Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Әдебиет 24587 1 пікір 3 Шілде, 2014 сағат 14:43

МӘҢГІЛІК САҒЫНЫШ

Ләззат Қапышева. Новеллалар

Мәңгілік сағыныш

Шығарма әнші Биғазы Тұтқабековтың рухына арналады Сүйгендер қосылмайды деген ұғым бар ғой. Бірақ біз қосылдық. Бір бірімізді сәл көрмесек тағатсызданып, уақыт тоқтап қалғандай күйіп-жанып, сағынышты күндерді өткердік. Жұбайлық өмірдің бал шырынын тата жүріп бір-бірімізге деген ынтық көңіл мен ыстық сезім суымап еді. Сәбилі болдық. Тұңғышымыз Алмас өмірге келді. Ұлды болдым деп, қатты қуанып едің. Бас екеу болмай мал екеу болмайды дегендей күнделікті өмірімізде біреуден ілгері, біреуден кейін болсақ та, біз өте бақытты едік. Кешегі студенттік шақтың алғашқы жылдарында табысқан екеуміз енді, үлкен шаңырақтың иесі атандық. Өмірге қызымыз Қарлығаш келді. Қыз-ырыс береке, үмітімнің жалғасы деп, балаша мәз болып едің. Кешегі боз бала жігіт салиқалы да салмақты, екі баланың әкесі атанып, дос жаранның, ағайын туғанның құрметіне бөлендің. Өнер дегенде ішкен асыңды жерге қоятын сен республика дәрежесіндегі сахнадан көрініп, әуелете ән салып, халқыңның қошеметіне ие

болдың.

мен де өнер ордасынан білім алғанмын. Қара жаяу

емеспін. Бірақ, сенің абыройың асқақ, беделің биік болсын

деп, шаңырақтың уығын берік қадап, керегеңді кеңейтуді

ойладым, өнерімді де, өмірімді де тек саған арнадым.

Бақытты күндер өтіп жатты, алаңсыз едім, бәрі де осы-

лай болып қаз қалпында тұра береді деп ойлайтынмын. Кей-

де гастрольдік сапармен сен алысқа кеткенде сағыныштан жанымды қоярға жер таппайтынмын. Кезекті концерт-

терден кешігіп келсең көңілімді мұң басып, жүрегімді

қызғаныштың қызыл иті талап жататын. неге десең сен

сымбатыңа ақылың сай сегіз қырлы, бір сырлы, әрбір әйел

заты армандап, шіркін, менің жарым осындай болсыншы

деп тілейтіндей азамат едің. Бәлкім, сондықтан болар мен

сені өзге түгілі өзімнен де қызғанып жүретінмін. Өзіңмен

бірге тойларға, кештерге барғанда небір сұлулар ұрлана,

кейбіреулер сұқтана қарағанда сені біреуі қолтықтап кетер-

дей қиналатынмын. Әлде жар ғұмырының қысқа боларын

сезіп жанымның жанталасқаны ма? Бекер екен. Бәрі де бе-

кер екен. Сені небір сылқым сұлулар мен арулардан қорып

жүрсем де, ажалдың тырнағынан айла тауып, қорғай алмай-

тынымды білмеппін. Өзіңнен қапияда көз жазып қалдым.

Қымбат апам айтқандай сен Алматыға шабыт іздеп келіп-

ең, туған топырағың Жаңаарқаға табыт болып аттандың-ау..

Өзіңсіз мына өмірде еңсем енді көтерілмейтін шығар,

қара жерді басып жүре алмайтын шығармын деп едім.

Өлгеннің артынан өлмек жоқ, қазір шүкіршілік Алмасың

ер жетіп келеді, Қарлығашың бой жетіп келеді, сенің үзіліп

қалған әніңді жалғастырамыз деген арман мақсаттары да

бар.

Тек мен ғана, өзіңнің бейнеңді көңілден өшіре алмай

бақытты күндердің елесінен ес жия алмай күнде мамық

төсек мұзға айналып, құс жастығым қарға айналып, өзің

жаққан жүрек отының қызуы қайтып, жаурап жүрмін.

Сенсіз өткен күндерден жалығып, жалғызсырап, жабықтым.

Жаным! есіміңді ұмытпас елің бар да, әуелете салған әнің

бар да, қос тұяғың аман болса шырағың сөнбейді – Биғазы!

Сен менің мәңгілік сағынышымсың!

