Сенбі, 19 Сәуір 2025
Билік 6812 0 пікір 3 Шілде, 2014 сағат 10:41

Елбасы Назарбаев орталығының жаңа ғимаратында болды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа ғимаратты аралап көрді, сондай-ақ «Назарбаев орталығы» көпфункциялы ғылыми-талдау және гуманитарлық-ағарту мемлекеттік мекемесінің базасында құрылған Тұңғыш Президент кітапханасының жұмысымен танысты деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

«Кітапхана қоры 20 мың еңбекті қамтиды. Мекеме Президентке сыйға тартылған экспонаттарды жинақтаумен де айналысады. Қазіргі күні мемлекет басшыларының және олардың ресми өкілдерінің сыйлықтарын, өнер туындылары мен тарихи жәдігерліктерді қосқанда, Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке коллекциясынан алынған 500 экспонат бар», - делінген хабарламада.

Ғимаратта көшпелілер мен дала төсіндегі қалалардың сан ғасырлық тарихында қалыптасқан қазақ халқының философиясын танытатын «Мәңгілік ел» галереясы орналасқан.

Мемлекет басшыларының мұндай орталықтары, кітапханалары мен қорлары әлемдік тәжірибеде, атап айтқанда, АҚШ-та, Францияда, Түркияда және басқа елдерде бар. Олардың басты міндеті ел басшыларының жеке мұрағатын жинақтау және жүйелеу болып саналады. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2033
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4889
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4087