Сенбі, 23 Қараша 2024
Өз сөзі 9126 0 пікір 11 Маусым, 2014 сағат 17:35

МҮСІЛІМ ҚҰМАРБЕКҰЛЫ. БҰЛ НЕ МАСҚАРА!

Суретте: жазушы Оралхан Бөкей

Жас ақын Азамат Тасқараның «Оралхан Бөкейдің өміріндегі… біз білмейтін құпия…» атты мақаласы 4 маусым күні «Қазақ үні» газетінде жарық көрген еді.
Мақалада автор жазушы Оралхан Бөкей өмірінің біз білмейтін құпиясы деп жазушының алғашқы жұбайы Айманның өлімі жайлы жазушы Мүсілім Құмарбекұлының айтқанын келтірген. Мақаланың толық нұсқасын «Қазақ үні» газетінің сайтынан мына сілтеме арқылы оқи аласыздар: http://www.qazaquni.kz/%D0%BE%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%85%D0%B0%D0%BD-%D0%B1%D3%A9%D0%BA%D0%B5%D0%B9%D0%B4%D1%96%D2%A3-%D0%B1%D1%96%D0%B7-%D0%B1%D1%96%D0%BB%D0%BC%D0%B5%D0%B9%D1%82%D1%96%D0%BD-%D3%A9%D0%BC%D1%96%D1%80%D1%96/

Редакциямызға жоғарыда аталған мақалада Оралхан Бөкей өмірінің құпиясын айтушы ретінде көрсетілген Мүсілім Құмарбекұлынан қарсы мақала келіп түсті.

Төменде материалды толық жариялап отырмыз.

Abai.kz

1-сурет: ақын Азамат Тасқара. 2-сурет: жазушы Мүсілім Құмарбекұлы

"Оралхан Бөкейдің өмірдегі... біз білмейтін құпиясы...". Осыған ұялмай менің «сөзімді» келтіргенің есімнен тандырды. Мен саған өмірі телефон шалып көрдім бе? Операторың менің үйіме қашан келіп жүр? Сен кино түсірсең мен неге түтінді будақтатып, өлген адамға ашулана «оқ» атуым, бұлайша неге кінәлауым керек, бөлісе алмағаным бар ма екен?

«Менің осы үйімде тұрды» дегізіпсің. Бұл үйде тұрған жоқ. Оралхан үйленген соң төрт жылдан кейін мен үйлендім. Өзі тірі тұрғанда оның шығармаларын «Лениншіл жасқа» мен неге жолдаймын?

«Оралхан курортқа кетіп, сол жақтан Айманға қоңырау шалып, өзі келгенше үйді босатуын бұйырған. Айман оны қатты сүйетін. Айтқан ауыр сөзіне шыдамай, өз үйлерінің қарсы бетінде салынып жатқан биік пәтердің тоғызыншы қабатынан секіріп кеткен. Мен осы жайды Оралханға ешқашан кешірмеймін».

Баяғыда бақилық болған жанды кешірмейтін құдай мен бе екенмін? Жалпы қазақ өлікке оқ атқан емес! «Айман жетінші қабаттан құлап өлді» дегенді естіген соң Оралханмен араласқаным жоқ» дегенім рас. Өтірікті қисынды жазған жөн ғой. Ал шындық болса, операторың жазған екен, сонымен дәлелдеп көр.

Оқырманнан және менен кешірім сұрамасаң заң алдында сөйлесуге тура келер...

Қазақстанның құрметті журналисі, жазушы Мүсілім Құмарбекұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450