 

 

 

ЖАЛҒЫз ҰЛЫМ

Ауыл шетіндегі ұзын жолға қарап, күні бойы әрлі берлі

жүретін Асылбай қария өткен кеткеннен бүгін қай күн, дема-

лыс емес пе деп, жиі сұрайды. Таяғына сүйеніп тұрып, шетсіз

шексіз далаға қарап, о дүние-ай деп, ауыр күрсінеді. Кеше

ғана «кімсің – Асылбаймын» деп кеудесін жоғары ұстап бір

әулеттің бас көтерер азаматы Асылбайы еді, өмірдің біраз

қызығы мен қиындығын да қатар көрді. Сонау бір жылда-

ры әке - шешесімен бірге асу да асу бел асып, Қытайға да

шұбырып өтіп кетпеді ме? Иә бәрін қазір еске алып керегі

не? ең бастысы кәрілік келгенде қаладағы жалғыз тұяғының

хабарсыз қалғанына қапаланып бір келіп қалады ма деп жо-

лына қарап жүргеніне көп болды. Кәрі қойдың жасындай жа-

сым қалды, алдымда төрімнен көрім жақын, қу жалғыз бен

немеремді көкірегіме басып тұрып, бір көрсем деп арман-

дайды. ей балам, әкеңнің көңіл күйін сезіп, бір келіп кетсең

болар еді деп Асылбай қарттың кейде балаша солқылдап

жылайтыны да бар. Жыламай қайтсін, сонау алпысыншы

жылдары Қытайдан зорға елге жеткенде бәйбішесі қайтыс

болды, оң солын танымаған ұлы екеуі ғана үйде сопиып

қалды. Содан ағайын туыс көрші қолаң көрші ауылдағы

жесір әйел Жәмилаға қолқа салып, шаңырағына кіргізіп

берді. ой, Жәмила пысық қой, үй шаруасын дөңгелетіп,

шаңырағымен дәулетінің иесі болып шыға келді, екі қыз

туып берді. Сырттай қараған адамға бәрі де дұрыс сияқты.

Бірақ, Асылбайдың аузын ашып сүйгені, көзін ашып көргені

тұңғыш ұлы Санаты жырақтай берді. Өгей шеше өгейлік та-

нытпай тұрмады. не керек, жалғыз ұлы қалаға оқуға кетті.

Сол жақта отау құрды. Бір орыс кемпірдің пәтерін жалдап жүріп балалы болды, бірде бар жиған тергенін алып ұлына

қаладан үй әпермек болып еді, кемпірі мен қыздары өре

түрегелді, не керек жылдар бойы жиған ақшасы бір күннің

ішінде құнсызданып кетпеді ме? Жалғыз ұл анда-санда

болса да ат ізін салып тұрушы еді. Бірақ, іздеп келген әке

шаңырағынан жылы қабақ, мейірімділік көрмеген соң,

соңғы уақыт хабарсыз қалды. е, қарттық деген де төртке

бөлінеді дейді ғой, біріншісі шал, екіншісі қария, үшіншісі

ақсақал, төртіншісі абыз дейді. Асылбай ақсақал домбыра-

сын қолына алып, ауыл аймағына қос ішектен күмбірлете

күй төгіп, түрлі аңыз қиссаларды, терме жырларды айтып

отырған ортасын думанға бөлейтін.

Қанша көңілді отырса да көкірегіндегі жалғыз ұлға деген

сағыныш жанын сыздатып, сырын адам баласына айта ал-

май қалаға жете алмай әжімді жүзін мұң басатын. Көкірегі

зерек қария бүгін де ақсақал атанды. Өмірдің ащы тұщысын

татып, өткен өміріне шүкіршілік дейді. Алладан бұйрық

келсе, бәріне дайын. Тек жалғыз ұлымды бір көрсем деген

тілегі арманы бар. Әкенің күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей

жүдеп жүрген көңілінің әсері ме қаладағы жалғыз ұлы Са-

нат та соңғы уақыт әкесін жиі түсінде көріп мазасызданып

жүр еді. Бір күні колледжде оқитын жалғыз ұлы Айбат

сенбі күні сабақтан ертерек келіп «көке, қолыңыз бос бол-

са ауылға атама барып қайтайық» дегенде қуанып кетті.

Күндіз түнгі тілегі қабыл болып жаратқанға мың алғыс

айтқан Асылбай қарт жалғыз ұлы мен немересін жолға

шығарып салып келіп, төсегіне қисайып жатып, мәңгілікке

көз жұмып еді. Қалаға жақындай бергенде жүрегі әлде

нені сезді ме сабырсызданған Санат жалғыз ұлы Айбат-

ты құшағына алып жалғыз ұлым менің әкемнің ұрпағы,

сен аман болшы деп маңдайынан сүйді. мына бес күндік

тіршілікте әке мен баланың татулығына, ағайын туғанның

силастығына жетер не бар дейсің. Санат көптен көрмеген

әкесіне деген сағынышының басылмағанын енді сезгендей

өзегін өксік қарып: жалғыз ұлын бауырына басып, жалғыз

ұлым, жалғыз ұлым дей берді...

