Әмiржан ҚОСАНОВ, «Азат» партиясының басхатшысы ШАРТ
Бiздiң билiктiң бизнеске деген пейiлi бесенеден белгiлi. «Ашсам - алақанымдасың, жұмсам - жұдырығымдасың!». Әрi қарай жалғастырсақ, «Қарсы шықсаң - қапастасың, именбесең - Интерполдасың!». Осыдан бiрер күн бұрын Ақордада президенттiң өз басқаруымен өткен отандық бизнес өкiлдерiмен кеңес осы ащы да абырой бере қоймас ақиқаттың растығын тағы да тайға таңба басқандай көрсеттi.
Кеңесте бiраз нәрсе айтылды. Iшiнде қызығы да бар, шыжығы да бар. Күлкiсi де бар, тура сұрақтардан жалтарған түлкiсi де бар.
Сөз жоқ, шетел инвесторларымен жұмыс жөнiнде тұрақты орган құрып, олармен ай сайын бiрнеше мәрте сағыныса кездесiп тұратын Ақорданың отандық бизнеске формальды болса да, осылайша бет бұрғанына құба-құп. Әрi тәуба. Кездеспесе, не iстер едiк?
Оның үстiне, құлаққа жағымды, көңiлге қонымды тезистер де тiзiле, төгiлiп жатты. «Шенеунiктер бизнеске қысым жасамасын», «Шағын және орта бизнеске (ШОБ) берiлетiн несиенiң пайыздық мөлшерi төмендетiлсiн», «Тиiстi заңнама бизнеске даңғыл жол ашатындай боп, өзгертiлсiн», «Құқық қорғау органдары ШОБ нысандарын тексерудi мейлiнше азайтсын». Президенттiң осы және басқа да тұжырымдарына қалайша иланбассың?
Президент бизнес қауымдастығын экономикалық дағдарыстан үш түрлi сабақ алуға шақырды.
Бiздiң билiктiң бизнеске деген пейiлi бесенеден белгiлi. «Ашсам - алақанымдасың, жұмсам - жұдырығымдасың!». Әрi қарай жалғастырсақ, «Қарсы шықсаң - қапастасың, именбесең - Интерполдасың!». Осыдан бiрер күн бұрын Ақордада президенттiң өз басқаруымен өткен отандық бизнес өкiлдерiмен кеңес осы ащы да абырой бере қоймас ақиқаттың растығын тағы да тайға таңба басқандай көрсеттi.
Кеңесте бiраз нәрсе айтылды. Iшiнде қызығы да бар, шыжығы да бар. Күлкiсi де бар, тура сұрақтардан жалтарған түлкiсi де бар.
Сөз жоқ, шетел инвесторларымен жұмыс жөнiнде тұрақты орган құрып, олармен ай сайын бiрнеше мәрте сағыныса кездесiп тұратын Ақорданың отандық бизнеске формальды болса да, осылайша бет бұрғанына құба-құп. Әрi тәуба. Кездеспесе, не iстер едiк?
Оның үстiне, құлаққа жағымды, көңiлге қонымды тезистер де тiзiле, төгiлiп жатты. «Шенеунiктер бизнеске қысым жасамасын», «Шағын және орта бизнеске (ШОБ) берiлетiн несиенiң пайыздық мөлшерi төмендетiлсiн», «Тиiстi заңнама бизнеске даңғыл жол ашатындай боп, өзгертiлсiн», «Құқық қорғау органдары ШОБ нысандарын тексерудi мейлiнше азайтсын». Президенттiң осы және басқа да тұжырымдарына қалайша иланбассың?
Президент бизнес қауымдастығын экономикалық дағдарыстан үш түрлi сабақ алуға шақырды.
Бiрiншiсi - көрпеге қарай көсiлу. «Бұрынғыдай астында «Лэнд-Крузер», жанында 10 адам күзет алып, жалғанды жалпағынан жалғыз басып жүргендей болуды қою керек. Ондай асып-тасқандықты көктегi Алла тағала көрiп тұр. Шектен шығуға болмайды», - дейдi президент.
