Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2284 0 пікір 13 Сәуір, 2010 сағат 07:03

Үлкен жеңiстiң алғашқы қарлығашы

Жексенбi күнге жоспарланған жастардың «Бiз өзгерiстi қалаймыз!» атты жалпыұлттық жиыны өткен жоқ. Себебi, одан екi күн бұрын билiк жастардың талабына орай жауап қатып, Алматы қалалық әкiмшiлiгiнде жиын өткiзген болатын. Оған қала әкiмiнiң орынбасары Серiк Сейдуманов, Бiлiм және ғылым вице-министрi Айдар Жақыпов, бiрқатар жоғарғы оқу орындарының ректорлары және 11 сәуiрге жоспарланған митингiнi ұйымдастыру комиссиясының құрамына кiрген жастар қатысты. Жиын қорытындысында жастардың барлық талабы орындалып, митингiнi өткiзудiң қажетсiздiгi жөнiнде шешiм қабылданды.

Жексенбi күнге жоспарланған жастардың «Бiз өзгерiстi қалаймыз!» атты жалпыұлттық жиыны өткен жоқ. Себебi, одан екi күн бұрын билiк жастардың талабына орай жауап қатып, Алматы қалалық әкiмшiлiгiнде жиын өткiзген болатын. Оған қала әкiмiнiң орынбасары Серiк Сейдуманов, Бiлiм және ғылым вице-министрi Айдар Жақыпов, бiрқатар жоғарғы оқу орындарының ректорлары және 11 сәуiрге жоспарланған митингiнi ұйымдастыру комиссиясының құрамына кiрген жастар қатысты. Жиын қорытындысында жастардың барлық талабы орындалып, митингiнi өткiзудiң қажетсiздiгi жөнiнде шешiм қабылданды.

Жиыннан кейiн журналистерге түсiнiктеме беруге «Рух пен тiл» клубының жетекшiсi Жанболат Мамай, «Еркiн интернет үшiн» қозғалысының өкiлi Алмас Көшербай, Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары Серiк Сейдуманов, Бiлiм және ғылым вице-министрi Айдар Жақыпов шықты. Олар жиналған БАҚ өкiлдерiне жиында айтылған келiсiм жөнiнде және митингiнi өткiзбеу туралы шешiмнiң қабылдану себептерiн түсiндiрдi. Алғашқы болып сөз алған Жанболат Мамай, өздерiнiң мұндай шешiмге келу себептерiн былай түсiндiрдi: «Бiз бұл бастаманы көтерген уақыттағы негiзгi мақсатымыз митинг өткiзу емес едi. Жастардың да өз алдына саяси күш екенiн, билiктiң олармен санасуы қажеттiгiн ұқтырғымыз келдi. Шенеунiктер жастардың жанайқайын естiсе екен дедiк. Егер талаптарымызға орай нақты жауаптар берiлiп жатса, онда диалогқа дайын екенiмiздi де айт­қанбыз. Мiне, бүгiн сол диалогқа келдiк. Ал митинг басты мақсат емес, мақсатқа жетудегi бiр құрал ғана болатын. Бiз талаптарымызды орындатқаннан кейiн митингiнi өткiзудiң қажеттiгi жоқ. Себебi, бiз жиын ұйымдастыруға дейiнгi билiкке жолданған екi хатымызға ресми түрде жауап алдық. Билiк өкiлдерiн диалогқа шақырған болатынбыз, ол да бүгiн өттi. Сондықтан, бiз жексенбiге жоспарланған жастардың жалпыұлттық жиынын өткiзбеу туралы шешiм қабылдадық. Жақын уақытта қала әкiмшiлiгi жанынан комиссия түзiлiп, үлкен ұйым құрылатын болды. Сол ұйымның қатарына көптеген жастар ұйымдары шақырылып, бiздi қолдайтындары қосылады. Сонда өзiмiздi мазалап отырған, студенттердiң, жастардың талаптары, қоғамның өзектi мәселелерi бойынша өз ойымыз бен көзқарасымызды айтатын, соны билiкке жеткiзiп, ықпал ететiн бiр орталық құрамыз деген тоқтамға келдiк. Ол болашақта өз жемiсiн бередi деп те үмiттенемiз. Билiктiң жауап қатып, осындай орталықтың құрылуын жастардың жеңiсi деп бағалаймыз. Бiрақ, бiз бiр жиынға бола алданып қалдық деген сөз емес. Егер жиын­да айтылған мәселелер тек сөз жүзiнде қалып, билiк өз сөзiнде тұрмайтын болса, азаматтық қарсылықты жалғастыра беретiнiмiздi мәлiмдеймiз. Көршi елдегi жағдайды бәрiмiз көрiп отырмыз. Одан да алатын сабақ бар. Сондықтан митингiнi әзiрге тоқтаттық. Алайда, бұл түпкiлiктi келiсiмге келдiк деген сөз емес.»

