Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3156 0 пікір 20 Ақпан, 2010 сағат 07:28

Астананың халықаралық университеті уақыт өте келе Орталық Азиядағы ең үздігі болады деп есептейді British Council басшысы

Алматы. 19 ақпан. ҚазТАГ – Лариса Черненко. British Council директоры Лина Милошевич болашақта Астананың халықаралық университеті Орталық Азиядағы жетекші жоғары оқу орны болатындығына сенеді.

«Мен бұның тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азиядағы нөмір бірінші университет болатындығына толық сенемін», -деді Л.Милошевич жұма күні болған баспасөз-мәслихатында.

Оның айтуынша, университет қыркүйекте ашылады және алғашқы 500 студентті қабылдайды. Ондағы оқу бағдарламасы Лондон университетімен келісіліп отырады. Оқу ағылшын тілінде жүргізіледі. «Алғашқы 3-4 жылда онда студенттерді Ұлыбританиядан келген оқытушылар оқытады, бірақ олар жергілікті педагогтармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Біраз уақыттан соң университетте өзге де елдерден – Кореядан, Қытайдан, Ресейден келген педагогтар жұмыс істей бастайды», -деді ол.

Бұған қоса Л.Милошевич, бұл университетті ашпас бұрын республика білім жүйесінің өкілдері Ұлыбритания мен АҚШ-тың жетекші университеттерінің тәжірибелерін мұқият зерттеп, олардың «ең үздік тәжірибелерін» пайдаланды.

«Мен осындай университет ашып отырған сіздердің үкіметтеріңізге құрметімді білдіремін. Және болашақта Астанаға білім алу үшін Ұлыбританияның студенттері келеді деп үміттенемін», деді British Council басшысы.

«Менің жеке пікірімше, «Болашақ» бағдарламасы – бұл сіздердің президенттеріңіздің кемеңгерлігінің белгісі. Өйткені, жыл сайын үш мың қазақстандық студент шетелде білім алып, өзге мәдениет пен елдердің тәжірибелерін зерттейді. Бұлар сіздердің болашақтарыңыз», -деп атап өтті ол.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, биылғы жылы Астананың жаңа халықаралық университеті ашылады. Ондағы білім беру сапасы шетелдік оқу орындарына сәйкес келеді. Бұл университетте бұрын «Болашақ» бағдарламасымен шетелдерге шығып жүрген студенттер оқиды деп жоспарланып отыр. Аталған ЖОО-дағы оқу ақысы 12 мың фунттан кем болмайды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377