Алла тағала басқаны да көрiп тұр. Яғни мұндай астамшылдық тек қана кейбiр бизнесмендерге ғана қатысты емес екенiн ол көктен көрiп тұр. Ел iшiнде талайдан берi аты аталып, түсi түстелген, Ақорданың есiгiн теуiп ашатын белгiлi персонаждардың бұдан да сорақы қылықтарға барып жатқанын ол шынымен де көрiп тұр.
Менiңше, осындай қатаң талап қойылғанда, жалпақшешей жалпыламалықтың керегi жоқ. Атаусыз сын - абырой бермейтiн сын. Нақты адресаттар керек. Әсiресе соңғы кезде баспасөзде жиi айтылып жүрген, өзiне тiкелей қатысы бар адамдарға тағылған ауыр айыптардан бастауы керек едi Елбасы. Қазiрде екiнiң бiрi мiнiп жүрген «Лэнд-Крузер» емес, ат шаптырым яхталар мен жеке ұшақтарда талтаңдап жүргендердi ауызға алуы қажет едi.
Сонда оның бар сөзiне халық имандай сенер едi. Колдар едi. Бiраз сыншыларының аузына құм құйылар едi...
Президенттiң екiншi кеңесi де орынды секiлдi, яғни тоқшылық кезде бәрiн үнемдеп, «шанаңды жазда сайла» принципiмен алда болар қиын-қыстау кездерге дайын болу. «Қазақстанда ешкiм ештеңенi үнемдеп жатқан жоқ. Мен бұл туралы жиi айтып жүрмiн. Электр қуаты мен жылудың, жанармай мен жағармайдың ысырап болып жатқанын көрiп жүрмiз».
Бiрақ та осынау талапты басқадан бастау керек емес пе? Осы кезге дейiн атқарушы билiк қабылдаған қаншама өнеркәсiптiк бағдарламалардың арты сиырқұйымшақталып кеттi! Аты - игi, заты - шикi! Оларға бюджеттен бөлiнген қыруар қаржы қайда? Кеше ғана жекеменшiк банктерге көмек ретiнде жұмсалған қып-қызыл ақшаның тағдыры не болды? Олар ел бюджетiне қайтарыла ма? Мәселен, АҚШ-та Барак Обама жеке банктерге кезiнде берiлген жәрдемақшаны қайта өндiрiп жатыр емес пе?
Тиындап, яғни тiрнектеп жиғанымызды неге миллиардтап, яғни шөмiштеп шашамыз? Мiне, нағыз үнемнiң көзi қайда жатыр?!
Жә, электр қуаты мен жылуды үнемдеу керек делiк. Ол да дұрыс. Алайда нелiктен үнем байлықтан басы айналған олигархтардан емес, шағын ғана дүкенi мен шаштаразысының арқасында өз-өзiн және маңайын асырап жатқан ШОБ өкiлдерiнен басталады?!
Президенттiң үшiншi кеңесi несиелерге қатысты болды. Онысы тым кеш айтылған секiлдi. Кеше ғана өкiметтiң сол несиелердi жатпай-тұрмай мақтап әрi қолдап, аяғында олар аялдамаларда үлестiрiлiп жатты ғой! Оған кiм: «Қой!» - дедi? Сол кезде билiк неге елiне: «Ақырын жүрiп, анық бас», - деп айтпады? Мемлекеттiк телеарналардан күнi-түнi зар қақсаған сол жарнаманың кесiрi емес пе, осының бәрi?
Өз өкiметi сол несиелердiң тамаша екенiн насихаттап жатқанда, ел де, бизнес те оған сенбегенде, кiм сенедi ендi?!
Сондықтан да осы кеңесте президент сол банктер мен қаржы саласына бақылау жасауға мiндеттi лауазымды адамдарды орнынан тұрғызғанда, жөн болар едi. Жазаламаса да, ең болмағанда, келешекте дүйiм жұртты орға жыққызған келеңсiздiктер қайталанбауы үшiн.
Олай дейтiн себебiм - соңғы кезде қаржылық жұмаққа шақыратын жарнамалар тағы да телеарналардан көбейiп кеттi...
