Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5008 0 пікір 25 Сәуір, 2014 сағат 11:40

ДЕПУТАТ: 10 МЛН. ГЕКТАР ЖЕР ЖАРАМСЫЗ ЖАТЫР

Президент ауылшаруашылығы өндірісіне жарамды жерлерді тиімді пайдалану мәселесін үнемі талап ететінін білеміз. Бірақ соған қарамай жалға алушыларға ұзақ мерзімге берген 10 млн. га жер жарамсыз болып, қолданыссыз жатыр. Оны оңалту мәселесін ешкім де көтермейді.  Жалгерлер өздерінің алған жерлерінде  топырақтың құнарлылығын желдің, судың эрозиясынан сақтауға бағытталған тиімді шаралар жасамайды. Бұл агроөнеркәсіп кешенін Елбасы талап еткендей инновациялық рельске түсіру мүмкіндігінен мүлде алыс жатқан дүниелер. Оның үстіне қолданылмай жатқан жерлерді ревизиялау жұмыстары да өте баяу жүргізілуде.

Міне, осындай мәселелерді айта келіп Мәжіліс депутаты Тұрсынбек Өмірзақов Үкіметтің алдына ауылшаруашылығы жерлерін пайдаланатындарға жердің сапасын сақтауға бағытталған тиімді шаралар жүргізгендері үшін экономикалық ынталандыру құралдарын қарастыратын заңнамалық құжат дайындауды ұсынды. Мұндай жағдай жасалмаса Елбасы талап еткендей жоғары өнімді технологиялар мен инвестиция тартуға жерді пайдаланушылар ықылассыз екендігі айтылды.

Сонымен қатар, Тұрсынбек Қазенұлы, өзінің Премьер-Минстрдің К.Мәсімовтың атына жолдаған осынау сауалында Елбасының жуырда болған Үкіметтің кеңейтілген отырысында аймақтардың белгілі бір өнімдерді өсіруге мамандану картасын жасау туралы тапсырма бергенін айта келіп, осы бағытта қандай шаралар жасалатынын білгісі келетінін жеткізді.

Бүгінгі таңда суға деген сұраныс артып келеді. Алайда оның қоры шектеусіз емес. Егер суды осы қарқынмен үнемсіз пайдалана берсек, 2030 жылы су жетіспеушілігі 14 млрд., ал 2050 жылы 20 млрд.  куб метрге жетеді екен. Соңғысы су ресурстарына деген жалпы сұраныстың 70 пайызына жетеді. Суды үнемсіз жұмсау, әсіресе, жерді суландыратын жерлерде үлкен проблемаға айналып отыр. Сондықтан бұл жерлердегі ауыл шаруашылығы өндірісіне де су үнемдеу технологияларын алу және инновациялық әдістер қолдануға да экономикалық ынталандыру шараларын жасау керек. Жоғарыда аталған құжатта осы мәселе де ескерілуі керек, деді депутат өзінің ұсынысында.

Ендігі сөз өкіметте.     

Жақсылық ҚУАНДЫҚ

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3226
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282