Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2702 0 пікір 13 Наурыз, 2010 сағат 05:58

Қызылағаштың қалдығы қалды

Алматы облысының Ақсу ауданына қарасты Қызылағаш ауылын тасқын алды. 13-науырызға дейінгі  ресми ақпаратқа сенсек суға кеткен адамдардың саны  30. Алайда қызылағаштықтар журналистерге опат болғандардың қарасы 200-ге таяу деп отыр. Тап осы қазір олар Талдықорған қаласындағы орталық алаңда ереуілге шықты. Облыстық әкімшілік табиғат апатынан зардап шеккендерге 10 мың теңге көлемінде жәрдемақы береміз, суға кетіп көз жұмған марқұмдарды жерлейміз деп уәде етіп жатқан көрінеді.

Оқиға барысынан біздің тілшілеріміз төмендегідей жедел ақпарат беріп үлгерді.

Қызылағаш ауылының үштен екісі жоқ. Сиымдылығы 42 млн. текшеметрлік  «Қызылағаш» су қоймасы 12-наурыз күні түнгі сағат екіден кете ағытылып шығып, ауылдың өзен арнасы жағындағы үйлерді іргетасымен қоса сыпырып ағызып әкеткен. Алапат тасқынмен  бірге бөгеттің үлкен-үлкен блоктары, темірлері, алып мұздар мен тастар  ағып келіп, жолындағысын жылан жалағандай еткен.

Жұрттың айтуынша, ақпанның соңына таман «Күрті» су қоймасы тасиды дегенде Ақши ауылы тұтас көшірілсе, қызылағаштықтарға апат болар күні түске таман су қоймасын қарайтын «Шынар» ЖШС басшылары ауызша ескерткені болмаса, әкімдіктегілер, аудандағы және облыстағы төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтің адамдары  апаттың алдын алу шараларын қолданбаған.   

Ауылдың басым бөлігін тасқын жұтқан, мал түгелімен суға кеткен. Алматы  Өскемен күре жолындағы көпір де құлаған.

Кеше кешкісін Астанадан ұшып келіп, Қызылағаштың  қалдығын көрген Үкімет басшысы бастаған мемлекеттік комиссия мүшелері Талдықорғандағы «Алатау» қонақүйіне орналасқан қызылағаштықтарға жолыққанда, жұртшылық оларды жеп қоя жаздады. Қандары қарайған ауыл тұрғындары: «Бұл апат неге уақытында ескертілмеді? Көшіру неге кешікті? БАҚ неге өтірік ақпарат таратып жатыр?»  деп мұрты жылтыраған Мәсімовтен бастап Астанадан келге ақ жағалыларды жан алқымнан алды.

Зардап шеккендер ауылдың үштен екісі жоқтығын, кемі 200-ге жуық адамның суға кеткенін қабағы қатулы, өңі ызбарлы басшылар аттанысымен  қызылағаштықтар қастарында қалған журналистерге жайып салды. Жалпы үш мыңға жуық адам тұратын, 465 үй болған үлкен ауылдың бүгінгі жағдайы жан шошырлық.

Премьер-министр мен Төтенше жағдайлар жөніндегі министр қонақүйде баспасөз мәслихатын өткізгенде жарытып ештеңе айтпады. Зардап шеккендерге психологиялық және материалдық көмек көрсетілсін, апаттың себебі мұқият тексеріліп, кінәлілер анықталсын деумен ғана  шектелді. Үмбетов тіптен үндеген жоқ. Соған қарағанда, Күрті өңіріне апат төніп тұрғанда шет елдегі демалысынан әрең жеткен ол әлі рахат қалден арыла қоймағанға ұқсайды .  
Қаратал ауданындағы Жылыбұлақ ауылы, Ақсудағы Көлтабан мен Егінсу да су астында қалды. Олардың да тұрғындарын түгелімен көшіріп, төңірегіндегі  ауылдарға, Талдықорғандағы қонақүйлерге, әскери бөлімдерге, жатақханаларға орналастырып жатыр. Адам симай кеткендіктен қалалық әкімшілік үйін паналап отырғандар да бар.  

Жалпы Алматы облысындағы су қоймалары мен бөгеттерінің жағдайы туралы 3 наурызда облыстық әкімдікте жиын өткенде аудан әкімдерінің орынбасарлары мен су шаруашылығы, төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтің адамдары барлығы керемет деген еді. Солардың арасында болған ақсулық атқамінерлер тіптен «су қоймаларында су мүлде аз, жазда тапшылық көреміз» деген  болатын. Тек бірнеше адам ғана дабыл қағып, тамыр-таныстықтың арқасында су қоймалары кім көрінгенге беріліп кеткендігі, гидротехниктік қызметті мал дәрігері, агроном, зоттехник және тағы басқаладың атқарып жүргенін, олардың қойма шаруашылығының жай-күйін жете білмейтінін айтқан еді.  

«Абай-ақпарат»

Суреттерде: Алматы-Өскемен күре жолындағы көпір құлап, жол қозғалысы толық тоқтап қалды.

Қараған тал мен шилердің  түбінен мәйіттер табылып жатыр.

Мәсімов бастаған үкіметтік комиссия апаттың алдын алып қимылдамаған адамдар жауапқа тартылсын деді.

P.S. Апатқа қатысты соңғы мәліметтер, адам шығыны, әкімшіліктің іс-қимылы, куәгерлердің сөзі, т.б. «Абай-ақпараттың форумында» жарияланып отырады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415