Алайда «қуырдақтың көкесiн түйе сойғанда көредi» екенсiң: алдымен кәсiпкерлердi қорғауға тиiстi «Атамекен» ұйымының басшысы мiнбеге көтерiлдi. Өз сөзiнiң iшiнде ол Мұқтар Әбiләзовтiң кiм екенiн «ол туралы дым бiлмейтiн» жұртшылыққа жайып салды! Қандай батылдық! Не деген өткiрлiк!
Нұрлан Смағұловқа президент шүйлiккеннен кейiн Перуашевтың «көзсiз батырлығының» себебi де түсiнiктi боп қалды.
«Оның бiраз достары, оның iшiнде сен де барсың, маған жазбаша өтiнiш жазды, ант-су iштi және де жемқорлық үшiн түрмеге жабылған Мұқтар Әбiләзовке рақымшылық жасаңыз деп маған кепiлдiк бердi. Сендер жазбаша түрде ол Отанға қызмет жасайды деп уәде бердiңдер. Ол ендi барлық достарының бетiне түкiрдi. Олардың аты-жөнiн атамай-ақ қояйын. Ендi сендер сол үшiн жауап берулерiң керек!». «Сол достарың туралы ендi не айтасың?».
Менiңше, мiнбеде тұрған бизнесмен президенттiң осындай сөздерiн естiп, микроинфаркт алған шығар. Десек те, оның жауабы мына тұрпатта болды: «Бiз екеумiздiң баррикаданың екi жағында тұрғанымызға мен қапалымын. Менiңше, өзiң өсiп-өнген елде тек қана жағымсыз нәрсенi көрмей... ел болашағын ойлап, бiрге болу өте маңызды. Менiң мұндай жайттарға көзқарасым өте күрделi».
Мiне, осы диалогта Қазақстандағы билiк пен бизнес арасындағы қарым-қатынастың барлық мән-жайы айнадағыдай айна-қатесiз көрiнiс тапқандай.
Белгiлi бiр жасырын хаттар арқылы шешiлетiн заңдылық - ол не заңдылық?! Президенттiң архивiнде осы iспеттес басқа қандай хаттар бар екен? Досына кепiлдiк берген азаматтардың жазығы не?...
Сөз жоқ, кез келген мемлекет экономикаға, оның iшiнде оның ең жанды бөлiгi - бизнеске өзiнiң ықпалын жасап отыруға тиiс. Әсiресе оның бюджет алдындағы мiндеттерi мен құқықтық тұрғыдан таза болуын қамтамасыз ету үшiн. Бұл аксиоманың Қазақстанға да тiкелей қатысы бар. Сондықтан Ақорданы «бизнеске араластың» деп жазғырудың керегi жоқ шығар.
Тәуелсiздiк алғаннан берi бiздiң елде бизнес бiршама дамыды. 90 жылдардың ортасында тиiстi заңдар қабылданып, жеке мүдде мен меншiкке, жеке iскерлiк белсендiлiкке жол ашылды. Әрине, еркiн заңдардың бар қызығын билiкке бiр-табан жақын ат төбелiндей топ қана көргенi де рас. Олар кешегi халық шаруашылығының ең сүбелi бөлiктерiн жекешелендiрiп алып, iле-шала ресми миллиардерлер тiзiмiне енiп алды. Десек те, осының бәрiне қарамастан, отандық бизнес өз бетiнше өркендей бастады. Оның бағына қарай, жер байлығын игеруден де басқа тiрлiк түрлерi бар екен. Мұнай мен газ, мырыш пен мыс, алюминий мен хром сияқты қызықтардан құр қалған олар сауда-саттық, банк пен қаржы, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу секiлдi салаларға белсене кiрiсiп кеттi. Аз уақыттың iшiнде отандық капитализм көкжалдары пайда болды. Есiмде, нарыққа ашық көшкен кезде бiр танысым айтып едi: «Базарға бiзден гөрi, өзбек ағайын бейiмдеу едi. Солардың шылауында кетпесек игi едi...». Өзбектi де, өзгенi де қазақ жастары он орап алды!