 

 

МҰңАЙдЫМ ӨзІң ЖоҚТА...

Сағыныштың сағымына оранып, өзіңді ойлап, бір кезде-

су бар деп алда, «қоштасамын өзіңмен» деген өлең жолдары

тіл ұшына оралып, езу тартып, тәтті бір қиялдың жетегінде

келе жатыр едім, қалта телефоным шыр-шыр ете қалды:

– Сәлеметсіз бе, Жәмила Базарбекқызы, мен, Әсел

ергешқызы деген журналист сіңіліңіз боламын, сізден

сұхбат алсам деген жоспарым бар еді.

– рахмет, айналайын, мен айыпты болып, жазасын өтеп

келген жанмын, сондықтан сұхбаттың реті келе қоймас деп

ойлаймын.

– Жәмиля Базарбекқызы, мына өмірде «жаңылмайтын

жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ», сіздің өміріңіз кейбіреулерге

сабақ болар, біз сізді соңғы уақыт бар қиындықты жеңіп

шыққан, бүгінде іскер де кәсіпкер әйел ретінде жақсы та-

нимыз.

Әсел ізімнен қалмай жүріп, сұхбат беруге мені келістірді.

Қазіргі оқырман да, тыңдарман да, көрермен де білімді де,

білікті зерек қой. Өздеріне ұнаған ойымды көңілдеріне тек-

шелеп жинап, ой түйер деп, өткен күндерімнен сыр шерте

бастадым..

...менің балалық шағым, ата-анам, ағайын-туыс,

ағаларымның арқасында алаңсыз өтті. Жастық дәуренімде

де, студенттік шақтың қызық қуанышын да көп көрдім.

Өзім қатарлы жастар армандайтын жоғарғы оқу орнын

бітіріп, алған мамандығым бойынша жұмысқа да тез ор-

наластым. Бірде жақын құрбым тұрмысқа шығып, соған

қыз-жолдас болып, еріп бардым. Тойдан қайтар уақытта

көпшілік қауым жиналып, басыма орамал салып, бір күнде оңтүстік өңірге келін боп шыға келдім. Бірақ, өзің танымай-

тын, жаның қаламаған жанмен төсекте басың қосылғанмен,

көңілің қосылмаса болмайды екен. Арада бес-алты ай өткен

соң, ажырасып кеттік. Әке-шешемді, ағаларымды ұятқа

қалдырдым, тұрмыстан қайтып келдім деп, өзімді-өзім

іштей мүжіп, біраз уақыт селсоқ күй кештім, бәріне уақыт

емші екен. еңсемді тіктеп, бар ықылас-ынтаммен адал еңбек

етуге әр сағатымды, күндерімді босқа өткізбеуге бел будым.

Сағат тілі жылжып, күндерге ұласып, өткен күндер аптаға

айналып, айлар мен жылдар жымын білдірмей өте берді. Өзім

қатарлас құрбылар үйлі-боранды болып, жан-жарымен қатар

жүргенде мен оларға қызыға қарайтынмын. Әр босағаның

киесі бар деуші еді, алғаш аттаған босағамды бекер тастап

кеттім ба деп, ұзақ түнге көз ілмей, ойланып шығатынмын

және Аллаға ғана жарасқан жалғыздық деген үрейден қорқа

бастадым. Бәлкім, ... тағдырым осылай шығар..

Бір кеште Құрманғазы атты азаматпен танысып, көп

уақыт өтпей, оған тұрмысқа шықтым. Өмірге бірінен соң

бірі екі қызым келді. Пәтерден пәтерге көшіп жүрсек те,

оны қиындық деп ойламаппын. Балалар өсе келе қызметім

де сатылап жоғарылады, айлығым да жақсы, көлігім де

бар, маңайымда дос-жаран да көп, ағайын-туыс та елден

үздіксіз келіп-кетіп жатады. Жан-жарым жанымды түсініп,

жағдайымды жасамаса да, оған екі қызымның әкесі деп

қарап, арада жұбайлық жарасымдылық болмаса да, бәріне

төзуге де, көнуге де дайын едім. Сол кездегі бар алданы-

шым – жұмысым, балаларым болатын, сол өміріме шүкір

дейтінмін. «Шөлмек мың күн сынбайды, бір күн сынады»

дегендей, аяқ-астынан мекемемізге тексеру жүргізіліп, бір

күнде қамауға алынып, айыпкер атандым.

