Алматылық баспа Әнуар Әлімжановтың шығармашылығына арналған кітапты жарыққа шығарды
Алматы. 21 сәуір. ҚазТАГ - Алматылық «Нұрлы әлем» баспасынан танымал жазушы Әнуар Әлімжановтың 80 жылдығына арналған «Біздің Әнуар» атты кітап жарық көрді.
Онда Әнуардың шығармашылығы туралы қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтың айтқан пікірлері басылған. Ол 1961 жылғы рецензиясында былай деп жазыпты: «Терең шынайылық пен жауапкершілікті сезіну - жас жазушының қайырымды миссиясы. Оның шығармашылығы қайырымды идея, сезім мен біздің замандастарымыз ойлаған ойлардың тұнық бұлағы іспеттес». М.Әуезовтың басына бұлт үйірілгенде оған Мәскеуге көшуге көмектескен санаулы адамдардың ішінде жас Әнуар да болғанын айту қажет.
Кітапта жазушының өмірі мен шығармашылығы, қоғамдық қызметі туралы ақын Мұзафар Әлімбаев, сенатор Қуаныш Сұлтанов, жазушылар Герольд Бельгер және кітапты құрастырып, редактор болған Ғаббас Қабышевтар ой қозғаған.
Ә. Әлімжановтың Назым Хикмет, Шыңғыс Айтматов, Андрей Вознесенский, Мумин Каноат сияқты әлем әдебиетінің атақты өкілдерімен достығы қазақстандық жазушылар қауымдастығының тарихының жаңа бетін ашқандай. Алматыда Азия мен Африка жазушыларының халықаралық конференциясын өткізу де Әнуар Әлімжанов еңбегінің жеңісі болып табылады.

Ә.Әлімжанов шығармашылық қызметін «Алма - Атинская правда» және «Ленинская смена» газеттерінде журналист болып бастады, кейін «Литературная газета» және «Правда» газеттерінің Қазақстан және Орта Азиядағы тілшісі болып қызмет етті. Ұзақ уақыт бойы жазушылар одағын басқарды, Кеңес Одағы Жоғарғы Кеңесінің Одақ кеңесінің төрағалығына сайланды. Ол - кеңестік кезеңнің алтын қорына енгізілген көптеген кітаптардың авторы.