Бас прокуратура жасөспірімдердің арасындағы қылмыстық жағдайға алаңдаушылық білдірді
Астана. 16 сәуір. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. Бас прокурор Қайрат Мәми елде жасөспірімдердің арасындағы қылмысқа қатысты күрделі жағдай қалыптасып отырғанын, қылмыстық құрылымдардың пайдасына алым жинау әрекеттеріне шағымдар көбейіп кеткенін атап көрсетті.
«Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың азайғанына қарамастан, көптеген аймақтарда кәмелетке толмағандардың арасындағы криминогендік жағдай күрделі күйі қалып отыр. Балалардың кісі өлтіру, адам тонау және қарақшылық жасау сияқты тұлғаға қарсы зорлық қылмыстарын жасау фактілері аса алаңдаушылық тудырып отыр. «Общак» үшін қылмыстық құрылымдардың пайдасына алым жинау және күшпен тартып алу әрекеттеріне шағымдар жиілеп кетті», - деді бас прокурор жұма күні құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесі барысында.
Оның айтуынша, мұндай фактілер бірқатар облыс орталықтарында, әсіресе Тараз мектептерінде тіркелген. Мұндай қылмыстар көбінесе жасырын түрде қалады, деді Қ. Мәми.
Білім және ғылым министрлігі жүргізген зерттеуге сәйкес, сұралған балалардың 6% күшпен тартып алу әрекеттерінен зардап шеккен, 26% қатарластарынан қорлық көрген, 22%-ына күш көрсетілген.
Бас прокуратураның мәліметтеріне сәйкес, кәмелетке толмағандардың арасында өз қатарластарынан ақша мен ұялы телефондарды тартып алу пайда болды. 2009 жылы кәмелетке толмаған 101 бала күшпен тартып алу әрекеті үшін сотталған.

«Заңға қайшы әрекеттер қару қолдану арқылы да жасалып жатады. ОҚО-да кәмелетке толмағандар қару қолдану арқылы кісі өлтірудің 6 оқиғасына қатысты болған», - деп атап көрсетті бас прокуратураның басшысы.
Өз кезегінде Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов аймақтың оқу мекемелерінде жасөспірімдердің арасындағы қылмыс пен алым жинау оқиғалары бар екенін мойындады, бірақ «БАҚ хабарлап жатқандай көлемде емес» деді.
«Мұндай жағдай кеше ғана қалыптасқан жоқ, бұл құбылыс 90-шы жылдардың соңынан, елде танымал және бүгінгі күні жойылған «Рыжий Алмаз», «4 ағайынды» қылмыстық топтары әрекет еткен уақыттан бастау алады. Соңғы жылдары Жамбыл облысында «Кировские» және «Қырықбаевтар» ҰҚТ қылмыстық әлемде мықты болатын. Олар билікке кіруге әрекет жасап, өз қатарын жастармен, жасөспірімдермен толықтыруға тырысты. Және аталған топтар ұзақ уақыт бойы жазаланбай келді», - деді ІІД бастығы.
Прокуратура органдары жасаған тексеру көрсеткендей, жергілікті жерлердегі жасөспірімдер арасындағы қылмыстық жағдайдың статистикалық мәліметтері төмен көрсеткіштермен күмәнді болып көрінеді.
«Мысалы, Жамбыл облысында тексеру барысында қылмыс жасаған кәмелетке толмағандардың саны әдейі төмендетіліп көрсетілгені анықталды. Қылмыстың анық белгілері болып тұрса да, іс қозғаудан бас тартуға дейін бару оқиғалары кездескен. Мұндай фактілер бүкіл республика бойынша тіркеліп отыр. Топтасып жасалған қылмыстардың жекелеген қатысушыларын есепке алудан жасыру да бар», - деп мәлім етті бас прокуратура департаментінің бастығы Андрей Кравченко.
Нәтижесінде құқық қорғау органдары, соның ішінде прокуратура да балалар арасындағы қылмыстың алдын алудың орнына, статистиканы төмендетумен ғана айналысуда, деді ол.