Оппозиция басшыларына Алматыда Тәуелсіздік монументіне гүл шоқатрын қойып, рұқсат етілмеген акция өткізгендері үшін айыппұл салынады
Алматы. 21 сәуір. ҚазТАГ - Арасында «Азат» ЖСДП және ұлттық патриоттар қозғалысының өкілдері бар оппозиция көшбасылары рұқсат етілмеген акция өткізгендері үшін әкімшілік жазаға тартылды.
«Алматының мамандандырылған арнайы ауданаралық соты 17-ші сәуірде Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне рұқсат етілмеген гүл шоқтарын қою акциясын ұйымдастырғаны үшін оппозиция өкілдеріне жаза қолдану туалы шешім қабылдады», - деп хабарлады «Азат» ЖСДП партиясының баспасөз қызметінен.
Партияның тең төрағаларының бірі Болат Әбіловке 50 АЕК сомасында айыппұл салынды (айылқ есептік көрсеткіш - Т1413).
Сондай-ақ партия мүшесі Маржан Аспандиярова 30 АЕК мөлшерінде, ұлттық патриоттар көшбасшысы Мұхтар Шахановқа 14 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
«Азат» ЖСДП партиясының тең төрағаларының бірі Жармахан Тұяқбай мен партияның бас хатшысы Әміржан Қосановтар ескерту алды.
Гүлжан Ерғалиеваның ісіне қатысты шешімді судья жұмаға дейін қалдырды. Себебі Гүлжан іс материалдарымен танысуға қосымша уақыт сұрады, деп хабарлады «Азат» ЖСДП партиясының баспасөз қызметінен.
Оппозиция өкілдері бұл істің саяси астары бар деп есептеп отыр және сотта бұздырмақшы.