Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5811 0 пікір 7 Наурыз, 2010 сағат 05:48

«...СЕН ЖАНБАСАҢ ЛАПЫЛДАП»

Өткен аптада бiрқатар басылымдарда алматылық жастар өкiлдерiнiң ҚР президентi Нұрсұлтан Назарбаевқа, Парламент Сенаты мен Мәжiлiсiнiң төрағалары Қасымжомарт Тоқаев пен Орал Мұхаметжановқа арналған ескертпе хаты жарияланған едi. Ол хаттың мазмұнын қысқаша қайырып айтар болсақ, Қазақстандағы қоғамдық-саяси ахуалға алаңдап, дөңгелек үстел басында пiкiр өрбiткен жастар  өздерiнiң саяси iспен айналысуға бел буғандарын жариялап, елде өзгерiс жасау керектiгiн талап етiп, жоғарыда аталған саяси билiк басшыларына ескерт­пе хат жолдаған болатын. Сонымен бiрге жастар 11 сәуiрде Алматыда жалпыхалықтық митинг ұйымдастыратындарын мәлiмдеген еді.

Саяси белсендiлiк танытып, қоғамға қозғау салуға тырысқан жастардың әрекетiне аға буын өкiлдерi не дейдi? Төмендегi сұраусалуға назар аударыңыз.

Ғазиз Алдамжаров,

қоғам қайраткерi:

Мен жастардың бас қосып, елдi оятуға ұмтылған талпыныстарына ризашылық бiлдi­ре­мiн. Бұны тоқырауға тап болған қоғамға қозғау салудың жалынды әрекетi деп қабылдау керек. Мұндай қадамнан шеттен шыққан, алабөтен қылық iздеуге болмайды.

Өткен аптада бiрқатар басылымдарда алматылық жастар өкiлдерiнiң ҚР президентi Нұрсұлтан Назарбаевқа, Парламент Сенаты мен Мәжiлiсiнiң төрағалары Қасымжомарт Тоқаев пен Орал Мұхаметжановқа арналған ескертпе хаты жарияланған едi. Ол хаттың мазмұнын қысқаша қайырып айтар болсақ, Қазақстандағы қоғамдық-саяси ахуалға алаңдап, дөңгелек үстел басында пiкiр өрбiткен жастар  өздерiнiң саяси iспен айналысуға бел буғандарын жариялап, елде өзгерiс жасау керектiгiн талап етiп, жоғарыда аталған саяси билiк басшыларына ескерт­пе хат жолдаған болатын. Сонымен бiрге жастар 11 сәуiрде Алматыда жалпыхалықтық митинг ұйымдастыратындарын мәлiмдеген еді.

Саяси белсендiлiк танытып, қоғамға қозғау салуға тырысқан жастардың әрекетiне аға буын өкiлдерi не дейдi? Төмендегi сұраусалуға назар аударыңыз.

Ғазиз Алдамжаров,

қоғам қайраткерi:

Мен жастардың бас қосып, елдi оятуға ұмтылған талпыныстарына ризашылық бiлдi­ре­мiн. Бұны тоқырауға тап болған қоғамға қозғау салудың жалынды әрекетi деп қабылдау керек. Мұндай қадамнан шеттен шыққан, алабөтен қылық iздеуге болмайды.

Жастар бiздiң елдiң толыққанды өкiлдерi, олардың да өзiндiк пiкiр айтуға, қоғамдағы саяси құбылыстар мен оқиғаларға қа­тыс­ты пiкiр айтуларына қақылары бар. Олар бiздiң болашағымыз және Қазақстанның келешек белсендi азаматтары. Егер олар өздерiнiң алдағы өмiрлерiне жол ашуға талпынып, саясатқа араласуға құлшыныс бiлдiрiп жатса, мұндай қадамды қуана қабылдау қажет.

