Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2650 0 пікір 3 Сәуір, 2010 сағат 07:17

Президент 15-ші сәуірге дейін ШҚО-да тасқыннан зардап шеккендердің тізімін анықтап, қажет қаржылық көмекті бөлуді тапсырды

Астана. 2 сәуір. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысындағы көктемгі су тасқынының салдарын жою мәселесі талқыланған жұмыс кеңесі барысында бірінші кезекте табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету қажеттігіне назар аударды.

«Президент табиғат апатынан зардап шеккен адамдарға бірінші кезекте көмек көрсету, балаларды жұмыс істеп тұрған мектептерге орналастыру мәселесінің маңыздылығына тағы да баса назар аударды. Биылғы жылдың 15 сәуіріне дейінгі мерзімде барлық зардап шеккендердің тізімін анықтап, қажетті қаржылық көмек бөліп, жаздың аяғына дейін аяқтау үшін қалпына келтіру жұмыстарының көлемін айқындап, істі тездетіп бастау керек», - делінген Ақ орданың ресми сайтында жұма күні жарияланған ақпараттық баспасөз парақшасында.

Бұрын хабарланғандай, күн күрт жылып, қар еруіне байланысты су қоймалары толып, тасыды. Соның салдарынан Шығыс Қазақстан облысының бірқатар ауылдары мен Алматы облысының Ақсу ауданындағы ауылдарды су басып, бұл жерде су қоймасындағы апатқа байланысты 44 адам қаза болды. 

«Қазір Қызылағашта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Баспанасыз қалғандар биылғы жазда қалпына келтірілген үйлеріне қайта оралатын болады. Біз азаматтарымызды қамқорлықсыз қалдырмаймыз», - деп атап көрсетті Президент.

Қайғылы апаттың қайталанбауы үшін және жағдаймен танысу үшін ШҚО-ға премьер-министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев бастаған үкіметтік комиссия барып қайтты. Оның мәліметтерінше қазіргі уақытта өңірде Абай, Зайсан, Күршім және Тарбағатай аудандары су астында қалған.

Елбасы сондай-ақ, ТЖМ мен жергілікті әкімдіктердің іс-әрекеттерінің арқасында солтүстік және шығыс өңірлерде үкімет пен өңір басшылары елді мекендерге жылу мен электр және сумен қамтамасыз етуді үзбеді, ал ШҚО-да адам өліміне жол берілмеді, деп атап өтті.

Облыста су тасқыны әлі де болуы қаупі бар болғандықтан, ТЖМ тобын 544 адамға күшейту туралы шешім қабылданды. Бұдан басқа, Президенттің тапсырмасы бойынша облысқа жалпы құны 360 миллион теңгені құрайтын күнделікті тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлік жеткізілуде.
Өз кезегінде кеңеске қатысушы Бас прокурор Қ.Мәми еліміздегі барлық су қоймаларын пайдалану барысына тексеріс туралы мәлімдеді. Оларды пайдалану, ұстау, алдын алу және жөндеу жүргізудегі ережелер бұзылған жағдайда тиісті лауазымдық тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке дейін тартылады.

Кеңесті қорытындылай келе, елбасы еліміздің барлық өңірінің әкімдеріне гидротехникалық ғимараттарды жөндеу, көпірлерді, автокөлік инфрақұрылымын қалпына келтіру міндеті жүктелді. Мүмкіндігінше тұрғын үйлерді және инженерлік инфрақұрылымдарды қалпына келтіру жұмыстарына еліміздің барлық өңірлерін, ұлттық компанияларын және холдингілерін тарту қажет. Эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстау маңызды. Мал өлімі қауіпті инфекциялардың таралып кетуіне әкеліп соқпауы тиіс. Сондай-ақ ауыл адамдарының мал сатып алулары үшін жеңілдікпен кредиттер беруді ұйымдастыру қажет.

Мемлекет басшысы еліміздің барлық өңірінің әкімдері, мемлекеттік органдардың басшылары су тасқынының алдын алу мәселесін жіті қадағалап, барлық су қоймаларының, плотиналардың, бөгеттердің, өзге де гидроғимараттардың жағдайын жан-жақты тексерулері қажеттігін атап өтті. Күні-түні кезекшілік ұйымдастырып, барлық мәселені бақылауда ұстау қажет. Су тасқынының салдарын жою жөніндегі жұмыстарды үйлестіру премьер-министрдің бірінші орынбасары Ө.Шөкеевке жүктелді.

«Сөз соңында, біздің бәріміз күрделі жағдайдан сабақ алып, оны жоюға дайын болуға, қажетті материалдық резервті дер кезінде жасақтай алуға тиіспіз дегім келеді. Бізге сондай-ақ аумаққа қатысты қауіпті техногендік жағдайға тексеріс жүргізуді бастау қажет. Біз еліміз халқының мүддесі үшін қырағы болуымыз қажет», - деп атап көрсетті президент.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5391