Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2591 0 пікір 22 Сәуір, 2010 сағат 04:22

ҚХР-дан тауар реэкспортына қызығушылық танытып отырған Түркменстан Қырғызстандағы дағдарысты пайдаланып қалуы мүмкін

Алматы. 21 сәуір. ҚазТАГ - Әділ Орманов. ҚХР-дан тауар транзитіне қызығушылық танытып отырған Түркменстан Қырғызстандағы саяси дағдарысты пайдаланып қалуы мүмкін. Қазақстанның кедендік брокерлері қауымдастығының төрағасы Геннадий Шестаков осындай пікір білдірді.

«Қазақстанмен шекара жабылғаннан кейін Қырғызстаннан реэкспорт күрт қысқарды. Өз аумағы арқылы ТМД елдеріне және Таяу Шығыс мемлекеттеріне Қытай өнімдерінің транзитімен айналыса бастаған Түркменстан осыны пайдаланып қалуы мүмкін. Бұл туралы Г. Шестаков ҚазТАГ тілшісіне сәрсенбі күні «Қазақстан мен Ресейдің ғаламдық дағдарыс жағдайындағы сауда-экономикалық және қаржылық ынтымақтастығының маңызды мәселелері» деген тақырыптағы қазақстан-ресей ғылыми конференциясы барысында мәлім етті.

2009 жылы Түркменстан арқылы Қытай тауарларының реэкспорты $8 млрд құрады. Бұл мәліметтер ҚХР кедендік статистикасынан алынды, деді Г. Шестаков. Қажет болған жағдайда жүк ағымы күрт арттырылуы мүмкін.

«Түркмен бағытының негізгі ақырғы нүктелері - БАӘ мен Ресей. Әмірліктер Түркменстанның қызметтерін саяси мақсатпен пайдаланады. Ресейлік бағыт еркін экономикалық аймақ құрылған Грозныйға бет алады», - деп түсіндірді қауымдастық басшысы.

Қытайдан Түркменстанға жүк жеткізу жолы да екі бағыт бойынша өтеді: Қазақстан арқылы транзитпен теміржолмен және Иран айлақтары арқылы теңіз көлігімен.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417