Мен әсiресе жастардың ми­тин­г ұйымдастырғалы отыр­ған әрекеттерiне ризамын. Өз басым, мұндай азаматтық бастаманы қолдаймын. Мұндай шаруада жастардың бiзге - аға буын азаматтарға қарағанда мүмкiндiгi көп екенiн айта кеткiм келедi. Сондай-ақ жас­тар алдыңғы аға буын ағаларын да түсiнуге тиiс. Олар жастардай жалынды емес. Пiкiр­лерiн ашық айтқанымен, әрекет етуге келгенде, батылсыздау болуы мүм­кiн. Себебi, олар кезiнде ке­ңес­тiк тәрбиенi бастан кештi, қазiр қазақстандық тоталита­ризм­­­нiң тоқпағын жеп жүр. Сонан соң, үлкендердiң алдында бала-шағаның қамын ойлау деген парыз бар.

Жастар жоғарыға бағыштап жазған хатқа өкiмет басындағы азаматтар жауап берер деп үмiттенген едiм. Бiрақ арада бiр аптадан артық уақыт өтсе де, ондай үлкендiктi үкiмет жақтан көре алмадық. Билiктiң жауап берме­уiн жастардың талабын мойындамау, қоғам өкiлдерiн сыйламау деп түсiну керек. Жоғарғы жақ жастардың ашық хатын елдегi көп мәселелердiң бiрi санап, елеусiз қалдыруы - өз болашағын бағамдамаумен бiрдей қылық. Оның соңы үлкен әлеуметтiк толқулар­ға әкелiп соғуы әбден мүмкiн.

Билiктiң ырқынан тыс партия­лар мен азаматтар жастардың осы қадамын қолдап, алдағы уақытта билiк басына ашық хат жазуымыз керек. Жастарды қолымыздан келгенiнше қолдауымыз қажет. Ал билiк митинг өткiзуге рұқсат берсе, оған да баруға дайынбыз.

Салыстырмалы түрде айтар болсақ, билiк партиясындағы «Жас Отан» жастар қанатының мұндай саяси белсендiлiк көрсетуге мүмкiндiктерi көп едi. Бiрақ ондағы жастар өздерiнiң «Нұр Отандағы» ағалары сияқты, буған ауыздарын ашуға қауқарсыз.

Мағжан Жұмабаев: «Мен жас­тарға сенемiн!..» - деп жырлаған едi. Иә, бүгiнгi жастар өз болашақтарын жасауға, елдiң келеше­гiн құру iсiне қарымды екенiне мен де сенемiн. Жол болсын, бауырларым!

 

Маржан Аспандиярова,

«Азат» партиясының төралқа мүшесi:

Жастардың дөңгелек үстел ұйымдастырып, баспасөз бетiнде билiкке бағыштап қойған талабы әбден орынды. Олардың қоғамда болып жат­қан мәселелерге бейжай қарамай, үкiметке талап-тiлек­терiн бiлдiруi - халық санасының ояна бастауы, жастар пiкiрiнiң асырылып шыққан кезi деп бiлемiн. Немесе, егер осы қадамды «басқаша» түсiнсек, жастардың билiк жүргiзiп отырған саясаттың дұрыс еместiгiне наразылық белгiсi деп қабылдау қажет.

Егер билiктегiлер жөн бiлсе, елдiң болашағына олар да алаң­дау­лы болса, жастармен санасуға тура келедi. Жастардың қоғамдағы үлкен саяси және әлеуметтiк күш екенiн мойындап, олар қойған талапты бiрлесiп орындауға тиiс. Жалпы, қазақтың ғана емес, адамзаттың болашағы жастарда. Сондықтан жастар пiкiрiмен санасу - кез келген мемлекет үшiн ұтымды саясат. Тiптi, түптеп келгенде, Есiлдiң сол жағалауындағылар билiктерiн сақтап қалу үшiн, жастармен мәмiлелi әңгiме жүргiзгенi абзал. Бiрақ мен ел қамын ту еткен жастарды қудалау, жазалау нау­қаны басталуы мүм­кiн екенiнен қауiптенемiн. Егер жағдай осындай жолмен өрбитiн болса, бiздер, үлкендер, үндемей қалмауымыз керек.

Бұлай дейтiнiм - билiк өкiл­дерi жастар жазған хатқа жауап қайтармады. Яғни ресми Астана тағы да күш көрсету, тiзеге салу саясатына ден қоюы әбден мүм­кiн. Себебi, қазiр билiк басының мұңы - жеке бастарының қамы болып кеткен. Жастар бастамасы қалай өрбiсе де, мен жастар жағындамын.

