Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3347 0 пікір 1 Ақпан, 2010 сағат 13:24

Жұмақ жердің бетінде

мәселе
Жуырда Ақтөбе қаласының Тұрғындар қалашығы ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінен дарға асылған 43 жастағы кісінің мәйіті  табылды. Оқиға  болған жерден үй иесінің өлер алдында жазып кеткен  ақырғы хаты табылды.
Тұрмыс тауқыметі қылмыстың орын алуына әкеп соқтырған. Алдын ала тергеу нәтижелері осындай болжам жасауға мәжбүрлеп отыр. Аталмыш қанқұйлы оқиға былай басталған көрінеді. 44 жастағы азамат 43 жастағы жігіттің пәтерін жалға алған. Кейін белгісіз себептермен келіскен мөлшердегі пәтер ақшасын төлемегендіктен үй иесі 44 жастағы азаматтан жамбас ақысын төлеуді талап етіпті. Енді міне жанжалдың соңы осындай қайғылы оқиғаға ұласып отыр. Қожайын 44 жастағы азаматты пышақтап өлтіргеннен кейін өмірден түңіліп, өз-өзіне қол жұмсапты. Өз пәтерінде дарға асылған үй иесі ақтық демі таусылар алдында «Мен ақылды ашуға жеңдіріп кісі өлтірдім. Енді өз қылмысымды өтеу үшін ажалға мойын ұсынып отырмын. Қош, кешіріңдер мені», деп тілдей хат жазыпты. Қазір поицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

мәселе
Жуырда Ақтөбе қаласының Тұрғындар қалашығы ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінен дарға асылған 43 жастағы кісінің мәйіті  табылды. Оқиға  болған жерден үй иесінің өлер алдында жазып кеткен  ақырғы хаты табылды.
Тұрмыс тауқыметі қылмыстың орын алуына әкеп соқтырған. Алдын ала тергеу нәтижелері осындай болжам жасауға мәжбүрлеп отыр. Аталмыш қанқұйлы оқиға былай басталған көрінеді. 44 жастағы азамат 43 жастағы жігіттің пәтерін жалға алған. Кейін белгісіз себептермен келіскен мөлшердегі пәтер ақшасын төлемегендіктен үй иесі 44 жастағы азаматтан жамбас ақысын төлеуді талап етіпті. Енді міне жанжалдың соңы осындай қайғылы оқиғаға ұласып отыр. Қожайын 44 жастағы азаматты пышақтап өлтіргеннен кейін өмірден түңіліп, өз-өзіне қол жұмсапты. Өз пәтерінде дарға асылған үй иесі ақтық демі таусылар алдында «Мен ақылды ашуға жеңдіріп кісі өлтірдім. Енді өз қылмысымды өтеу үшін ажалға мойын ұсынып отырмын. Қош, кешіріңдер мені», деп тілдей хат жазыпты. Қазір поицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
«Мемлекет тұрақты дамуға бет алып, елiмiз көркейiп келедi, жалақы көбейдi, жұмыссыздардың саны азайды» деп әлемге жар салған елдiң жастары ел аман, жұрт тынышта өз өмiрiне қиянат жасап, ың-шыңсыз арқанға асыла салатыны несi? Неге маңдайына шоқпар тимесе де қайғыға батып жүредi. Бақытты болу олар үшiн мүмкiн емес нәрсе секiлдi. Сұрасаң "өмiрден түңiлiп жүрмiн" - дейдi. Адамдар өз жандарын өздерi қиюы арқылы жердегi тiршiлiктi тоқтатпақ па? Түсiнiксiз. Ешкiм де бұл тұрғыда бiзге нақты жауап бере алмайды. Бiрақ, бұл сауалға әркiм өзiнше жауап iздейдi. Алдымен статистиканы көз салсақ, әлемдi үрей елесi кезiп жүргенiн мына мәлiметтер айғақтап бередi. Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының дерегiне сүйенсек, соңғы 45 жылда өз-өзiне қол жұмсаушылар саны бұрынғымен салыстырғанда 60 пайызға өскен. "Суицид" атының өзi қорқынышты. Ал жүйкесi жұқарған адамдардың саны әлем бойынша 121 миллионды құрайды. 
