Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 6834 0 пікір 23 Сәуір, 2014 сағат 10:11

Бекболат Тілеуханның бейнеүндеуіне үндес ой

Бекболат Тілеухан ағамның бейне үндеуін көрдім. Айтуым керек. Бекеңде алты аласым, бес бересім  жоқ. Мен де әр қазақ секілді Бекболат ағаның әншілігін, бойына Алла дарытқан талантын сыйлаймын, азаматтығын құрметтеймін. Дастарханынан дәм де таттым, әңгімесін де тыңдадым. Ел сан саққа жүгіртетін мазһабы мен ақидасында шаруам жоқ. Әркім Алланы қалай таниды, Жаратушыға қалай ғибадат етеді - өз мәселесі. Мен үшін Бекболат - ең алдымен Қазақ! Бұл постымнан кейін Ақберен де пәлен екен, түген екен деген әңгімені қоздырмаңыздар, Құдай үшін өтінем.

Әлгі бейне үндеуінде өз пікірін Бекең көмейіне өксік тығылып, эмоциямен айтып отыр. Кісі танитын адамға білініп-ақ тұр. «Аңыз адам» журналына қатысты көзқарасы өз алдына. Әңгіме ол туралы емес. Мәселе, елдің ертеңіне алаңдаған азаматтың сөзінде. Иә, бізге қазір бірлік керек. Қандай жағдайда да. Елдің амандығы керек. Бүлікке үндеп, арандатушы болу - өзің білмей, біреудің қолшоқпары боп сілтену, марионетка боп жауларыңның жоспарынының тез орындалуына көмектесу деп түсінгеніміз абзал. Мыстан келе жатса, жезтырнағына ілінбеудің, сол шақта одан да сұм, одан да айлалы болуды қарастыруымыз қажет. Билікті сүйіп, талықсығандықтан  айтып отырғам жоқ. Шынымды айтайын, көңіл күпті болғаннан айтып отырмын. Ең тәтті құндылығымыз - Тәуелсіздігімізден айырылып қалудан туған үрейдің әсерінен айтып отырмын. Эмоция керек емес, ол рас. Қазақ қара ормандай біртұтас, жауы шетіне келсе де, ел ішіне кіргізбейтін өзіне өзі мықты қорған болуы керек. Тәубешілік, шүкірлік те дұрыс, алайда бізге қазір өте сақ, өте ақылды болу қажет. Бұл заманды да өткерерміз. Қазір сенеріміз де, сүйенеріміз де - бір Жаратушы ғана. Алла Алашты тағы бір қиын-қыстау кезеңнен аман-сау алып шықсыншы. Ол біздің ниетімізге байланысты, ағайын!

Ақберен Елгезек

Facebook.com Әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан алынды

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1434
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3199
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5138