Расымен, бұндай жиынның өтiп, әшейiнде еш селт етпейтiн билiктiң жас­тардың талаптары бойынша жауап беруiн жастардың үлкен жеңiсi деп бағалайтындар аз емес. Қазiргi уақытта екi жаққа да тиiмдi шешiм қабылданды. Оны Бiлiм және ғылым вице-министрi Айдар Жақыпов та айтты. «Мен бiздiң көзқарастарымыздың бiрқатар тұстары сәйкес келгенiн атап өткiм келедi. Министрiлiк те жастар сияқты ЖОО басқару қатарын­да­ студенттердi көбейтудi көздейдi. Бiз жастарға қатысты өзектi мәселелер талқыланатын жалпы республикалық диалог алаңын құру туралы шешiмге келдiк. Менiңше бұл екi жаққа да тиiмдi. Айта кету керек, жастар мәлiм­демесiнде көрсетiлген басты мәселер­дiң бiрi - кедендiк одаққа қатысты едi.­ Ол алда құрылатын диалог алаңында талқыға салынатын алғашқы тақырып болмақ», - дедi вице-министр. Жастардың мұндай шешiмге келгенiн естiмей қалған және жай ғана не боларын бiлгiсi келген бiр топ адам жексенбi, 11сәуiр күнi ескi алаңнан табылды. Олардың арасында жастарды қолдаудан гөрi, кiнә артқандары басым едi. Әкiмшiлiкте болған келiсiмдi жастардың жеңiсi емес, жеңiлiсi ретiнде бағалағандар да ұшырасады. Бiрақ, бұл бiздiңше қате пiкiр. Мұндай сұрақ қоюдың өзi - қателiк. Бұл бәрiбiр жеңiс! Санадағы жеңiс! Неге? Неге бiз бұны жеңiс деп қабылдаймыз. Себебi, бұған дейiн де жастар билiкке ашық хат, ескертпе хат жазу арқылы талаптар қойған. Бiрақ, оның бiрiне де жауап бол­ған емес. Ал бұл жолы Ақорда шын мәнiнде үрiктi, есi шықты. Жастарға жауап қатуына тура келдi. Жеңiс - жас­тардың осы жолы жұмыла жұдырық болып бiрiгуiнде. 11сәуiр күнгi жиынды ұйымдастыру тобына негiзiнде ұлтшыл, патриот жастардың басының қосылуында. Билiкке батыл түрде талап қоя бiлуiнде. Билiктi ырқына көндiре бiлуiнде. Бұл жеңiс қой? Жеңiс! Сондықтан, ол жастардың болашағына сенiммен қарауға тиiспiз. Билiк митинг өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комиссиясын құрған күннен бастап олардың арасына iрiткi салып, қорқыту-үркiту шараларын жүргiздi. Бiрақ, жастар оған да мойыған жоқ. Соңғы күнге дейiн алаңға шығуға дайын екендерiн айтты. Талаптарына орай жауап болғандықтан ғана бас тартты. Студент жастардың әлеуметтiк, тұрмыстық, құқықтық мәселелерi 20 жылдан берi өз шешiмiн таппай келедi. Билiк бұны да шешуге мәмлеге келдi ме? Келдi! Бұрын-соңды мұндай түсiмiзге кiрмеушi едi ғой? Ал жастар билiктi өздерiмен санасуға мәжбүрледi. Уәдесiн алды. Елеттi, ескерттi. Мұның өзiн шынайы жеңiс ретiнде қабылдауға тиiспiз.

 

Сiз не дейсiз?

Ермұрат БӘПИ, қоғам қайраткерi:

 

- Бұл жерде басты әңгiме Қазақстан жастарының билiкке талап қоя бiлуiнде болып тұр. Мұндай бастама арқылы жастар қоғамға өздерiнiң саяси-әлеуметтiк күш екенiн көрсеттi. Ол күштiң қоятын саяси талаптары бар екенiн де айқын дәлелдедi. Ол талаптарына орай нақты жауап ала бiлдi. Осы тұрғыдан алғанда митингiнiң өту-өтпеуi екiншi кезектегi әңгiме. Жастар өз алдына жүрген тобыр емес, елдегi саяси-әлеуметтiк жағдайға алаңдайтын, оның жақсаруын талап ете алатын күш екенiн танытты. Бұл мәселелердi алаңда болсын немесе дөңгелек үстел басында болсын ашық айта алатындарын дәлелдедi. Осы тұрғыдан алғанда мен жастардың бұл өзгерiске деген ұмтылысын құптаймын. Разы болдым. Ал екiншi жағынан алғанда, жастардың талабына Алматы қаласының орынбасары мен министрдiң орынбасары деңгейiнде жауап берiлуi өкiнiштi-ақ. Президентке қойылған талаптарға тiкелей Ақорданың өзi жауап беруге тиiс едi. Ендi жастар осы бетiнен таймай, талаптарын үдете түсiп, Астанадағы Есiлдiң сол жағалауында отырған билiктi жауап беруге мәжбүрлейдi деп ойлаймын.

 

Әмiржан ҚОСАНОВ, саясаткер:

 

- Менiңше, бұл жастардың көтерген мәселесi - көкейкестi, өзектi. Уақыт талабына сай. Олардың сөзi - орынды. Сондықтан, билiк назар аударуға мәжбүр болды. Жастардың қайтпастығы, қайсарлығы, әсiресе ұйымшылдығы бiраз қоғамдық күштерге үлгi боларлықтай. Жастардың талаптарына орай жауап алуы күрестiң басы ғана деп ойлаймын. Себебi, билiк өзiне белгiлi бiр дәрежеде мiндеттемелер алды. Ендi жастардың сол мiндеттемелердiң орындалуын талап етуге толық құқығы бар. Бұны мен үлкен жеңiстiң алғашқы қарлығашы деп бағалаймын.

И.Ерғайыпқызы

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522