Ұзақ-ұзақ тергеулер, тынымсыз тексерулер қажытып,

жүйкем сыр беріп, тар қапаста қамалып, не өңім, не түсім

екенін ажырата алмадым. Ақтала алмадық, өзім және

есепші, біріміз 8 жылды, біріміз 6 жылды арқалап, Алма-

ты облысы, Жауғашты ауданындағы «әйелдерді еңбекпен

түзету» мекемесіне жөнелтілдік.

е, несін айтасың, ол жер мен қазір екеуміз отырған мына  жердің арасы жер мен көктей. Бәрін тізбелеп қайтейін, мен

ол жақта 4 жыл 8 ай отырдым. небір арулар мен ақылды,

іскер, көрікті әйелдерді де, тамаша қыз-келіншектерді де,

жасы келген қарт аналарды да сол жерде көрдім. осындайда

еске түседі, Дулат Исабеков бір шығармасында «жалмауыз

кемпірдің де шыққан тегі әйел, оны осындай күйге түсірген

мына қу ит тіршілік» деп жазғаны бар еді. Сол айтпақшы,

тумысынан жаны нәзік, жақсылыққа жаны құмар әйел за-

тын темір торға телмірткен мына қу тіршілік адамдардың

бір-біріне деген қаталдығы, мейірімсіздігі дер едім. Жаза-

сын өтеп жатқан әйелдердің әр қайсысының өмірі бір деректі

де, көркем шығарма. мен 4 жыл 8 айды жанарым жасқа то-

лып, қос перзентімді, анамды, ауылымды, бостандықты

сағынумен өткіздім. Тозақта өткізген күндерімнің әр сәтін

сөзбен жеткізіп айта алмаймын. ең бастысы, шүкір дейін,

бостандыққа шықтым. Алдымнан шыққан ешкім жоқ, бала-

ларым болса Ақтөбеде, анам аурушаң болып қалған, күйеуім

мен істі болған күннен-ақ қол үзген, баяғы дос-жаран да

алыстаған, сотталған жан кімге керек дейсің. Темір тордың

ар жағынан далаға шыққанда, таза ауаны жұтып, аспанға

тесіле қарап, ұза-а-ақ тұрып қалдым да, сенімсіз қадаммен

қалаға бет алдым. Қалтамда кілтім бар, үйге жеткенше

асықтым.

о, тоба, баяғыда мен машинадан түсіп жатқанымда,

жүгіріп келіп, қал- жағдайымды сұрап амандасып жататын

көршілерім бұл жолы мені көріп, бір-біріне сыбыр-сыбыр

етіп, теріс айналды. есікті ашып, ішке кірдім. Әйелі жоқ,

иесіз қалған үйдің іші астан-кестең. Телефон істемейді,

телевизор көрсетпейді, дел-сал болып біраз уақыт оты-

рып қалдым да, сыртқа шықтым. Көшенің қарсы бетіндегі

дүкенге барып, сол жерден достарыма, ағайын- туысқа

қоңырау шалып едім, даусымды естіп қуанған ешкім бол-

мады, тіпті менімен сөйлескілері де келмеді. Қалтамда аз

ғана қаражат бар еді, дүкеннен аз-маз азық-түлік, бір жар-

ты алып, ас бөлмеге кіріп, өз-өзіме дастархан әзірлеп жатыр

едім, есік қағылып, үйге бейтаныс ер адам кіріп келді. Шы-

нымды айтсам, мен алғашқыда қорқып кеттім

– Жәмила, сәлеметсіз бе, таң қалып тұрсыз ба? мен

рәзияның ағасы Тұрсынмын. Сізді арнайы Қарағандыдан

іздеп келіп едім.

мен есімді тез жидым

– рәзия қалай, тәуір болды ма?

– Жәмила, рәзияны апармаған жеріміз жоқ, дәрігерлер

де, емшілер де емін таба алмады. Қайран, қарындасым,

сандырақтап жатып, сенің атыңды сан мәрте айтатын. Бірде

есін жиғанда маған аманат сөзін айтып еді, сол үшін келіп

тұрмын.

