Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Билік 5683 0 пікір 17 Сәуір, 2014 сағат 18:49

ТАРИХ ТАРАЗЫСЫНДА

Елбасымыз 1992 жылдың қазанында БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында экономикалық интеграцияның қаншалықты маңыздылығы туралы мәселе көтерген еді. Араға көп уақыт салмай, 1994 жылы ел Президенті жоғарыдағы тілге тиек еткен идеясын М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіндегі кездесуінде Еуразиялық одақ құру тұжырымдамасын ұсынған болатын. Онда, ол, бұл үдеріс шеңберінде саяси итеграцияға және егемендікті жоғалтуға жол бермеу қажеттігін нақты әрі қадап айтқан еді.

Жоғарыда айтылған жайлардың жалғасы ретінде, 2012 жылғы 19 желтоқсанда Мәскеуде Қазақстан, Ресей, Белорусь мемлекеттерінің басшылары үш елдің үкіметтері мен Еуразиялық комиссияға Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің құқықтық базасын құрайтын халықаралық шарттарға кодификация жүргізуді және соның негізінде 2014 жылғы 1 мамырға дейін Еуразиялық экономиклық одақ туралы шарт жобасын дайындауды тапсырған болатын. Қазіргі кезеңде  аталған жайлар бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізіліп, алуан тиімді мәселелер көтерілу үстінде. Мысалы, бүгінде Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасының институттық бөлігін дайындау бойынша жасалынған келіссөздердің төрт раунды өтті және іс жүзінде құжаттың 80 пайызы дайын болды. Жалпы, жобаның салалық бөлігі екі пішінді. Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің шартты-құқықтық базасын құрайтын халықаралық шарттарды кодификациялау жөніндегі кіші жұмыс тобының шеңберінде және Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі мүшелерінің төрағалық етуімен бейнеконференция режімінде апта сайын тұрақты өткізіліп келеді. 

Жалпы, бұл күндері Еуразиялық экономикалық интеграцияға ниет етуші мемлекеттердің қатарының көбеюі байқалып отыр. Мысалы, Қырғызстан 2013 жылғы 30 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссия мен Қырғыз Республикасы арасында өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды. Сонымен қатар, ТМД елдеріндегі кейбір мемлекеттердің аталған одаққа қосылуды ниет етулері оның беделінің қаншалықты екенін байқатса керек. Мұндай экономикалық одақ әлемдік деңгейдегі үлгі ретінде сан айтылып жүр. Мысалы, АСЕАН, НАФТА, МЕРКОСУР және т.б. ұйымдарды атауға болады. 1951 жылы көмір мен болат өңдірушілердің бірлігінен басталып, 1992 жылы Маастрихт шартына сәйкес құрылған, 28 ел құрамына кіретін Еуропалық одақ бүгінде тек экономикалық емес, әлемдегі аса беделді, ықпалды интеграциялық ұйымға айналып отырғаны белгілі.

Еуразиялық экономикалық одақ – ешқандай да саяси одақ емес, ол кез-келген мемлекеттердің экономикалық мәселелерін шешу мақсатында құрылатын, экспорт, импорт, транзит бойынша кәсіпкерлер үшін барлық кез келген кедергілерді алып тастайтын өмірлік біртұтас ұйым. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев аталған ұйымға қатысты қай сөздерінде де болмасын Қазақстанның қашанда, қай кезеңде де, экономикалық мүддені көздейтінін, мемлекеттер тәуелсіздігіне, егемендігіне нұқсан келтіруге жол берілмейтінін, қандай да бір саяси мәселелер одақ құзырына өтпейтінін және Қазақстан көпвекторлы сыртқы саясатын сақтап қалатынын, халықаралық аренадағы қалыптасқан қатынастарды жан-жақты дамыта білетінін алуан-алуан басқосуларда айтып келеді.

Еуразиялық интеграция, яғни, Еуразиялық экономикалық одақ Қазақстанның егемендігіне ешқандай қауіп төндірмейтіндігіне Елбасымыз қаншалықты кепілдік берсе, ол соншалықты өзге тәуелді де, егеменді мемлекеттердің қоғамдық-саяси өміріне де араласпайды. Бұл туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2013 жылғы 25 сәуірде Астанада өткен Еуразиялық медиа форумда: «Егер, қандай да бір бірлестіктер еліміздің тәуелсіздігін, біздің конституциямызды шектейтін болса, біз одан дереу шығып кетеміз» деп мәлімдегені белгілі. Сондықтан да, кейбіреулердің Еуразия одағын әлдеқандай бір саяси идеялармен араластырып, одан саяси астар іздеулері үлкен қателік. Қайта, Елбасымыз анабір жылы Мәскеуде өткен Еуразия Одағына байланысты дөңгелек үстелде Мәскеулік Еуразия идеясын насихаттаушы философтар мен саясаткерлерге, оның бағыт-бағдарын барынша түсіндіріп, Одақтың экономикалық жағына баса назар аударған болатын. Шынында да, Еуразиялық интеграция мемлекеттерді экономикалық байланыстар мен бәсекелестікке ұйымдастыратын бірден-бір тиімді ұжым. Яғни, ол Экономикалық ынтымақтастықтың – жаңа адымы.

Ардақ Есберген

ABAI.KZ

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036