Дамушы және дамыған елдерде тiркелген суицид оқиғалары бiр-бiрiне ұқсас. Көңiлiне қаяу түскен, бойын шарасыздық пен сенiмсiздiк жеңген, сүйiктi iсiнен жерiнген, ұйқысыздыққа ұрынған, өзiне қол салуды ойлағандардың көбiсi жүйкесi жұқарған жандар екендігін психолог ғалымдар дәлелдедi. Осындай күйзелiстердi сезiнбейтiн жандар өмiрдi сол қалпында қабылдайды. Күйзелiссiз адамдар әлеуметтiк әлемдi жақсартуға тырысады. Бұлар саясаткерлер, қоғам қайраткерлерi. Депрессия салдарынан болатын оқиғалар көрсеткіші бойынша көштiң басында Еуропа тұр. Дания, Швейцария, Ұлыбритания, Венгрия, Эстония, Латвия, Литва, Германия т.б елдерде өзге қылмыстармен салыстырғанда өзiн-өзi өлтiру дерегі екi-үш есе көп.
Тарихқа үңiлсек, өткен ғасырдың 60-70 жылдары экономикалық, әлеуметтiк мәселелердi дұрыс жолмен шеше бiлген АҚШ тұрғындарын сайран салып өмiр сүру әбден жалықтырып, күйзелiске шалдықтырып, ақырында әрбiр сегiзiншi үйде бiр адам асылып, не у iшiп өлу оқиғалары тiркелген жоқ па? Қазiргi кезде американдықтардың 25 пайызы өздерiн "жүйкесi жұқарған" ауру сезiнiп жүр. Ұлыбританияда әр күн сайын 10 адам мiндеттi түрде өзiн өлтiредi екен. Ағылшындар елiнде осынау жағдай қалыпты құбылыс болып есептеледi. Әсiресе 2000 жылдың 1 қаңтар күнi өзiн-өзi өлтiрген тұрғындардың көп болғаны цифрларда көрiнген. Жаңа ғасыр, жаңа жыл жаңа парағын айқара ашқанымен қайтадан баяғы үйреншiктi өмiр қайталанатына налыған ағылшындардың бiразы ескi жылмен бiрге қыршын өмiрiн қиған. Жапон елi де ағылшындардан қалыспай келедi. Жыл сайын бұл елде 32 мың адам өзiн өлтiредi екен. Дендеп бара жатқан ауруға қарсы тұру үшiн билiк "Суицидке қарсы заң" қабылдаған. Тарау-тарау бағдарлама, азаматтарға арнайы жиындар жүргiзiп келедi. Ал өзiмiздiң көршiмiз ше? Ресейдi айтам. 2007 жылы кәмлетке толмаған 3000 жасөспiрiм өз еркiмен бұ дүниемен қоштасып кете барған. Ғалымдар тағы да жағаңды ұстайтын дәйектер келтiрдi. Әлем бойынша 18-24 жас аралығын қамтитын жастардың 80 пайызы өлiм туралы көбiрек ойлайды. Бұл дәйектi жоққа шығара алмаймыз. Себебi арамызда жалғыздан жалғыз мұң кешiп, түңiлiп жүретiндер аз емес.
Өзiне-өзi қол салушыларды рухани тоқырап, iшкiлiкке салынып, есiрткi тартып, қылмысқа барғандардың амалсыз тәсiлi деп баға берiп, тереңiрек үңiлмей келдiк. Қаржылық тапшылық, басқа да түрлi теперiштер адам психикасына кері әсер етiп, жүйкесiн тоздырады дедiк. Бiрақ бәрi бiрдей материалдық жағдайдың қиындығы үшiн осындай әрекетке барады десек, шындықтан алшақ кеткен болар едiк. Бұл өзi бүкiл әлемнiң назарын аударып отырған көкейкестi мәселе.
