президент: «Біз қазақстандық эфирді  шетелдік хабарлармен тұмшалап  тастадық», - деді.
Нұрсұлтан Әбішұлының бағамдауына сүйенсек, шетелдік хабарлар еліміздегі электронды БАҚ өнімдерін жұтып қойғанға ұқсайды. Сондай-ақ, Елбасы Қазақстанда қаптап кеткен шетелдік басылымдардың таралымына да шек қою керектігін аңғартып былай деді:
-«Қазақстанда Қазақстан туралы бір сөз жазбайтын басылымдар жарық көріп жатыр. Оларға бұнда кім рұхсат еткен? Қандай ел өзінің ақпараттық кеңістігін өзгелерге беріп қойып қарап отырады? «Хабарды» Англияда ашып көріңіз. Мүмкін бе осы? Бізде әркім білгенін жасап жүре береді. Сондықтан бұл саланы ретке келтіруіміз керек, және соны ұғындыру үшін үлкен жұмыстар атқаруға тура келеді».

Бізде Елбасы айтпаса,  елең етпейтін сорақы әдет бар емес пе? Тап жаңғындай әңгімеден кейін, шамасы, жоғарыда ептеген іс-қимылдар болуы әбден мүмкін. Сондай іс-қимылдарға алдымен қазақ баспасөзінің өкілдері өзіміз бар, жанашыр оқырман бар, оң ықпал етуге ұмтылуымыз керек. Мұндай сөз үлкен саясатта жүрген адамның аузынан күнде шыға бермейді. Оның үстіне Президенттің  «шетелдік баспасөз» деп тұрғаны  қай елдің баспасөзі екенін ішіміз, сірәда сезссе керек.
Бейресми дерек көздерінен жиған деректерімізге сүйенсек, Ресейден Қазақстанға 5248 газет-журнал толассыз келіп жатыр. Еліміздегі БАҚ-тың жалпы саны  2970. Оның ішінде «қаракөз» басылымдардың саны 450-ден енді асып отыр.
Айтпақшы, электронды үкімет құру жөнінде атқарушы билік өкілдерінің кезекті отырысында Премьр-министр Кәрім Мәсімов қазақстандықтардың дені Ресей баспасөзінің  нарығына тәуелді дей келе, бұл жайтты дұрыс деп бағалаған еді...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1515
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3286
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5850