Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 6139 0 пікір 3 Шілде, 2014 сағат 10:14

Жаңа әкім - Қуаныш Қашқымбаев

Алматы қалалық баспасөз қызметінің хабарлауынша жаңа құрылған Наурызбай ауданының аумағы 23 200 гектар. 

«Қалаға соңғы кездері қосылған 23 200 га. аумақ барысында тұрғындар саны да артты, тек ресми мәлімет бойынша ғана 1 млн. 665 мың адамға жетіп отыр. Біз Қазақстан Президентіне қалада жаңа аудан құру туралы ұсыныс жіберген болатынбыз. Мемлекет басшысы біздің бастамамызды қолдады. Наурызбай ауданы қалаға көптеген игі істерді жүзеге асыруға ықпал ететін болады», - деді Ахметжан Есімов.

Наурызбай батыр есімін иеленген аудан аумағының жері 6 976 га. Оған Әуезов ауданының бір бөлігі қосылған. Ресми мәлімет бойынша аудан тұрғындарының саны 157 мың адам.

Қалалық Мәслихаттың шешімімен Наурызбай ауданының әкімі болып Қуаныш Қашқымбаев тағайындалды, ол бұған дейін Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасын басқарған.

Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов көпшілікке Наурызбай ауданының жаңа басшысын таныстырды. Қала басшысы қалаға жаңа аумақтардың қосылуы жөнінде бастама көтерген құқық қорғау құрылымдары екендігін, олардың Алматы облысында орын алған бірқатар терактілерге алаңдаушылық білдіргендіктерін жеткізді.

Қала әкімі жаңа ауданның пайда болуы қала аумағында жедел басқаруды қамтамасыз етіп, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге жол ашатындығын айтты.

«Қалаға қосылған аумақты дамытуға 3,3 млрд. теңге бөлінді, оның 1 млрд. теңгесі жол салу мен оларды жөндеуге жұмсалатын болады. Үлкен жұмыстар күтіп тұр, оның барлығы қалалықтардың жақсы өмір сүруіне бағытталады», - деді Ахметжан Есімов.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3604