 

Смағұл Елубай,

жазушы:

Өз басым, кез келген азаматтық белсендiлiктi қолдаймын. Бұл қадамда жастардың осы жолғы көтерiп отырған мәселесiне қарсы емеспiн. Қайта қолдаушыларының бiрiмiн.

Жастар ең алдымен жақсы бiлiм алып, маман болулары керек. Десе де, олардың азамат болып қалыптасулары үшiн саяси белсендiлiк те керек. Әрине, жас­тар үшiн бiлiм алу да, саясатқа араласу да өз мезгiлiмен болғаны дұрыс қой. Бiрақ кейде қоғамда жастар сияқты үлкен күштiң, жаңа екпiннiң бар екендiгiн үкiметке, билiкке сездiрiп отыру дұрыс болатын сияқты. Яғни жас­тар үкiметке саясатта өз орындарының бар екендiктерiн бiлдiргенi жөн. Егер студент жастар тек сая­сатпен айналысып, бiлiм алуға мойын бұра алмаса, онда ол дұрыс шаруа болмайды. Яғни мұндай жағдай - өкiметке де, өздерiне де сын.

Жуырда жастардың билiкке жазған хатында мемлекеттiк тiлге, жерге байланысты көңiлге қонымды нақты пiкiрлер айтылып, қоғам­да қордаланып қалған қазақ мәселесiне байланысты бiраз тақырыптар қамтылыпты. Иә, ондаған жылдардан берi бiздiң қоғамдағы көптеген мәселелер ұлтжанды жас және жасамыс азаматтардың жанына батып келедi. Сондықтан да жастардың мұндай мәсе­­ленi көтерiп, митингiге шығуы - үлкен ерлiк және дұрыс қадам. Жалпы, кез келген қоғам мүшесiнiң билiк алдына мәселе көтеруiн азаматтық iс деп қабылдау керек. Анығында, билiктегi азаматтардың көп жағдайда жастар көтерген мәселелерге уақыты болғанымен, ынтасы бола бермеуi мүмкiн.

Жастар - менiң балаларым. Сондықтан оларға осы жолы қандай қадамға барса да, албырттыққа салынып, заң шеңберiнен шығып кетпесе екен деп тiлеймiн. Иә, сая­си белсендiлiк әрбiр азаматқа қажет. Дегенмен мына қоғамда әркiм өзiн сақтай бiлуге тиiс. Жалпы, митинг ұйымдастырып, көшеде, сыртта бас қосып мәселе көтеру сияқты азаматтық қимылдарға билiк онша ықыласты емес. Сондықтан ондай митингiлерде жастарымыз арандап қалмаса екен деймiн. Кез келген саяси шараға билiк өз әлiнше керi әрекет жасайды. Осы жолы да жастар арасына өз адамдарын кiргiзiп, арандату шараларын ұйымдастыруы мүмкiн. Яғни жақсы ниеттегi жас­тарды жамандыққа итермелеуi әбден мүмкiн.

 

Жеңiс Ысқақова,

эстрада әншiсi:

Жастардың осы жолғы бас көтерулерiне iштей риза болып отырмын. Себебi, бүгiнгi жастардың бойында отаншылдық сезiмнiң болғаны - бәрiмiздi қуантатын жаңалық. Бiздiң замандастарымыз кеңестiк идеологиямен тәр­бие­лен­дi.

Ал бүгiнгi жастар бiз сияқты емес, олар тәуелсiз елдiң азаматтары мен азаматшалары. Сондықтан да олардың бойында тәуелсiз ұстаным болуы - заңдылық. Десе де, бiз кезiнде «атышулы» Желтоқсан көтерiлiсiне қатыстық. Өз ұлтымыз, елiмiз, жерiмiз үшiн аянған жоқпыз. Соңғы кездерi жастарға сенiмсiз көзбен қарап, олардың болашағынан қорқып жүр едiм. Мына бүгiнгi жастар көтерiп отырған ел, жер, ұлт мәселесiне көңiлiм толып отыр.

