Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 4750 0 пікір 28 Мамыр, 2014 сағат 10:53

СИРИЯДА ЖИҺАД ЖАСАҒАН АЛМАТЫЛЫҚ СОТТАЛДЫ

Алматы тұрғыны Сириядағы лаңкестік әрекетке қатысқаны үшін 7 жылға сотталды. Үкімді кеше Алмалы аудандық сотының судьясы шығарды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешіметке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Сот үкімі бойынша  Алматы тұрғыны Кәміл Абдуллинге ҚР ҚК 233-2-бабының 2-тармағы (лаңкестік топты құру, басқару, қатысу), 233-1-бабының 2-тармағы бойынша (лаңкестік пен экстремизмге ашықтан-ашық үндеу), 164-бабының 2-тармағы бойынша (әлеуметтік, ұлттық, діни тұрғыдан араздық тудыру) кінәлі деп айып тағылып, оған жалпы режимдегі колонияда 7 жыл көлемінде жаза кесілді.

Сот отырысы барысында айтылған мемлекеттік айыптаушының сөзі бойынша Кәміл Абдуллин 2013 жылдың мамыр айының соңында Сириядағы жихадқа қатысқан. 2013 жылдың 1 маусымында Түрік-Сирия шекарасындағы Алеппо қаласындағы белсенді қарулы қақтығыстарға қатысқан. «Абузар» лақап атын жамылған ол «Ескі Түркістан» моноұлттық лаңкестік топтың құрамына жұмыс істеген. Осы жерде жүріп әскери дайындықтан өтіп, қаруды қалай қолдануға машықтанған.  Прокурорлардың айтуынша, аталған радикалды топтың мүшесі бола жүріп, ол жоғарыда өзіне тағылған қылмыстардың бәрін жасаған.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2061