Өткен жылы Ақтөбе қаласында 38 жастағы жігіт өз әйелімен сөзге келіп, ауласында өсіп тұрған ағашқа асып өлген. Осыдан екі үш жыл бұрын Ақтөбе қаласында жарық көретін тәуелсіз газеттің жас тілшісі суисид тақырыбында мақала жазып, кейін аталмыш бойжеткен өздігінен үйінде асылып қалыпты. 
Негізі психологтар былай дейдi: "Дерттiң терең механизiмiн зерттегенде ағзамызда катехломин деп аталатын зат бар, бас миында болатын белгiлi бiр биохимиялық үрдiс кезiнде көңiл-күйдi көтеретiн, теңестiретiн зат. Осы заттың қосылысы кемидi. Кейбiр жағдайларда жүйке жасушаларының бұл заттарды ұстап тұруы бұзылады. Бұл көңiл күйдiң төмендеуiне әкеп соқтырады. Егер адам күйзелiс жағдайында болса, катехломиндi көптеп шығарады да, бiраз уақыт өткен соң оның деңгейi қайта қалпына келедi", - дейдi. Сондай-ақ, күйзелiске ұшыраудың 70 түрiн атап көрсетедi. Емделуге болады. Тек "депрессия" атты ауруға шалдыққандар психологтарға дер кезiнде көрiнуi керек. 
Қазақстанда жыл сайын өзін-өзі өлтірушілер көбейіп келе жатқанын жоғарыда келтірген статистика дәлелдеп отыр. Қоғамдағы бұл кесел бұрын да адамзаттың басты мәселесі болған. Қазір де солай. Кебір мемлекет өз- өзіне қол жұмсау оқиғаларын азайту үшін түрлі амалдар қолданған. Мысалы, суицидті қылмыс ретінде қабылдаған елдер де болды. Атап айтсақ, ежелгі Грекия. Мұнда өз-өзіне қол жұмсаушылардың үстінен (тірі қалғандарына) қылмыстық іс қозғалыпты. Оны аз десеңіз: қолдарын шауып тастайтын көрінеді. Заңның аты - заң. Сондықтан оған қарсы ешкім келе алмайды. Мұның бір пайдасы, сол дәуірде өзін өлімге итерушілер азайған. Дегенмен, елдерде бірдей суицидті қоғамның бас ауруы деп қарамаған. Мәселен, қытайлықтардың ұғымында өзін-өзі өлтіру - адамның асқан ақылдылығының белгісі. Елден ерекше дарын иесі Алладан ажал күтпейді деп түсінген. Ежелгі үндістер мен жапондықтардың да көзқарас, ой-пікірі осындай болыпты.
Жыл сайын әлемде бір миллионнан астам адам өзін-өзі өлтіреді екен. Оның 280 мыңы қытайлықтар, 30 мыңы американдықтар, 25 мыңы жапондықтар, 20 фрацуздар, 51 мыңы - орыстардың үлесінде. Шведтің суицидиологиялық зерттеулер орталығының мәліметі бойынша, 100 мың адамға шаққанда жастардың суициді жөнінен Қазақстан Шри-Ланкадан кейін екінші орында тұр. Халық санын көбейте алмай отырған Қазақстанға бұл да өзекті мәселе болып отыр. Еліміздегі биылғы өткен ұлттық санақ нәтижелері бойынша, отандастарымыздың саны 16 миллион 402 мың. Мемлекетімізде он жылда не бары миллион жарымға жуық адамға артқан екенбіз. Суицид өршіп келе жатса қалай халық санын көбейтпекпіз?..
