Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3075 0 пікір 12 Сәуір, 2010 сағат 13:35

OSCE: Микроскоптағы Қазақстан

Қазақстанның Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық етуі елдің сыртқы имиджіне қолайлы екеніне күмән жоқ. Дейтұрғанмен, ресми төрағалық басталмай жатып-ақ, қазақтарға «құрмет көрсеткен» қожайындардың әрекеті таңданыс тудырған. Арада 100 күні өткеніне қарамастан сол таңданыс...  ұлғайып келеді.

Қанат Саудабаевтың (суретте) әрбір қадамын аңдыған жүз күн де өте шықты. ЕҚЫҰ мен Қазақстанға қатысты шетел баспасөзіндегі мақалалар Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық хақында емес, керісінше Қазақстанның өз ішіндегі жағдайларға көбірек ойысуда. «Қазақстан әлі күнге дейін Мадридте берген уәдесін орындамады. Сөз бостандығы мен адам құқы аяққа тапталып жатыр» деген пікірлер көбіне АҚШ газеттерінен мен мұндалайды. Еуропалық басылымдар, керісінше «Қазақстан ядролық қаруды залалсыздандыруға күш салып, Қытайдың батысы мен Еуропаның батысы арасындағы қауіпсіздікке үлкен үлес қоса алады» деген үмітімен бөліседі. Қазақстанның дәл осы ұйымға төрағалық етуіне қатысты берген бағасына қарап, Вашингтон мен Еуроодақтың «демократия» деген сөзге әртүрлі анықтама беретіні, әрі екі елдің арасындағы әлемдік геосаясаттағы талас-тартыс тереңдеп бара жатқаны байқалды.

Осы аптада Вашингтонда Қазақстанның ЕҚҰЫ-ға төрағалығының 100 күні деген тақырыпта арнайы конференция өтпек. Қазақстаннан барған үкіметтік емес ұйым өкілдері осы отырыста сөз бостандығы мен адам құқығына қатысты өз ойларымен бөліспек. Әрі бұл кездесуді Soros қоры НАЗАРБАЕВтың АҚШ-қа сапары қарсаңында әзірлеуде. Open Society Institute ұйымы Қазақстан мен Орталық Азияда ашық институт құндылықтарының қалай дамып жатқанын, еуропалық ұйымға төрағалық етуде не өзгергенін талқыға салмақ.

Джеф ГОЛДСТЕЙН аталған американдық ұйыммен тығыз қатынастағы Soros қорының блогында: «Қазақстан Еуропалық ұйымның ығына көнді ме?» деген сауалға жауап іздепті. «Биыл Еуропа елдері арасындағы қарым-қатынаста адам құқығы негізгі мәселе деп бекітілген Хельсинки құжатының қабылданғанына 35 жыл толмақ. Өкінішке қарай, 2010 жылы ұйымның адам құқығы тұжырымдарын елемейтін Қазақстан төрағалық етіп отыр» дейді ол.  Автор дәлел ретінде, посткеңестік елдердің ішінде 2007 жылы парламенті жалғыз партиядан сайланған ел Қазақстан болғанын айтады. «Бұған Интернетті шектеу туралы заң мен тәуелсіз ақпарат құралдарын тұншықтыру заңдарын да қосыңыз» дейді Голдстейн.

«Қазақтар, әрине, мәртебелі ұйымға төрағалық етіп отырған тұңғыш посткеңестік ел болғанына мақтанады. Бұл жайтты қазақ баспасөзі Президент Назарбаевтың саясаты арқасында Қазақстанды әлем мойындады деп насихаттауда» дейді АҚШ баспасөзі. Аталған мақала авторы Open Society Institute ұйымы Қазақстан еліндегі ішкі жағдайларды жөнге келтірмейінше (адам құқы мен демократиялық құндылықтар), алға қойған міндеттеріне, жете алмайды дегенге иланады.

Ал, енді Neurope сайтында Еуропаның халықаралық қатынастар институтының президенті, профессор Ирнерио СЕМИНАТОРЕ: «Біз Қазақстанның Ауған шиелінісін шешудегі талпынысын ескерусіз қалдыра алмаймыз. Қазақстан Ауғанстанда тұрақтылық пен дамудың орнауына, бейбіт өмірдің қайта келуіне мүдделі болып отыр» дейді. Еуропа елдеріндегі саяси ой-пікірдің алаңына айналған аталған сайтта (www.neweurope.eu), сонымен қатар, Кавказ бен Орталық Азиядағы НАТО-ның арнайы өкілі Роберт СИММОНСтың да пікірі жарияланған. Ол да «Қазақстан Орталық Азиядағы тұрақтылықтың орнауына бірден-бір мұрындық, Ауғанстанның гүлденуіне үлесін қосады» деп ағынан жарылады. Еуропалық басылымдардағы осыған ұқсас бір жақты пікрлердің көптігін бір есеппен ұйымның бюрократиялық әдістердің көптігімен, әрі Қазақстанның Еуропалық ұйымға төрағалық етуі ешқандай да ынтымақтастық пен қауіпсіздік емес, саяси ойындардың нәтижесі деп түсіндіруге болатын шығар.

Ғаламторда, сонымен қатар, тәуелсіз журналистер мен сарапшылардың да пікірлері бар. Төрағалықтың 100 күндігі тұсында registan.net сайтында Джошуа ФАУСТ «Қазақстанның көзбояу заңдары» атты мақала жариялады. Ол: «АҚШ қазір Қазақстанда газеттер («Республика» газеті - ред.) жабылып жатыр, сөз бостандығы қыспаққа ұшырауда Қазақстан Еуропалық ұйымға төраға бола отырып, өз елінде демократияны тұншықтыруда» деген сарында айып тағуда. Бірақ батыстың да сөз бостандығына қатысты көзқарасы екі түрлі. Мәселен, автор, «Өзбекстанда «жыныстық қатынас» деген сөз үшін СПИД-ке қарсы күрес бағдарламасын тоқтатып тастағанына көз жұмамыз. Ресейде жиырма жылдан бері жыл сайын журналистің оққа ұшып жатқанын көре тұрып, көрмейміз» деп күйінеді. «Әрине, мен Қазақстанды ақтап отырғаным жоқ. Бірақ біздің арымыз өз алдымызда таза ма?» деген сауал тастайды ол. Батыс сөз бостандығын әлдебір елге қысым жасайтын құрал ретінде пайдаланып жатқанына осындай мысалдар келтіреді. Мақаласының соңын: «Қазақстанның ЕҚҰЫ-ға төрағалық еткен 100 күнін сараптап, оны сынаған сайын біз, керісінше, бұл елде авторитарлы режимнің берік орнауына өзіміз де ат салысып жатқан тәріздіміз» деп түйіндейді.

100 күн бойы Қазақстанның әрбір қадамын бақылаған шетелдік басылымдардағы мақалалар осылайша Еуропа елдерінде қандай өзгеріс болғандығымен емес, Қазақстан демократияға қаншалықты жақындады деген сауалға жауап іздеумен әлек. Бұл орайда АҚШ өз демократиясы үшін алаңдаса, салқынқанды Еуропа қазіргі кемшіліктерге көз жұмып, Қазақстанның ұйымға төрағалық етуін көбіне ұзақ мерзімді стратегиялық шешім тұрғысынан қарастырғаны көрінді. Келесі аптада Елбасы АҚШ-қа бармақ. Барак ОБАМАмен не туралы сөйлесер екен?!

Мақсат АЯН

«ҚАЗАҚСТАН» апталығы, №12 (303), 8-сәуір, 2010

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5512