Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3571 0 пікір 7 Мамыр, 2010 сағат 07:05

Обаманың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі арнайы өкілі Астанаға сапармен келеді

Астана. 7 мамыр. ҚазТАГ - ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы, ҚР мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың шақыртуымен 7-ші мамырда Астанаға АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі арнайы көмекшісі және Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Ресей мен Еуразия бөлімінің директоры Майкл Макфол Астанаға сапармен келеді.

Бұл туралы жұма күні АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарда айтылғандай, М. Макфол жұмыс сапармен болып қайтқан Қырғызстандағы ағымдағы ахуал туралы пікір алмасу болады.

М. Макфол АҚШ-тың сыртқы саясаты, ресей-американ қарым-қатынасы, посткеңестік кеңістіктегі саяси және экономикалық реформалар, сондай-ақ демократияны алға жылжыту бойынша сарапшы болып табылады. Ол көптеген кітаптардың, оның ішінде «Революция в оранжевых тонах: истоки украинского демократического прорыва» («Сарғылт түсті революция: украиналық демократиялық серпілістің көзі»), «Между диктатурой и демократией: посткоммунистические политические реформы в России» («Демократия мен диктатура арасында: Ресейдегі посткоммунистік саяси реформалар»), «Когда коммунизм пал: сравнительные уроки переходных периодов» («Коммунизм құлағанда: өтпелі кезеңдердің салыстырмалы сабақтары») және басқа да кітаптардың авторы.

М. Макфол - халықаралық қатынастар мен славян тілдері және әдебиетінің бакалавры. 1986 жылы Стэнфорд университетінің ресейлік және шығысеуропалық зерттеулер магистрі дәрежесін алды. Оған Родос стипендиясы тағайындалып, ол өзінің докторантурадағы оқуын 1991 жылы Оксфорд университетінде аяқтады.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 929
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2415
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 639
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 622