Осыдан бірер жыл бұрын ұлттық тестілеу кезінде мектеп бітіруші алтын белгіге үміткер оқу озаты ақтөбелік бозбала сынақтан төмен балл алған соң үйіндегі ата анасының «кәрінен» қорқып, әжетханасында жіпке асылып өлген. 2001 жылы елімізде 20 жасқа дейінгі 375 бала мен жасөспірім өз өмірін қиған. Өкінішке орай, мұндай оқиғалар жыл сайын өсіп келе жатыр. Мәселен, өткен жылы Бас прокуратура "Балалар суицидiне қарсы" арнайы талдау жасапты. 2005 және 2007 жылдар аралығында кәмелетке толмаған 750 жасөспiрiм өз-өзiне қол салған, ал 1146 жас өзiн өлтiруге әрекет жасаған. Ал кәмелеттiк жастан асып кеткен жастардың статистикасы бұдан екi-үш есе көп болуы әбден мүмкiн. Бiздiң ел үшiн 750 адам өмiрi өте көп. Әсiресе, әлi ана сүтi аузынан кетпеген жеткiншектер осыған барып жатса, бұл үлкен қасiрет! Жыл сайын осылай кете берсе, қайтiп өсемiз? Бас прокуратура өкілінің сөзіне қарағанда, өзін-өзі жазым еткен және оған әрекеттенген балалардың орташа жасы 14-тен 17-ге дейінгі жасөспірімдер, яғни жасөспірімдердің жүйкелік жағдайы әлі тұрақтанбаған кезеңге дөп келеді.
Өткен жылғы прокуратураның мәліметтері бойынша, Ақтөбе облысында жасөспірімдер арасында өзіне өзі қол жұмсау оқиғалары ұлғайған.  Былтыр бес айдың ішінде ақтөбелік 10 жасөспірім өмірмен қош айтысса, өздеріне қол жұмсамақшы болған үш оқиға анықталыпты, - деп хабарлайды Ақтөбе облысы прокурорының аға көмекшісі Сұлушаш Қаренова. Оның сөздері сенсек, негізі 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер өздеріне өзі қол жұмсайтын көрінеді. Облыстық прокурорлардың келтірген дерегіне үңілсек, мұнай оқиғалар облыс орталығында (4 дерек), Мұғалжар ауданында (3 дерек), Қобда, Айтеке би және Алға аудандарында бір бірден тіркеліпті.  Жағдайды сараптаған қадағалау органдары өкілдерінің пікірінше, от басындағы материалдық жағдайдың нашарлығынан, хал ахуалдың төмендігінен және жасөспірімдердің психикасының тұрақсыздығынан олар өзіне - өзі қол жұмсайды екен. 
Прокуратураның қорытындысында білім беру жүйесінде осы бағыт бойынша, әрбір мектеп психологы балалармен жеке жұмыс істеу, өз өзіне қол жұмсауға ниеті бар жасөспірімдерді анықтау, олардың от басындағы жағдаймен танысу, ата -анасымен тығыз қарым қатынас орнату сияқты жұмыстарды күшейту ұсынылған. Балалардың арасындағы өзіне-өзі қол жұмсау дерегі туралы мемлекеттік органдардың мәліметтері "көбінде бір-біріне қарама-қайшы және толық емес.
P. S. Әр елдiң өз қайғысы бар. Бiр елдер халқын кедейшiлiктен құтқара алмай зар илеуде. Бiр ел жаппай жұққан дерттен, ендi бiр ел соғыстан, зiлзаладан зардап шегуде. Ал біз баяндаған дәл осындай "жан дертi" барлық мемлекеттерге тән дерт. Сауалнама жүргiзiп немесе статистиканы сайратып, суицидтің санын анықтап қана қою мәселенi шешпейдi. Жас өрендер өмiрдiң нағыз қызған шағын көрмей жатып, қыршыннан қиылған қасiрет қой. Кез келген адам жұмақ жердің бетінде екендігін жадынан шығармауы тиіс. О дүниедегі жұмаққа дәт тұзың таусылған күні адамзаттың жол тартары ақиқат. Сондықтан, "Белгiсiз жұмақтан таныс тозақ артық" демекшi, осы өмiрiмiздi ажалға айырбастамай, «тiршiлiк аралдарында» әрбір жұмыр басты пенде Алланың берген жасын жасауы міндетті.


Мәди ҚУАНЫШҰЛЫ,
Ақтөбе

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377