Жастардың билiк алдында өз мәселелерiн көтерiп отырғаны - өз құқықтарын түсiнгенi. Яғни жастар болашақта жақсы азамат болуы үшiн - бүгiнгi бiлiм сапасының кемелдi болуын үкiметтен талап ете бiлулерi керек. Бiлiм алуға қажеттi iшкi-сыртқы материалдық, рухани қажеттiлiктерiн талап ете бiлулерi қажет.

Менiң ойымша, жастар мәсе­ле­сiн балабақша мен мектептен бастауымыз керек сияқты. Себебi, бала - ел болашағы. Егер балабақшалар мен мектептерде сабақ беретiн мұғалiмдердiң отбасында материалдық жағдайлары жақсы болмаса, ол жас шәкiртке дұрыс бiлiм бере алмайды. Өз баласы аш, жалаңаш отырған қай ұстаз бiреу­дiң баласына дұрыс тәрбие бер­сiн?! Жас мамандардың көбi қазiр үйсiз, күйсiз. Билiк жастардың осындай елдiк, ұлттық мәселеле­рiмен санасуға тиiс. Егер билiк 11 сәуiрде жастардың өткiзгелi отырған митингiлерiне рұқсат берсе, мен де қатысып, жастарға дем берiп, ән салғым келедi.

 

Айдос Сарым,

саясаттанушы:

Жастардың ұлттық мәселелерде бас қосып, азаматтық танытып, үлкен шараларға барғалы отырған қадам­дарын жеке басым құптаймын.

Бұл - Қазақстандағы азаматтық қоғамға деген жастар бел­сендiлiгiнiң арта бастауы. Жас­тардан өзiмдi бөлiп қарай алмаймын. Сондықтан олар өткiзгелi отырған митингiге бiр кiсiдей атсалысамын. Қашанда ұлттық, елдiк мәселелерде мен оның жақтаушы жағындамын.

 

Әсем Әлмұхамбетқызы,

студент:

Мен өзiм митингiге барамын. Өйткенi бұл ­- менiң азаматтық борышым.

Шын мәнiнде, соңғы кездерi билiк тарапынан болып жатқан заңдар қазақ ұлтының ұпайын кемiтiп, еңсесiн езiп барады. Мәселен, «Қазақстандық ұл», «Үш тұғырлы тiл», «Доктрина», «Жер» сияқты билiк жасаған шикi жобалардың түбiн қазсаңыз, қазақтық мәселе шығады. Яғни қазақ ұлтының сағын сындырып, рухын өшiруге бағытталған ниеттi байқаймыз. Дегенмен билiк осы қадамда халықтың ұйқыда жат­қан санасын оятты. Өйткенi аталған бiрқатар мәселелерден кейiн қа­зақтың саяси көкiрек-көзi ашылып, өзiне жасалған барлық қия­натты түсiндi.

Осы орайда замандастарым - жастардың саяси көзқарасы қа­лып­таспаған немесе саяси белсен­дiлiгi төмен екенiн жасырмаймын. Себебi, осы уақытқа дейiн жалпы қоғам жастарды саясаттан сырт қарап келдi. Яғни жастар керектi кезiнде ғана билiк үшiн саясаттың ойыншығы болды. Ендiгi кезде қоғам мен билiктiң бiздерге, жастарға, мұндай көзқараспен қарауына қарсымыз. Бiз де өз құқы­мызды, заң алдындағы өз несiбе­мiздi пайдалана бiлуiмiз керек. Қазақтық мәселелердiң бәрi жастардың жүйкесiн тоздырды. Сондықтан да билiкке, қоғамға жастар өз наразылықтарын ашық бiл­дiруге дайын деп ойлаймын. Себе­бi, Қазақстанның болашағы қа­зақ­тiлдi және қазақы тәрбиедегi қыз-жiгiттерде. Өз елiнiң тағантасын қалауға қай жас қарсы болсын?

Пiкiрлердi алған -

Жұқамыр ШӨКЕ,

«D»

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 09 (46) от 3 марта  2010 г.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377