Павлодар облысының мәслихаты кәсіптік лицейлердің бюджеттің миллиондаған қаржысын шетелдік ұстаздарға жұмсап отырғандарына алаңдаушылық білдірді
Павлодар. 12 сәуір. ҚазТАГ – Павлодар облыстық мәслихатының ревизиялық комиссиясы білім басқармасының орта оқу орындарында шет тілін оқытатын шетелдік ұстаздарға университеттерден де көп қаржы жұмсайтынын анықтады.
Комиссияның мәліметтері бойынша, өткен жылдың төрт айында бюджеттен кәсіптік лицейлер мен мектептерге он шетелдік ұстазға Т50 млн-ға жуық қаржы бөлінген.
«Павлодардың шет тілінің мұғалімдерін дайындайтын үш ЖОО білім басқармасының кәсіптік лицейлерге жұмсаған қаржысынан аз қаржы шығындаған болып тұр», – деп мәлім етті облыстық мәслихаттың сессиясында ревизиялық комиссияның төрағасы Анатолий Гуськов.
Оның айтуынша, 2009 жылы Ақсу қаласындағы №19 кәсіптік лицейдің оқушылары, болашақ металлургтер ағылшын тілін шетелдік оқытушылардың көмегімен оқыған. Шығын көлемі 4 айда Т3 млн құраған. Павлодарда № 9 кәсіптік лицейде жас құрылысшыларға шетелдіктер сабақ беріп келген, оларға да осыншама қаржы жұмсалған, дейді А. Гуськов.
Оның мәліметтеріне сәйкес, комиссия мұндай фактілерді орта білім беретін бірнеше мекемеден анықтаған және шетелдік мұғалімдерді жалдауға бірнеше делдал қатысқан. Ол 2009 жылдың тамыз айында бір кәсіпкердің оқытушылары және шетелдіктермен жұмыс істеуге рұқсаты болмаса да, Т15 млн соманың тендерінде үш оқу орны бойынша тендерде жеңіске жеткенін мысалға келтірді.

«Ол бірнеше күннен кейін аталған оқу мекемелерінде ағылшын тілін оқыту үшін басқа ЖК-мен келісімге отырған. Демек, әр оқу орнына екі делдалдан келген», - деді ол.
А. Гуськовтың айтуынша, бес оқу орны шетелдік мамандармен «Жапарова» ЖК арқылы келісімдер бойынша, төрт орта оқу орны қостанайлық делдал арқылы жұмыс істеуде. Ал павлодарлық университеттер шығындарға жол бермеу үшін Бейбітшілік корпусы немесе Британдық Кеңес арқылы жұмыс істейді, кейде еріктілерді де шақырады.
«Біздің университеттер мен мектептерде ұстаз атына лайықты оқытушылар бар. ЖОО-лар кадрлар даярлайды, мектеп оқушылары мен лицеистерді солар оқыта алады. Соншалықты көп қаржы жұмсаудың қажеті қанша екені түсініксіз», – деп мәлім етті А. Гуськов. Ол 2009 жылдың қарашасында жемқорлықпен күрес жөніндегі комиссияның отырысында білім басқармасы қаржының жетіспеушілігін басты мәселелердің бірі ретінде атағанын еске салды.