Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2410 0 пікір 15 Наурыз, 2010 сағат 20:28

Араққа «Ақ Ордадан» басқа ат табылмаған ба?

Қазіргі қоғамда арақ атаулыны атамыздың батасынан артық қоятын болып алдық қой. Сорпаның алдында арақ ішпесек сорымыз қайнап қалатындай «подсорпадан» бастап, құданы шығарып салар алдында жолдарына тау құлап кететіндей «кетераяқ» «ырымын» жасаймыз. Оның барлығы заман ағымымен ойдан шығарылған жаңа дәстүрлер болып қалыптасып кетті. Әйтеуір арақ ішуге деген сылтау, одан басқа түк те жоқ. Бірақ осы бір «дәстүрлер» соңғы кезде тұрмысымызға дендеп кіргені соншалық «жолашар» мен «кетераяқсыз» той өтпейтін халге жеттік. Тіпті кей ағаларымыз арақсыз өтетін тойларға барғысы келмей, «молдалардың тойы ма», «қай атасы арақсыз жиын жасап еді», «бес жәшік арақ ала салса қалталары қағылып қала ма» деп тулайтынды шағарды. Арақты банкімен ішіп «танкі» болатынымыз былай тұрсын, кесеге құйып шешелерімізбен қағысып ішетін «жоғары» деңгейдеміз. Жасырып қайтеміз біздің тірлік қазір сондай. Бірақ соңғы уақытта сорақылықтарға да жол беріп жүрміз. Әсіресе арақ атаулыға ат қоюға келгенде алдымызға қара салмаймыз.

Осыдан біраз бұрын саудада қазақтың маңдайына біткен өнердегі жұлдыздарының атын, қай жерде болмасын қазақтың құрметтісіне айналған тұлғалардың ныспысын арақтың бөтелкесіне жабыстырдық. Бірақ «Асанәлі» мен «Бибігүлдерді» ішкендер   Бекежан болып ойнап, ән салып бұл-бұлдарды жерге қаратқан жоқ. Бұл туралы талай сындар айтылды. Бірақ сол «ащы су» құйылған құтыларды сауда орындарынан әлі де байқап жүрміз. Амал қанша? Қазақта: «әкесін сабағанды көргенбіз, бірақ арбаға байлап қойып сабағанды көрмеппіз», - деген қағидалы сөз бар. Жақында біздің газет «Нұреке» деген атауы бар арақты шығаратын кәсіпорынға да сын айтты. Алайда сол арақ бүгінге дейін дүкендерде самсап тұр. Бағасы да қымбат емес, сұраныс та жоғары деп айта алмаймыз. Тек арақтың атына қызығып «Елбасымен қатар отырып ішкендей болайық» деп алатындар жеткілікті. Бұдан асқан масқаралық бар ма? Елдің көшбасшысын осылай ұятты етіп, қаралауға бола ма? Бұны басқа емес жасап отырған да өз ағайындарымыз. Әрине, Елбасыдан басқа Нұрсұлтан атты адамдар жоқ па дейтін де болар. Алайда астарында ненің жатқанын аңғару қиын болмас. Оның үстіне «Нұреке» деп қалжыңдайтындай құрдастары ма еді? Қазір саудада «Путинка» деген атауы бар арақ сатылуда. Бірақ арақ атаулы біздің халқымыздың ділінде жоқ екенін ескеру керек шығар. Қашанғы көршімізге қарап ұли береміз. Қойғылары келсе қазаққа тән қымыз, шұбат немесе түрлі табиғи сусындарды өндірісінде қойсын, ал арақты президенттің атымен әспеттеудің қажеті шамалы. Бірақ мұнымен Қазақстандағы ат қою қойыртпағы таусылмайды екен. Бүгінгі күні дастархандардың көркін «Ақ Орда» деген арақ ашып жүр. Сырты басқа демесең, іші сондай   «шайтан су». Және де бұл арақтың жарнамасын оқыса төсек тартып жатқан адамдардың өзі тостаған сұрайтын секілді. Бөтелкесінің сыртына: «Ақ орда» арағы «Люкс» спиртіне таудың таза бұлақ суын және қосымша қоспалар қосу арқылы классикалық тәсілмен жасалынған. Ерекше таза, жұмсақ дәмді. Салқын түрде пайдалануға ұсынылады». «Өндіруші «Шалқар-2000» ЖШС. Алматы облысы, Шалқар аулы» деп жазып қойыпты. Ал керек болса. Жарнамасын оқып ішпек түгілі шомылғың келеді. Бірақ сол арақты өндіріп отырғандар ойлану керек шығар. Қай қазақ қай заманда хан отыратын орданы осылай қорлап еді? Тіпті Ресейде «Кремль», Америкада «Ақ үй» деген атаулы арақтар бар ма? Мемлекетік мәселелер шешілетін, жергілікті халықтың  халықаралық деңгейдегі беделі жайлы ой жарыстыратын жерді бүйтіп араққа теліп қоюдан ұяттан өртенбесек, байып кеткен жоқпыз. Және одан Ақ ордаға бас сұққандар «Ақ орда» ішіп кеткен жоқ. Мұның барлығы тек жарнама. Бірақ жарнама үшін жұртымыздың жағасын жыртпақ түгілі тірідей көрге тықпалаудың қажеті шамалы болар. Және бұған зиялы қауымның да түк болмағандай тыныш жатуы қынжылтады. Қазір саудада «Хаома» деген «жынду су» сатылуда. Солардың бірінің өнімінің құтысының сыртына жабыстырылған қағазға көне түркі жазуының әріптері таңбаланған. Ау, балбал тастан көрген жазуларды атамызға нәлет айттыратын арақтан көреміз деп кім ойлаған. Бұл төл мәдениетімізді қорлау емес пе? Әлде арақтың саудасы артсын деп елдік мәселеге айналған дүниелерге сырт қарап омалып отыра береміз бе?

Бейбіт БӨЖЕН,

Павлодар қаласы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5409