–Аға, бір өтінішім, қолыңыздан келгенше Жәмила

тәтеге көмектесіңіз, ол жақсы адам. Біз бір камерада 13 әйел

болдық, кезектесіп ұйықтайтынбыз, мен қатты ауырғанда

Жәмила тәте мені арқасына салып, болмаса, бауырына ба-

сып, балаша әлпештеп, мені ән айтып ұйықтататын. Аға, бар

тілегім – ол кісіні Жауғаштыға іздеп барыңыз.

Қарындасымның қайғысы қабырғама қатты батты, қосақ

арасында босқа күйіп кеткен ботамның соңғы сөздерін

есімнен шығара алмадым, өзіңізді іздеп Жауғаштыға да

бардым, бостандыққа шыққан екенсіз, сол жерден мекен-

жайыңызды алып, келіп тұрғаным осы.

Сол күні рәзияның ағасы маған көп қаражат берді,

құжаттарыма көмектесті және Ақтөбеге қарай ұшаққа билет

те алдық.

– Жәмила, ауылыңызда асықпай бір айдай уақыт болыңыз,

ал мына үйдің кілтін маған тастап кетіңіз, қыздарыңызбен

келгенде мен сізді өзім күтіп аламын.

Қашанда ойымыз жақсылықтан көрі жамандыққа ауып

тұрады ғой. Тұрсын маратұлы үйдің кілтін сұрағанда

бір түрлі секемденіп қалдым, бірақ ауылға кеткім келіп

тұрғандықтан, үйдің кілттерін «ләм» деместен, қолына

ұстата салдым. Сол сәтте маған ешнәрсенің қажеті жоқтай,

көңілім құлазып тұр еді. Көп созып қайтейін, сонымен

мен ауылға аттандым. Тура бір ай болғанда қыздарыммен

Алматыға оралдым, бізді ұшақтан Тұрсын маратұлы

күтіп алды. Өздерін күтіп тұрған бөтен жанды көрген

қыздарым алғашқыда тосырқап қалды. мен мән-жайды,  ол кісінің қарындасы рәзиямен бірге Жауғаштыда өткізген

күндерімді, бәрін-бәрін айтып бердім. Әуежайдан үйге де

келдік, сенсеңіз сыртқы есіктен бастап, үйдің ішін де таны-

май қалдық, күрделі жөндеу жүргізілген. Қымбат жиһаздар,

үлбіреген перделер, ыдыс-аяққа дейін жаңарып, жаңғырып,

жарқырап тұр. Айтарға сөзіміз жоқ. Тұрсын маратұлына

кілтті берер алдындағы арам ойымнан өзім ұялып кеттім.

Арада көп уақыт өтпей, дастархан мәзірі де дайын болды.

Ас үстінде Тұрсын маратұлы жақсы тілектер тілеп тұрып,

енді менің мемлекеттік мекемеде біраз уақытқа дейін

қызмет істей алмайтынымды айтып, жеке кәсіппен айналы-

суыма бағыт-бағдар берді. менің айтайын дегенім, жалпы

әйел затына ғана емес, әр адамға бір-бірінің жан-жылуы,

қамқорлығы керек, қазақтың жауы қазақ болмай, қазақтың

қорғаны қазақ болуы керек.

мен сөйлеп отырмын, әңгімемнің аяғы бітпестен бәрін

үнсіз ғана тыңдап, жазып отырған журналист Әсел жанары-

на үйірілген жасын тыя алмай, есіктен шығып кетті. ол жаза

ма, жазбай ма, онда шаруам жоқ, бұл қазақта жігіттер бар нар

қасқа деп Төлеген Айбергенов жырлағандай, ел-жұрттың,

ағайын-туыстың қамын ойлаған Тұрсын маратұлы

сияқты азаматтардың көп болуын тіледім. Әжем үнемі «бір

жамандықтың бір жақсылығы болады» деп айтып отырушы

еді. Тіпті, темір тордың ар жағында өткізген 4 жыл, 8 айыма

да риза сияқтымын. ол жаққа бармасам, рәзияны көрмесем,

Тұрсын маратұлымен мына өмірде кездеспей, қамқорлығын

көрмей, жан-жылуын сезінбей, өмірден өтерім де мүмкін

еді-ау. ризамын саған, тағдырым, Тұрсын маратұлынсыз

өткерген күндеріме өкініп, онымен кездескеннен кейінгі өзі

жоқ күндерде де көп мұңайып жүрмін.

Өмір атты айдында ескексіз қайықтай болып, қалтылдап

қалған менің өмір жолымда кездесіп жарық сәуле шашқаның

үшін Аллаға сан мың алғыс айтамын өзіңмен өткеретін

мұңлы күндеріме де ризамын!

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052