БТА банк сыртқы қарыздарын қайта құрылымдау жөнінде кердиторлармен жаңа келісімге қол қойды
Алматы. 19 сәуір. ҚазТАГ - «БТА Банк» АҚ сыртқы қарыздарын қайта құрылымдау жөнінде кердиторлармен келісімнің жаңа редакциясына қол қойды, делінген банк дүйсенбі күні таратқан хабарда.
«Аталған келісім банктің 2009 жылғы 7-ші желтоқсанда қол қойылған және 2010 жылғы 17-ші наурызда түзетулер енгізілген қаржылық қайта құрылымдау шарттарын егжей-тегжейлі нақтылауды қарастырған», - делінген ақпараттық парақшада.
Хабарда айтылғандай бұл ретте, қарыздарды қайта құрылымдау шарттары банктің қаржылық кредиторларына міндетті түрде заңды құжат болып табылмайды, және банктің қайта құрылымдауы одан арқы бекітудің әртүрлі процедураларын қамтиды. Оның ішінде банктің қарыздарын қайта құрылымдауын кердиторлардың Қазақстанда өтетін жиналысында міндетті түрде мақұлдауды да қарастырады.
2010 жылдың 21-ші сәуірінде 7:00 мен 15:00 -де (Лондон уақытымен) БТА банк телефон конференциясы барысында инвесторлар үшін жобаның таныстырылымын өткізеді.

БТА банкі активтерінің көлемі жағынан қазақстанның банк жүйесіндегі үшінші банк болып табылады. ҚБА деректеріне сәйкес, 2010 жылдың қаңтар-ақпан айында банктің активтері - Т1,99 трлн теңге, жеке капиталының тапшылығы - 1,49 трлн теңге болды. Аталған мерзімдегі банктің таза шығыны Т13,65 млрд болды. 2009 жылдың 2 ақпанында банктің қарпайым акцияларының «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ пайдасына мәжбүрлеп эмиссияланғаны туралы хабарланды.
2009 жылдың 20 сәуірінде банк өз кредиторларына негізгі қарыз бойынша төлемдерді тоқтата тұратындығы және банктің сыртқы қарыздарын қайта құрылымдау жоспары жайында хабарлады. 21 қыркүйекте банк пен кредиторлар комитеті арасында қарыздарды қайта құрылымдауға қатысты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. 26 қыркүйекте ҚБА БТА банктің нұсқасындағы банк қарыздарын қайта құрылымдау туралы жоспарды мақұлдады. 2009 жылдың 30 қазанында БТА банк акциялары KASE-де делистингтелді. 10 қарашадан бастап БТА банктің акциялары KASE-нің «листингті емес құнды қағаздар» секторында саудаға жіберілді. 7 желтоқсанда БТА банк кредиторлар комитетімен банктің қарыздарын қайта құрылымдау мәселелері бойынша келсімге келгенін хабарлады.
2009 жылы банк $4 млрд-қа міндеттемелерін төлеуі керек болған. Банктің бірлескен қарызы $12 млрд шамасында.