Алайда бiр адамға тәуелдi саяси жүйе, уақыт өте келе, сол билiкке түгелiмен тәуелдi бизнес ортаны қалыптастырды! Оның үстiне, байқуатты бизнесмен қаржысын қоғамдық салаға да жұмсауы мүмкiн ғой. Мәселен, әртүрлi ұйымдарға демеушiлiк, баспасөз құралдарына құрылтайшылық дегендей... Саяси жүйеде монополияға дағдыланып қалған бiздiң билiк үшiн бұның бәрi - азарда-безер болар жайт! Қаржылы қарсыластан қорыққан билiкке қос көрiнбейдi, төрт көрiнедi!
Бизнес секiлдi шүбәлi iспен айналысуға көрiнген адамның жүрегi дауалай бермейдi. Ол да, адам тiршiлiгiнiң кез келген саласы секiлдi, белгiлi бiр таланттарды қажет етедi. Етi тiрiлiк, адамдармен тiл табыса бiлу, бiлiмдiлiк пен бiлiктiлiк, керек десеңiз, қулық қажет ол үшiн. Олармен қарым-қатынас жасауда билiктiң екi жолы бар: я санасу, я тұқыртып ұстау. Менiңше, Ақорда екiншi жолды таңдап алған.
«Қасқырдың аузы жесе де - қан, жемесе де - қан». «Қалталы байдың қалтарысы көп». Мiне, қазекеңнiң осы екi мақалы бiздегi бизнестiң жүрiс-тұрысын анықтап бергендей. Бәлесiнен аулақ деген принциппен ол да сызды жердi басқысы келмейдi, бiрi билiкпен тiл табысады, ал жолы болғандар - ауыз жаласады...
Сөз жоқ, егерде Мұқтардың шынымен де соншама миллиардты ұрлағаны рас болса, ол бұрынғы сiңiрген еңбегiне қарамастан, мiндеттi түрде жауапқа тартылуға тиiс. Алайда бiздiң құқық қорғау органдары мен соттың бейшара жағдайы олардың үкiмiне сенiмсiздiкпен қарауға толық құқық бередi. Егер Мұқтар сондай болса, онымен бiрге бiр заңдармен әрекет жасаған басқа банктер сүттен ақ, судан таза ма, сонда?
Сонымен бiрге Мұқтардың кезiнде ДВК секiлдi мықты ұйымның құрушысының бiрi болғанын да ел бiледi. Сол үшiн түрмеге де отырып шықты. Таза саясат емей не, бұл сонда?
Президенттiң мына сөзiне назар аударайық: «Мемлекеттiк қолдау шараларына қол жеткiзудiң бiр шарты - бизнес саясатқа араласпауға тиiс! Оған жол берiлмейдi. Банктер үшiн саясатқа бару зиянды, өйткенi олар содан соң ғайып боп кетедi... Бизнеспен айналысасың ба, айналыс. Саған мемлекет көмек берiп жатыр ғой: жоқ, мемлекет жағдай жасайды, олар ақша табады - оның бәрi оларға аз, басқа жаққа басы ауады!».
Мiне, кеңестiң күн тәртiбiндегi ең басты жайт - осы! Билiкке бүйрегiң бұрса ғана, тасың өрге домалайды. Керiсiнше болса, обалың жоқ.
Ең бастысы, бiздiң билiк пен бизнес арасында о бастағы бiр үлкен қарама-қайшылық бар. Адам неғұрлым байыған сайын, бойын тiк ұстап, өзiн еркiн әрi тәуелсiз сезiнгiсi келедi (мен тек қана материалдық байлықты айтып тұрған жоқпын, рухани байлықты да мұнда қосамын). Сондықтан өзiн бақылау мен қысымда ұстағысы келетiн кез келген билiкке ол iштей қарсы.
Мiне, кез келген тоталитарлық жүйенiң ерте ме, кеш пе, тығырыққа тiрелiп, ақырында, құрдымға кететiнiнiң бiр себебi осында!
«Общественная позиция»
(проект «DAT» № 09 (46) от 3 марта 2010 г.