Жұма, 11 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3991 0 пікір 13 Мамыр, 2014 сағат 09:45

БАТЫС ҚЫТАЙДА ТҰТҚЫНДАУ ЖҮРІП ЖАТЫР

Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялы округі  полициясы аймақта соңғы екі аптада болған террорлық актілерге күдікті ретінде 232 адамды тұтқындаған. Қытай ақпарат құралдарына сілтеме жасаған «Азаттықтың» дерегіне сай, күдікті тұтқындалушылар терроризм мен діни экстремизмді насихаттады деп айыпталған. Полиция күдікті адамдарды интернет өнімдері мен онлайн видеолармен күрес науқаны барысында тұтқындапты. Естеріңізде болса соңғы айларда қытайда жиі терракт тіркелген болатын.  29 наурыз күні Қытайдың оңтүстік-батысындағы Куньмин қаласында орталық теміржол станциясында пышақпен қаруланған бірнеше адам жұртқа шабуыл жасап, салдарынан 29 адам қаза тауып, 143-і жараланған еді.   30 сәуір күні Шыңжаңның орталығы - Үрімжі  вокзалында жеңіл жарылыс болды. Осы және басқа да терракт оқиғаларына ресми Пекин Шыңжаңның жергілікті халқы - ұйғырларды айыптайды. 6 мамыр күні Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанчжоу қаласында теміржол вокзалында жарылыс болып, 6 адам жаралғаннан кейін ел аумағында күш құрылымдары бақылауды күшейткен. Қытай астанасы Пекин көшелерінде қауіпсіздік күштері әскери көліктермен қарауылға шыға бастаған.

 

Абай-ақпарат

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1067
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2614
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 742
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 706